«Қаржылық сауат ашу» үйірме жұмысының жоспары

Құмарбекова  Ұлжалғас

Мазмұны:

 

  1.   Түсінік хат

 

  1.   Курстың мазмұны мен құрылымы

 

  1.   «Шебер қолдар» факультативінің бағдарламасы

 

  1. Тақырыптық күнтізбелік жоспар

 

  1.    Оқу процесіне қойылатын талаптар

 

  1. Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түсінік хат

Бүгінгі заман – бәсекелестік пен жоғары технологиялар заманы, ғылым мен білім заманы.  Сондықтан адамзат қиял жетпес ғажаптарға  қол созады. Қоғамымыздағы барлық азаматтардың адам баласының қол жеткізген жетістіктерін пайдалануға құқы бар. Жеке тұлғаның жан-жақты дамуына қажетті, бұл объективті жағдай біздің еліміздегі эстетикалық тәрбиенің әлеуметтік факторы болып табылады.  Біздің елімізде эстетикалық тәрбиеге деген ықылас жылдан жылға артып келеді. Ересектер мен балалар  эстетикалық құбылыстармен үнемі бетпе-бет кездеседі. Адамның рухани өмірінде, күнделікті еңбегінде, көркемөнермен қарым-қатынастарда барлығында әдемілік елеулі рөл атқарады.

Ұсынылып отырған факультатив жұмысының жоспары 5-6 сыныптарға Көркем еңбек пәнінен алған білімдерін пайдалана отырып сәндік заттарды қолмен жасай отырып,  өмірде пайдалана білуге арналған.

 

Мақсаты:

Техника мен технология саласында білім алушылардың заманауи өндірісінде алған білім жүйесінің нәтижелігіне бағытталған функционалдық сауаттылығын қамтамасыз ету, технологиялық ойлау қабілетін, орындаған жұмысына шығармашылық көзқараспен қарауын дамыту.

Кез келген халықтың мәдениетін алға тартушысы – халықтың қолөнері. Сондықтан білім алушылардың білімін және еңбек дағдысын қалыптастыру мақсатында, сабақтарда халықтардың және ұлттардың мыңдаған жылдық қолөнерін қолдануға және үйретуге көңіл аудару қажет.

Сабақтың, сабақтан тыс іс-шаралардың тәрбиелік мақсатын «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен ұштастырып жүзеге асыру ұсынылады.

Оқушылардың әр түрлі бұйымдар жасау арқылы шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытып, көркем-эстетикалық біліктілігін қалыптастыру. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, жетістіктерін бағалап көрсету.  Көркемдік материалды, техниканы таңдап алынған құралдардың ерекшеліктерін ескере отырып пайдалану, тәжірибеде қолдану.

Оқушылардың нәтижелерін жақсарту үшін жаңа идеялармен тәжірибелер жүргізу, оларды дамыту, түрлі әдістерді қолдану. Түрлі тапсырмалар орындау барысында салыстыру, талдау қорытынды жасау, өз пікірлерін дәлелдеуге дағдыландыру.

 

Міндеттері:

  • қабілет-қарымын дамытып, өздігінен ықыластылық, талпыныс қызығушылық танытуға дағдыландыру;
  • оқушыларды өздігінен еңбек етуге баулу;
  • өз жұмысындағы шығармашылық шешімдерге сипаттама беруді;
  • шеберлердің туындыларына талдау жасауға үйрету;
  • орындалған жұмыстың сапасы мен қасиетін сыни тұрғыда анализдеуді (коммуникативтік дағды) біледі;
  • шығармашылық идеяларын дамыту үшін түрлі ақпарат көздерін қолдана білулерін;
  • техника қауіпсіздік ережесін және санитарлық – гигиена нормаларын орындау.

Күтілетін нәтиже:

 

  • материалды тиянақты меңгеріп, ой өрістері кеңейтіледі;
  • шығармашылық қабілеттерін, креативті және ерекше шешімдерін көрсетеді;
  • өзінің және басқа оқушылардың жұмыстарын қарастыру барысында бағалау дағдыларын дамытады;
  • алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне сүйене отырып, қол еңбегі жұмыстары барысында қолданылған құрал-саймандарымен жұмыс жасау  қабілеттерін  арттырады;
  • өздерінің жеке жұмыстарын жасай алады;
  • шешімінің өзгешелігін, ой сонылығын, шығармашылық қабілетін көрсетеді;
  • өз жұмысы мен оқушылардың жұмысын талдай алады.

Курсты  жүзеге асыру формалары:

Жұмыс барысында оқушылар ұсынылған мәліметтер арасынан ең қажеттілерін таңдап алып, қосымша материалдарды жинақтау арқылы курс бойынша құрастырылған жұмыс дәптерін толтырады, өз білімдерін тексереді. Көркемдік материалды, техниканы таңдап алынған құралдардың ерекшеліктерін ескере отырып пайдаланады, тәжірибеде қолданады. Қызықты сөзжұмбақтар, бейнематериалдар, презентациялар арқылы игерілген материал, алған білімдері дағдыланып бекітіледі.

Оқытуда қолданылатын инновациялық әдістер:

Миға шабуыл.  Сөзді табыңдар. Он сөзді ата. Ойталқы. Құпия зат. Кластер (жүзім шоғы). БББ. Сұрақ- жауап. Жұмбақ сөздер. Ыстық орындық. Стоп кадр- бейнеролик.

Бағалау формалары:

Оқушылардың білім деңгейі алға қойылған мақсат пен жас ерекшеліктеріне қарай бағаланады.  Өздерінің шығармашылығын дамыта білу дағдыларын бағалау. Идеяларын өздігінен зерттеу және оларды дамыту үшін түрлі дерек көздерін қолдана білулерін,  өздерінің шығармашылық шешімдеріне сипаттама беру, шығармашылық ұсыныстарын еркін жеткізе білу дағдыларын бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Курстың мазмұны мен құрылымы

Уақыт көлемі жылға 34 сағат, аптасына 1 сағат.

І Кіріспе (1 сағат). «Шебер қолдар» факультативінің мақсаты мен міндеттері. ТҚ ережелері.

ІІ Визуалды өнер (5 сағат). Классикалық өнердің үздік туындылары. Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары. Графика. Мүсін. Сәулет өнері. Фото өнер. Анимация

ІІІ Сәндік қолданбалы өнер (11 сағат).  Сәндік- қолданбалы өнерінің түрлері және ерекшеліктері. Материал және құрал- жабдықтары. ҚЕ. Идеяларын талдау және дамыту мақсатында әртүрлі материалдардан сәндік бұйымдар жасау. Калейдоскоп жасау. Сылдырмақ жасау. «Тұмар» картинасын жобалау. Өру (тоқу өнері). Материал және құрал- жабдықтары. ҚЕ. Қамшы өру. Қамшы өру. Табиғи материалдардың түрлері. Материал және құрал- жабдықтары. ҚЕ. Фотосуретке арналған жақтау (рамка) жасау. Қазақ халқының зергерлік өнері. Материал және құрал- жабдықтары. ҚЕ. Сақина жасау

ІV Дизайн және технология (10 сағат).  Дизайн және технология негіздері. Құрылыс материалдардың түрлері. Материалдардың қасиеттерін зерттеу. Құрал- саймандары және жабдықтарымен танысу. Түрлі материалдардан музыкалық аспаптарды жобалау (дабыл, дауылпаз, тамбурин, асатаяқ). Сымнан әртүрлі бұйым жасау (шынжыр, басқатырма). Сымнан әртүрлі бұйым жасау (шынжыр, басқатырма). Роботтардың түрлері. Тарихы. Робот құрастыру бойынша эксперимент жүргізу. Көлік түрлері. Көлік моделін жасау

V Тамақтану мәдениеті (2 сағат).  Дұрыс тамақтанудың негіздері. Үйде, қоғамда өзін- өзі ұстау ережелері

VI Үй мәдениеті (5 сағат). Электр энергиясы көздері туралы жалпы мәліметтер. Материал және құрал- жабдықтар. ҚЕ. Қарапайым электр тізбегін құрастыру. Тұрмыстағы жөндеу жұмыстары. Өсімдік шаруашылығының негізгі бағыттары. Көрме ұйымдастыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Тақырыбы: «Шебер қолдар»

5-6 сыныпқа арналған факультатив курсы бағдарламасы

Р/с Тақырыптар Табыс критерийлері
Кіріспе 1 сағат
1 Мақсаты мен міндеттері. ТҚ ережелері Мақсаттары және міндеттері мен  ТҚ ережелерін біледі
Визуалды өнер 5 сағат
2 Классикалық өнердің үздік туындылары Талдау жасауды біледі
3 Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары Б.Ө түрлері мен жанрларды сипаттап, эскиз жасайды
4 Графика. Мүсін. Сәулет өнері Графикадағы көркемдеуіш құралдармен эксперимент жасайды. Мүсін және сәулет өнерімен танысады
5 Фото өнер Фотокамерамен эксперимент жасап, суреттің сәтті шыққанын анықтау критерийлерін біледі
6 Анимация Анимациядағы қозғалатын элементтерімен танысады
Сәндік-қолданбалы өнер 11 сағат
7 Сәндік- қолданбалы өнерінің түрлері және ерекшеліктері. Материал және құрал- жабдықтары. ҚЕ СҚӨ түрлері, форма, ерекшеліктерін зерттеп, талдап, ажыратуды үйренеді
8 Идеяларын талдау және дамыту мақсатында әртүрлі материалдардан сәндік бұйымдар жасау Елестетуді, өз идеяларын жүзеге асырып, эскиз жасауды, технологиялық реттілікті ойластыруды, ҚЕ сақтауды біледі
9 Калейдоскоп жасау Телескоп жасауды үйренеді
10 Сылдырмақ жасау Сылдырмақ жасауды үйренеді
11 «Тұмар» картинасын жобалау Картина жасауды үйренеді
12 Өру (тоқу өнері). Материал және құрал- жабдықтары. ҚЕ Өру түрлерімен материалдар, құралдарымен және ҚЕ біледі
13 Қамшы өру Қамшы өруді үйренеді
14 Табиғи материалдардың түрлері. Материал және құрал- жабдықтары. ҚЕ Табиғи материалдарды ажыратуды, физика- механикалық және технологиялық қасиеттерін біледі
15 Фотосуретке арналған жақтау (рамка) жасау Жақтауды жасауды үйренеді
16 Қазақ халқының зергерлік өнері. Материал және құрал- жабдықтары. ҚЕ Зергерлік бұйымдардың ерекшеліктерін, материал мен құралдарын біледі
17 Сақина жасау Сақина жасауды үйренеді
Дизайн және технология 10 сағат
18 Дизайн және технология негіздері Дизайн және технология туралы білімдерін толықтырады
19 Құрылыс материалдардың түрлері Құрылыс материалдарды салыстыру, мен сипаттауды  біледі
20 Материалдардың қасиеттерін зерттеу Қасиеттерін талдауды және зерттеуді біледі
21 Құрал- саймандары және жабдықтарымен танысу Арнайы құралдармен танысады
22 Түрлі материалдардан музыкалық аспаптарды жобалау (дабыл, дауылпаз, тамбурин, асатаяқ) Күрделі емес музыкалық аспаптардың эскизін, технологиялық картасын жасауын үйренеді
23 Сымнан әртүрлі бұйым жасау (шынжыр, басқатырма) Күрделі емес бұйымдарды жасауды үйренеді
24 Роботтардың түрлері. Тарихы Роботтардың пайда болу тарихын, түрлерін ажыратып, әр салаларда қалай қайда қолданылуын біледі
25 Робот құрастыру бойынша эксперимент жүргізу Робот жасауда жұмысты өздігінен ұйымдастыруды біледі
26 Көлік түрлері Көлік түрлерінің жіктелуін, салыстыруды біледі
27 Көлік моделін жасау Көлік құралын жасауын үйренеді
Тамақтану мәдениеті 2 сағат
28 Дұрыс тамақтанудың негіздері Азық түліктердің құнарлық құндылығын анықтауын біледі
29 Үйде, қоғамда өзін- өзі ұстау ережелері Дастархан басында өзін- өзі ұстау ережелерін біледі
Үй мәдениеті 5 сағат
30 Электр энергиясы көздері туралы жалпы мәліметтер. Материал және құрал- жабдықтар. ҚЕ Электр энергиясы түрлері мен электротехникалық арматураның қолданылуын және ҚЕ біледі
31 Қарапайым электр тізбегін құрастыру Схема арқылы электр тізбегін дұрыс құрастыруды, ҚЕ мұқият сақтауды біледі
32 Тұрмыстағы жөндеу жұмыстары Қажетті құралдар мен материалдарды таңдауды, ақаулардың себебіне қарай объективті жөндеу жолдарын біледі
33 Өсімдік шаруашылығының негізгі бағыттары Әр саладағы немен айналасатынын біледі, өсімдіктерді жіктеуді біледі, өсіп- өнуіне қажетті шартты жағдайларды біледі
34 Көрме ұйымдастыру  

 

     «Шебер қолдар» факультатив жұмысының

күнтізбелік — тақырыптық жоспары 6 сынып

 

Р/с Тақырыптар Сағат саны Мерзімі
Теориялық Тәжірибелік
Кіріспе 1 сағат
1 Мақсаты мен міндеттері. ТҚ ережелері 1    
Визуалды өнер 5 сағат
2 Классикалық өнердің үздік туындылары 1    
3 Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары   1  
4 Графика. Мүсін. Сәулет өнері   1  
5 Фото өнер   1  
6 Анимация 1    
Сәндік- қолданбалы өнер 11 сағат
7 Сәндік- қолданбалы өнерінің түрлері және ерекшеліктері. Материал және құрал- жабдықтары. ҚЕ 1    
8 Идеяларын талдау және дамыту мақсатында әртүрлі материалдардан сәндік бұйымдар жасау 1    
9 Калейдоскоп жасау   1  
10 Сылдырмақ жасау   1  
11 «Тұмар» картинасын жобалау   1  
12 Өру (тоқу өнері). Материал және құрал- жабдықтары. ҚЕ 1    
13 Қамшы өру   1  
14 Табиғи материалдардың түрлері. Материал және құрал- жабдықтары. ҚЕ 1    
15 Фотосуретке арналған жақтау (рамка) жасау   1  
16 Қазақ халқының зергерлік өнері. Материал және құрал- жабдықтары. ҚЕ 1    
17 Сақина жасау   1  
Дизайн және технология 10 сағат
18 Дизайн және технология негіздері 1    
19 Құрылыс материалдардың түрлері 1    
20 Материалдардың қасиеттерін зерттеу   1  
21 Құрал- саймандары және жабдықтарымен танысу 1    
22 Түрлі материалдардан музыкалық аспаптарды жобалау (дабыл, дауылпаз, тамбурин, асатаяқ)   1  
23 Сымнан әртүрлі бұйым жасау (шынжыр, басқатырма)   1  
24 Роботтардың түрлері. Тарихы 1    
25 Робот құрастыру бойынша эксперимент жүргізу   1  
26 Көлік түрлері 1    
27 Көлік моделін жасау   1  
Тамақтану мәдениеті 2 сағат
28 Дұрыс тамақтанудың негіздері   1  
29 Үйде, қоғамда өзін- өзі ұстау ережелері 1    
Үй мәдениеті 5 сағат
30 Электр энергиясы көздері туралы жалпы мәліметтер. Материал және құрал- жабдықтар. ҚЕ 1    
31 Қарапайым электр тізбегін құрастыру   1  
32 Тұрмыстағы жөндеу жұмыстары   1  
33 Өсімдік шаруашылығының негізгі бағыттары   1  
34 Көрме ұйымдастыру   1  
                                                        Барлығы: 34                         15             19

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Санитарлық- гигиеналық талаптар:

  1. Жұмыс жасар алдында жарық сол жақтан немесе алдыңғы жақтан түсуі керек.
  2. Ыңғайлы болуы үшін жұмысты орындауға арналған барлық аспаптар мен құралдарды жазық әрі таза жерге орналастыру керек.
  3. Жұмысты орындау кезінде денсаулықты сақтау үшін үзіліс жасап, көзге, қолға және арқаға арналған жаттығулар орындаған пайдалы.

 

Жұмыс орнын ұйымдастыру:

 

  • жұмысты басынан соңына дейін жоспарлап, эскиздерін, сызбаларын жасап құрастырып қойыңыздар;
  • қажетті құралдарды таңдап, үстелдерге дұрыс орналастырып, жұмыс орнын дайындаңдар;
  • құрал – жабдықтарды сақтықпен пайдаланыңдар;
  • жұмыс орнын тәртіпті және таза ұстаңдар;
  • материалдарды үнемдеп пайдаланыңдар;
  • жұмыстан соң жұмыс орнын жинастырып, құрал – жабдықтарды орындарына ұқыпты жинап орналастырыңдар.

Қауіпсіздік техникасының жалпы ережелері:

  • жумыс алдында құралдар мен жабдықтарды оқытушы үйреткен тәртіп бойынша реттеп қойыңдар;
  • жұмысты оқытушының руқсатымен бастау керек;
  • жұмыс кезінде бір-біріңмен сөйлеспеңдер;
  • оқытушы назар аударта сөйлегенде жұмысты тоқтатындар;
  • жұмысты ұқыпты орыңдаңдар;
  • жұмыс орнын таза ұстаңдар;
  • сымды кескен кезде оны беттеріңе жақын ұстамаңдар;
  • сымды түзетілген кезде қорғаныш қолғап киіңдер;
  • электрмонтаж жұмыстарын жүргізген кезде мұқият, тәртіпті болыңдар;
  • электр көздерін мұғалімнің рұқсатынсыз қоспаңдар.

 

Құралдармен жұмыс істеу ережелері:

 

  • құралды пайдаланбас бұрын оны пайдалану бойынша нұсқаулықпен танысыңдар;
  • құралды тек тағайындалуына қарай пайдаланыңдар;
  • пышақпен, қайшымен, арамен жұмыс істегенде сол қолды олардың жүзінен алыста ұстау керек;
  • пышақ пен қайшының жүзін жоғары қаратып ұстамаңдар;
  • қайшыны жауып, сақиналы жағымен, ал пышақты сабы жағымен беріңдер;
  • балғамен жұмыс істеуден бұрын оның жұмысқа дайындығын тексеріңдер;
  • БФ, ПВА желімдерін жақсы жеңілдетілген бөлмеде қолданыңдар;
  • Оқыс жағдай болғанда оқытушымен бірге көмек көрсетіп, мүмкін болса, зақым алған алған адамды дәрігірге жеткізу керек;
  • құрал – жабдықтарды тиісті орнында сақтау керек.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Көркем еңбек оқулығы 5- 6 сынып
  2. Оқу жоспары, Көркем еңбек 5- 6 сынып
  3. «Мектептегі технология» республикалық әдістемелік журнал № 6, 2014 ж,

№ 1, 2015 ж

  1. «Биология және салауаттылық негіздері» ғылыми- педагогикалық журнал
  2. Маргулан А.Х «Казахское народное прикладное искусство». Алма- Ата Өнер 1986г
  3. К.Кожахметова, С.Ұзақбаева «Эстетикалық тәрбие берудің ұлттық негіздері» Алматы 1985
  4. И.А. Карабанов «Справочник по трудовому обучению», Москва «Просвещение»
  5. Э.К Гульянец, И. Я Базик «Что можно сделать из природного материала» Москва «Просвещение» 1984г
  6. Профессор Д.И. Трайтак «Сельскохозяйственные уроки» 5- 7 классы, Москва «Просвещение», 1990 г

 

.

 

 

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *