Үйшік
Мендыбаева Эльмира
4 жастан 5 жасқа дейінгі балаларды орта тобы үшін ұйымдастырылған
оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Өтілетін күні, айы, жылы: 10.12.2020 ж.
Апта күні: Бейсенбі
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта, Қатынас, Денсаулық, Шығармашылық,Таным.
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекет түрі: Кіріктірілген (Қоршаған орта, Тіл дамыту, Денешынықтыру, Сенсорика, Құрастыру)
Тақырыбы: «Түлкі мен қоян» орыс халық ертегісі
Мақсаты:
Білімділік міндеті: ертегілерді сахналау барысында кейіпкерлердің мінез – құлқын жеткізе білу дағдыларын үйретуді жалғастыру. Ауызекі сөйлей білуге, сұраққа толық жауап беруге, ертегі желісі бойынша тапсырмаларды дұрыс орындауды үйретуді жалғастыру.
Дамытушылық міндеті : Қоршаған ортаға деген көзқарастарын кеңейту танымдық белсенділіктерін арттыру. Балалардың оқу іс әрекетіне деген қызығушылығын ояту арқылы балалардың тіл байлығын, зейінін,ойлау, логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытуды жалғастыру.
Тәрбиелік міндеті: балаларды батырлыққа, өжеттілікке, адамгершілікке тәрбиелеу. Жануарларға деген сүйіспеншілік, жанашырлық сезімдерін ояту. Мейірімді болуға тәрбиелеу.
Қолданылатын әдіс – тәсілдер: Ертегі айту, сахналау, көрсету, ойын, түсіндіру, сұрақ жауап.
Қолданылатын көрнекі құралдар: слайдтар, үнтаспа, ойын барысында қолданылатын демонстрациялық материалдар.
Тілдің үш тұғырлығы: бір – один – one, екі – два – two, үш – три – three, төрт – четыре – four, бес – пять – five, көк – синий – blue, сары – желтый – yellow, қызыл – red – красный, жасыл – зеленый – green.
Оқу іс-әрекетінің
кезеңі
Педагогтің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық -қозғаушылық
Балалар бүгін көңіл – күйлерің қандай?
Балалар қазір жылдын қай мезгілі?
Бір аптада неше күн бар?
Қонаққа жылап қоян келеді. Сәлеметсіңдер ме балалар!
Айлакер түлкі менің ағаш үйімді тартып алды. Үйімді қайтаруға көмектесіндерші.
Балалар шеңберге тұрып,бір-бірлерімен амандасады.
Жақсы!!!
Бір аптада 7 күн бар.
Қоян саған не болды?
Әрине көмектесеміз.
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Біз орманға бармас бұрын орманда жүру ережесін еске түсірейік. Орманға біз сиқырлы ән арқылы барамыз. Ал кәнеки балалар «Ертегілер әлемі» әнің айтайық. Көзімізді жұмып 1-10 санайық.
Балалар қарандаршы қандай тамаша! «Көбелектерді гүлге қондыр» ойын
Таза ауа! Жерде көбелектерді алып ұшыртайық та әр көбелекті түсіне сәйкес гүлге қондырамы.
Балалар қоянға көмектесу үшін біз ертегіні сомдауымыз қажет.
Ал балалар
Автор: Бір хандықта ну орманның ішінде түлкі мен қоян дос болыпты. Олардың достығы сонша, тіпті олар екеуі бір – бірімен көрші болып тұруды ұйғарады. Содан түлкі өзіне мұздан, ал қоян ағаштан үй салады екен. Жылдар жылжып, күндер өтеді. Қыс өтіп көктем де келеді. Түлкінің мұздан жасалған үйі су болып еріп кетеді.
Түлкі қоянның үйіне кіріп алып, қоянды далаға қуып шығады. Қоян жылай бастайды. Сөйтіп қоян жылап отырғанда Ит кездеседі.
Түлкі: — Аха! Шықсам шығайын! Бірақ, менің тапсырмаларым бар
1 – ден 5 – ке дейін сандарды тура және кері санау. Үш тілде санау.
Геометриялық пішіндерді ата және түстерін үш тілде атау.
Ал түлкі бүкіл тапсырманы орындадық енді шығатын шығарсын.
Жоқ менің тағы тапсырмаларым бар.
Қоян одан да бетер жылай бастайды. Сөйтіп қоян жылап отырғанда Аю кездеседі.
Жүргізуші: Сөйтіп аю қоянның үйіне, қоянмен бірге еріп келеді.
Түлкі: менің тапсырмаларым бар сол тапсырманы орындандар.
Көзге жаттығу жасайық.
Д/О «Қоянға кім не сыйлады?»
Д/О «Санның көршісін тап» қандай сан жоқ, сол санды жазамыз.
Д/О «Заттарға сандарды сәйкестендір»
Қаян нешеу?
Алма нешеу?
Ал түлкі енді үйді босат, тапсырманы орындадық енді шығатын шығарсын
Жоқ менің тағы тапсырмаларым бар.
Қоян одан да қатты жылай бастайды
Қоян жылап отырғанда, оған Әтеш кездеседі.
Түлкі қорқып кетіп: «Қазір шығамын. Киініп жатырмын», — дейді..
Түлкі; менің тағы тапсырмаларым бар.
Д/О «Көленкесін тап»
Мына түлкі әтештен де қорқпайды екен. Ал түлкі босат кәне қоянның үйін.
Түлкі сасқалақтап: «Қазір-қазір!» -дейді.
Маған үй жасап беріндерші.
Балалар геометриялық пішіндерден үй жасап береді.
Сөйтіп түлкі қоян үйін босатып береді.
Сөйтіп қоян түлкінің кеткеніне қуанып, әтештерге рахметін айтады.
Қоян: Рахмет сендерге, сендер менің үйімнен түлкіні қуып жібердіңдер.
Қоянмен қоштасып. Тобымызға оралайық.
Орманда шулауға болмайды. Қоқыс тастауға болмайды, ағаштарды, бұтақтарды сындыруға болмайды. Орманда от жағуға болмайды.
Балалар «Ертегілер әлемі» әнің айтады.
1-10 санайды.
Ит:
Қоян, қоян! Не болды саған? Соншалықты қамығып кетіпсің ғой?
Қоян: — Қалай жыламаймын? Түлкінің мұз үйі еріп кетіп, менің жылы ағаш үйімді тартып алды.
Ит:— Сен Жылама! Мен саған көмектесемін. Мен ол оңбағанды қазір-ақ қуып шығам!— АВ АВ АВ! Әй, түлкі, шық қане! Босат, қоянның баспанасын!
Балалар бүкіл тапсырманы орындап шығады.
Аю:
— Қоян-ау, не болды? Сонша неге жылайсың?
Қоян: Жыламағанда қайтемін? Түлкінің мұз үйі еріп кетіп, менің жылы ағаш үйімді тартып алды.
Аю: — Жылама! Мен оны қуып шығамын.
Қоян:— Жо-оқ! Қуып шыға алмайсың. Итте қуып шыға алмады.
Аю:— Көресің, қуып шығамын.
— Түлкі, шық! Босат, қоянның үйін! — деп ақырады.
Әтеш: — КУ – КА – РЕ – КУ Қоян, қоян! Неге жылап отырсың? — деп сұрады.
— Жыламай қайтемін? Түлкінің мұз үйі еріп кетіп, менің жылы ағаш үйімді тартып алды.
— КУ – КА – РЕ – КУ, Сен Жылама! Мен оны қазір қуып шығамын! КУ – КА – РЕ – КУ,
— Жо-жоқ! Қуып шыға алмайсың! Итте қуды, қуа алмады. Аю қуды, қуа алмады. Сен де қуа алмайсың!
— Жүр, көрерсің! Қуамын!
Екеуі үйшік жанына келді. Әтеш қатты дауыстап өлең айта бастады.
— Шөп шабамын, шөп шабамын! Түлкіні іздеп табамын. Қоянның үйінен шықпаса, оны да шалғынша шабамын!— деп Әтеш қайта әндете бастайды
Рефлексиялық-түзетушілік
Бізге бүгін қонаққа не келді?
Қоянға не болды?
Қоянға қандай жануарлар көмектесті?
Бірінші қандай?
Түлкі қоянның үйін босаттыма?
Белсенді қатысқан балаларды мадақтау.
-қоян
-үйін түлкі тартып алды
-ит, аю, әтеш
-ит
-иә босатты
Күтілетін нәтиже:
Білуі тиіс: 1 – ден 5 – ке дейін тура және кері санай білу. Геометриялық пішіндерді білу және түстерді ажырату.
Болуы қажет: Түстер туралы ұғымы, түсінігі қалыптасады.
Жасай алады: Сандарды, геометриялық пішінді және түстерін ажыратады. Зейіні, есте сақтау қабілеттері артады, ой өрісі дамиды.