Оқу үрдісіне ағылшын тілінде білім беруді енгізу және қолдану

Оқу үрдісіне ағылшын тілінде білім беруді енгізу және қолдану

Талғар агробизнес және менеджмент колледжі

Арнайы пәндер оқытушысы

Атамкулова Асель Артыгалиевна

 

Білім берудегі мақсат тек білімді кәсіби мамандандырылған адам дайындау ғана емес, рухани дүниесі бай және адамгершілігі зор, қоғамдық өмірдің барлық аясында ұлттық құндылықтарды бағалауға және дамытуға қабілетті тұлғаны қалыптастыру керек. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2011 жылғы Қазақстан халқына жолдауында «Мен қазіргі заманғы қазақстандықтар үшін үш тілді білу әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты еккендігін айтып келемін. Сондықтан 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін тұрғындар саны кемінде 20 пайызды құрауы тиіс деп есептеймін» – деді.

Көп тілді білім берудің басты мақсаты – білім алушылардың жеке қабілеттерін көптілді дамытуды қамтамасыздандыратын жағдай жасау, көп тілді меңгерген, өзін-өзі әлеуметтік және кәсіби билеуге, өздігінен дамуға, өздігінен жетілуге қабілетті тұлға қалыптастыру. Бүгінде елімізде ағылшын тілді мамандарды даярлау ісіне ерекше мән берілуде.

Олай болса, білім алушыларды ең алдымен ағылшын тіліне деген қызығушылығын дамытуды көздеу керек.

Еліміздің болашағы –  жас ұрпақ. Жас ұрпақты оқытуда білім беру үрдісі мен оқытушы үлкен рөл атқарады, яғни сабақтың өтілу барысы, оқытушының жеке білімінен бастап, оның қолданатын сабақты ұйымдастыруы, сабақ беру әдістері мен формалары, құралдары.  Сондай-ақ қазіргі кезде оқытушының кәсіби шеберлігін арттыру арқылы білім сапасын жоғарлату, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындап шығару, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту  –  еліміздің білім беру саласындағы басты стратегияларының бірі. Сол мақсатта дәл ағымдағы уақытта біз «Арнайы пәндерді ағылшын тілінде оқыту әдістемесі мен ерекшеліктері» тақырыбындағы курсында біліктілікті арттырудамыз. Біздің мақсатымыз сабақтың әдістемелік әзірлемесін құру, сол әзірлеме бойынша ағылшын тілінде сабақты жүргізе отырып, арнайы пәндерді де, ағылшын тілін де меңгерту.

Оқу үрдісіне ағылшын тілі арқылы оқытуды енгізу үшін ең алдымен, шет тілін оқыту процесінде тілді дұрыс үйрету, ауызша сөйлеу, сауатты жазу, мәнерлеп оқыту өте маңызды.

Шетел тілін оқытудағы білімділік мақсаты – шетел тілінде сөйлеуді үйрету, байланыста бола алу мен ортақ тіл табысып, қарым-қатынасты нығайтуға ұмтылу болса, тәрбиелік мақсаты – өзге адамдарды тыңдау мәдениетін қалыптастыру негізінде өз пікірін айта алу және қорғауға үйрету.

Қазіргі кезде оқытушыларға қойылып отырған талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып сапалы терең білім беру, студенттердің ойлау, есте сақтау көру қабілеттерін жетілдіру. Жаңа технологиялар арқылы оқыту шет тілін үйренудің сапасы мен маңызын арттырады.

Дамыған нарықтық қоғамдағы білім беру саласында көптеген жаңа технологиялар пайда болып, әртүрлі оқыту әдістері мен құралдары пайда болды. Қазақ ағартушыларынан Ыбырай, Шоқан аталарымыздан қалған, күні бүгінге жалғасын тауып келген білім беру саласындағы өзгерместей басты мақсаттардың бірі – ол жаңа тақырыпты, жаңа білімді білім алушыларға жеткізу, түсіндіру.

Сабақ – оқыту формасының жетекші түрі.  Ал оқытудың формасы –  педагогикалық процестің бір компоненті, ол технологиялық блоктың, педагогикалық қарым-қатынастың тәсілі, формасы, әдісі, жолдары.

Оқыту формасының әр түрлерінде сабақ, практикалық және лабораториялық сабақтар, оқу экскурсиясы, дәріс, семинар, өндірістік практика, үй тапсырмасы және т.б. оқыту әдістерін тиімді пайдаланып, оқыту міндеттерін шешуіміз керек.

Ағылшын тілін практикалық тұрғыдан меңгертуде модульдік технология элементтерін оның ішінде танымдық ойындар мен шығармашылық жұмыстарды ұйымдастырудың маңызы зор.

Алайда, бізде қазақ және орыс тілдерін игеру сияқты ағылшын тілін үйрену, сондай-ақ осы тілде сабақ беруде көптеген кемшіліктер бар. Көп тілді білім беру жүйесі аясында білім саласындағы оқу-әдістемелік құралдар қайта қарастырылады. Себебі осы саладағы ағылшын тілін оқыту жұмысы әлемдік талапқа сай емес. Осыған байланысты келешекте осы мәселені шешу үшін нақты іс-шаралар өткізілу керек деп ойлаймын. Бұл мәселенің бүгінде мемлекеттік деңгейде талқыланып, білім реформалары аясында қарастырылып отырғандығы қуантады.

Қорыта айтатын болсам, оқу үрдісін ағылшын тілінде жүргізу бағдарламасы аясында үш тілді меңгеру тәжірибесін жинақтап, әлемдік деңгейде көтерілуіміз керек. Бұл студенттердің халықаралық жобаларға қатысуын кеңейту, шетелдік әріптестермен ғылыми байланыстарын нығайтуға, шетел тілдеріндегі ақпарат көздеріне қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Елдің ертеңі өресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарын өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны әлемдік озық ой-пікірімен ұштастырған сапалы білім мен тәрбие берілуі қажет.

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *