pbl технологиясы

Коучингтің тақырыбы: PBL технологиясы
Проблемалық оқытудың ең маңызды шарты оқушылар арасында белсенді қарым – қатынасты орнатып, мәселелерді жан-жақты үйрену және тіршілікке қабілетті шешімдерді шешу
Жоғары және одан кейінгі білім беру мекемелеріндегі негізгі қағида жоғары деңгейдегі мамандар даярлау мен оқу процесін инновациялық түрде дамыту ісін жүзеге асыру болып табылады. Қазіргі кезде әлемде білім беру процесін инновациялық дамытуға арналған бірнеше оқыту технологиялары бар. Солардың ішінен бірегейі проблемаға бағытталған оқыту технологиясы (Problem-based Learning) болып табылады.
Проблемалық оқыту – мәні проблемалық ситуация туғызу мен оқушылардың оқу проблемасын дербес шешулері бойынша іс-әрекеттерін басқару болып табылатын оқыту түрі. Проблема деп шешілуі оқушылардан білім алу үшін белгілі әрекеттерді талап ететін есептердің, тапсырмаларын, теориялық немесе тәжірибелік мәселелердің әртүрлілігін түсінуге болады.
Проблемалап оқыту әдісін жүргізу дидактиканың заңдылықтарына байланысты мынадай кезеңдерге бөлінеді:
1.Проблемалық ахуалдар туғызу жолын алдын ала дайындау.
2.Проблемалық сұрақтарды грамматикалық және стилистикалық жағынан дұрыс құру.
3.Проблемалық мәселелерді шешу амалдарын күні бұрын дәл белгілеу.
4.Проблемалық сұрақтардың теориялық анықтамасын заңды түрде дәлелдеу.

PBL технологиясының мақсаты:
Проблемалық оқытудың ең негізгі мақсаты-қазіргі заманғы ғылым жетістіктеріне сүйене отырып, продуктивтік және творчестволық оқу процесінің логикалық жолдарын баяндау.Проблемалық оқытудың ерекшелігі мұнда мұғалім білімді дайын түрде баяндап бермейді, оқушылардың алдына проблемалық міндет қояды. Шешімді және шешу құралдарын оқушы өзі іздестіруі тиіс.

PBL технологиясының міндеттері:
Мұғалімнің проблемалық оқыту процесінің ұйымдастыруының негізгі тәсілдері мен формаларын көрсету, оқытудың ғылымилық дәрежесін жоғарылатып, оқушылардың неғұрлым тиімді жалпы дамуына жағдай тудыру.

PBL технологиясын оқытудың негізгі ерекшеліктері:
• Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттырады;
• Оқу еңбегіне қызығушылығын арттырады;
• Оларды өздігінен саналы жұмыс істеуге үйретеді;
• Берік білімге, оқытудың жоғары нәтижесіне жеткізеді;
• Оқушылардың білім жүйелері мен ақыл-ой және практикалық қызметтәсілдерін меңгертеді;
• Танымдық дербестігі мен шығармашылық қабілеттерін дамытады;
• Оқушылардың өз бетінше ойлау қабілеттерін дамытады.

PBL технологиясының әдістері:

• FILA диаграммасы
• Фишбоун әдісі
• Мозаика әдісі
• РАФТәдісі
• Дискуссия әдісі

PBL(problem based learning–мәселеге-бейімдеп оқыту) әдісі
– қойылған мәселемен өзбетінше
жұмыс істеу нәтижесінде студент
әртүрлі пәндер бойынша компетенттілік
құрылымдарын игеретін оқыту әдісі
PBL өзіндік білім беру стилінде педагогикалық стратегияны немесе ерекше идеологияны көрсетеді, әлемдік ақпараттық ресурстарға негізделген, дәлелденген барынша пайдалану кезінде нақты өмірлік ситуациялар материалдарды игерген терең, белсенді, тұрақты түрде игеруге мүмкіндік береді
Проблемалық оқыту әдісін пайдалану студенттердің төмендегідей дағдыларды игеруін болжайды, олар:
Командамен жұмыс;
Топқа жетекші болу арқылы көшбасшылық қасиетті меңгеру;
Пікірсайысқа белсенді қатысу және тыңдай білуге үйрену;
Бірлесіп жұмыс істеу және өзара іс-әрекет, көзқараспен пікір алмасу;
Әріптес қөзқарасына сыйластықпен қарау;
Әдебиеттерге сыни баға беру;
Ресурстарды пайдаланып, оны мақсатқа бағыттап үйрену;
Презентация жасау дағдыларын игеру

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *