Ашық сабақ “Отбасы”

Жумалиева Айнур Есенбулатовна

Сабақтың тақырыбы: Отбасы

Сабақтың мақсаты: Баланың отбасы туралы түсінігін кеңейту.

Отбасы мүшелерін анық атауға үйрету.

Түзеу мақсаты: Ойлау, көріп есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Көрнекілігі: отбасы мүшелерінің суреттері, шалқан ертегісі, слайд

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі
  • Оқушылармен амандасу
  • Назарларын сабаққа аудару
  1. Қайталау сабағы
  • Балалар қазір мен сендерге суреттер көрсетемін.Сол суретте кімдер бейнеленгенің айтындаршы.
  • Ата, әже, әке, ана, апа,бала
  • Бұларды бір сөзбен кімдер деп атаймыз?
  • Отбасы мүшелері
  • Жарайсыңдар балалар!

Олай болса балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Отбасы» деп аталады. Бүгін біздер «Шалқан» ертегі желісімен отбасы тақырыбына байланысты әртүрлі тапсырмалар орындаймыз.

  • Тапсырма орындауға дайынсыңдарма?

Ертеде бір атай болыпты. Атай шалқан егіпті. Шалқан үлкен болып өсіпті. Атай шалқанды жерден суырып алмақ болып тартса, шалқанды тартып суыра алмапты. Атай көмекке әжейді шақырады.

1 – тапсырма. (Әжейдің тапсырмасы) Отбасы мүшелерін дұрыс орналастыр.

Шарты: Үйдің үлкенінен бастап отбасы мүшелерін рет- ретімен орналастыру.

Ата, әже, әке, ана, қыз, іні

Әжей  атайдың белінен  ұстап шалқанды әрі тартады, бері тартады бірақ тарта алмайды. Әжей көмекке қызын шақырады.

2 –тапсырма: (Қыздың тапсырмасы) «Кім жоғалды?» ойыны

Шарты: Тақтаға отбасы мүшелерінің суреттері ілінеді. Мұғалім бір отбасы мүшесін жасырып тастайды. Ал балалар жоғалған суретті тауып, кім жоғалғаның атау керек.

Қыз әжейдің белінен ұстап шалқанды әрі тартады, бері тартады, бірақта тарта алмайды. Қыз көмекке күшікті  шақырады.

3 – тапсырма (күшіктің тапсырмасы)

Саусақ жаттығуы

Бір үйде біз нешеуміз?

Кел санайық екеуміз

Бас бармағым – атам

Балан үйрек – әжем

Ортан терек – әкем

Шылдыр шүмек  – анам

Титтей бөбек – өзім

Бір үйде біз бесеуміз

Күшік қыздың  белінен ұстап шалқанды әрі тартады, бері тартады, бірақта тарта алмайды. Күшік көмекке мысықты шақырады.

4 – тапсырма (мысықтың  тапсырмасы) «Кімге не қажет?»

Шарты: Отбасы мүшелерін қажет заттарды тауып сәйкестендіріп атау

Атаға   – көзілдірік, газет, әжеге – жіп, қайшы, орамал,  әкеге – балға, шеге, қысқыш, анаға – алжапқыш, ыдыс, апаға – кітап, компьютер,қалам,  балаға – машина, доп.

Мысық күшіктін   белінен ұстап шалқанды әрі тартады, бері тартады, бірақта тарта алмайды. Мысық көмекке тышқанды  шақырады.

5 – тапсырма (тышқанның тапсырмасы)

Балалар бізге енді тышқан келе жатыр. Тышқанның тапсырмасын орындау үшін «Шалқан» ертегісінің кейіпкерлерін ретімен орналастыруымыз керек.

III. Қорытынды:

Балалар бүгінгі «Шалқан» ертегісі ұнадыма?

Сабақ аяқталды, сау болыңдар.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *