Сап және оларды басқару
1. Сап және оның элементтері.
2. Алдын ала берілетін және орындалатын пәрмендер.
3. Саптағы әскери қызметшінің сапқа тұрар алдындағы және саптағы міндеттері. 4. Сәлемдесуге орнында тұрып жауап беру.
1) Сап және оның элементтері
Сап – әскери қызметшілердің, бөлімшелердің және бөлімдердің Жарғымен белгіленген өзара іс – қимыл жасаулары үшін жаяу тәртіптегі орналасуы.
ә) Сап бірнеше элементтерден тұрады.
Қатар – қатарда белгіленген бір сызық бойында әскери қызметшілердің біреуі екіншісінің қасында орналасқан сап.