Ұстаз мәртебесі қашан да биік!

дің болмасын өсіп өркендеуі өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы — оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. Заманның даму барысы бұрын болып көрмегендей қарқын алып, алға қарай қарышты қадам жасауда. Соған сай қоғам өмірінің барлық салалары бойынша өмірге келер жаңалықтар кезек күттірмейтін дүниеге есігін ашып, өздерінің талаптарын қойса, экономикалық түбірлі өзгерістер — Қазақстан ғылымы алдына аса зор ауқымды міндеттер қойып отыр.
Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамда сапалы және терең білім мен іскерліктің болуын, ойлау қабілетінің жоғары, шығармашылықпен жұмыс істеуін талап етеді . Болашақ ұрпаққа білім берудің іргетасы, ұлттық ғылым мен мәдениет бастауы – ауыл мектептері болғандықтан үздіксіз білім беру жүйесінің дамып жетілуі де сол ауыл мектебіне байланысты. Сондықтан ауыл мектебіндегі басшылығым жайындағы жұмыстарымды жарияламақшымын.
Жалпы білім беру ісін зерттеу бір сәтке тоқтап көрген емес. Жаңа ғасырдың жасаушыларын білімді, қабілетті, дербес, адамзатқа тән асыл өнер мен имандылықты бойына жиған жеке тұлғалар болып қалыптастыру – білім беру жүйесінің зор мақсаты. Білім саласындағы реформаның жаңару мен жаңғырудың куәсі болып қана қоймай, қолдаушысы да, сынаушысы да, белсенді жауынгері болу ұстаз қауымының парызы. Егеменді елімізді дүние жүзі елдерімен терезесі тең болатын дәрежеде өркендететін, негізгі тұтқасын ұстайтын, дүние әлемін шарлайтын біздің дарынды да қабілетті ұландарымыз екенін ұмытпайық. Олардың бойындағы дарынын қабілетін дамыту ұстаздар қауымының міндеті.

 

Абай
басты
РЕСУРС
ретінде
Ең керемет ресурс – АДАМ!

 

Ал Абай отыз бірінші қара сөзінде есте сақтаудың мынадай тәсілдерін ұсынады:
«Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар:
әуелі — көкірегі байлаулы берік болмақ керек;
екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек;
үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек;
төртінші — ой кеселі нәрселерден қашық болу керек.
Абай:
— «Адам ақылсыздығынан азбайды, ақылдының сөзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат, байлаулылық жоқтығынан азады»;
— «Көңілсіз құлақ, ойға олақ».

Абай: «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат,
нұрлы ақыл, жылы жүрек».
Нұрлы ақыл – ТЕОРИЯ,
Ыстық қайрат – ПРАКТИКА
Жүрек — жылы жүрек!
(баланы жақсы көру, жанын түсіну)

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *