Шығыстың сөнбес жұлдызы Әбу Насыр әл Фарабидің 1150 жылдығы.

 

Шығыстың сөнбес жұлдызы Әбу Насыр әл Фарабидің 1150 жылдығы.

Тарихта есімі дүниежүзіне мәлім болып, мәдени мұралары ұрпақтан-ұрпаққа жеткен азаматтар көп емес. Дегенменде орта ғасырларда адамзат білімінің молайып, ақыл-парасатының жетілуіне орасан зор еңбек сіңірген ғұламалардың бірі- қазақ топырағынан шыққан данышпан Әбу Насыр әл-Фараби болды. Әйтсе де тарих жазбасында, халықтың рухани қазынасында жүйріктердің жүйрігі ғана мәңгілік екені белгілі. Ұзақ уақыт өтсе де, аты жатталып, еңбектері уақыттың сынынан мүдірмей өткен ұлы тұғалардың бірі болып Әл Фарабидің қалғаны бәрімізге мәлім. Осындай бір ғасырда бір туатын ұлы тұлғаның қазақ халқы үшін алатын орны тым биікте. Оған дәлел биыл Шығыстың ғұлама ойшылы, математик, астролог, Аристотелден кейінгі екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілуінде. Осыған орай Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде бірінші курс студенттерінің қатысуымен «Шығыстың сөнбес жұлдызы Әбу Насыр әл-Фараби» атты ғылыми конференция өткізілді.Конференцияның маңыздылығы  Әл Фарабидің еңбектерін жан- жақты зерттеу болды.

Ендігі ғұлама ғалымның тарихта қалдырған мұраларына тоқталсақ. Әл Фараби негізіен 70-ке жуық тіл біліп, 150-ге жуық еңбек жазғанданышпан. Ол әрқашанда ізденісте болып, Бағдат, Дамаск, Хамадан, Отырар қалаларына сапар шеккен. Жиһан кездікпен жүріп, талай білім жинаған. Кейіннен сол білімін жинақтап еңбектер жаза бастаған.Ғұлама ғалым артынан логика, поэтика, әдебиет теориясы, музыка, тіл білімі салаларына арнап «Өлең өнері туралы трактат», «Риторика туралы трактат», «Ғылымдардың жіктелуі туралы тракат»,«Мемлекет билеушісінің нақыл сөздері»  және тағы да басқа еңбектерін қалдырған.Соның ішінде «Музыка туралы үлкен трактат» деген шығармасы көптеген тілдерге аударылған. Және Фараби геометрияны барлық жаратылыстық-филосоофиялық ғылымдардың негізі деп қараған. Сонымен қатар Әл Фарабиғылыммен ғана шектеліп қоймай, дін жағында зерделеген. Меккеге барып өзінің діни көзқарасын қалыптастырған.

    Әбу Насыр әл-Фарабидің  «Еліңнің болашағын білгің келсе, маған жастарыңды көрсет, айтып берейін»− деген сөзі бар.Бұдан Әл Фарабидің жастарға сол кездің өзінде ерекше көңіл бөлгені байқалады. Сондықтан болашақта ел тізгінін ұстайтын азаматтар бүгінгі жастар екенін естен шығармай, абыройлы да білімді ұрпаққалыптастыруға өз  күшімізді салайық. Болашақ білімді жастар қолында!

Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-нің «Филология және әлем тілдері» факультетінің 3-ші курс студенті Қажияхметова А.М

Жетекшісі: Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-нің тарих кафедрасының доценті Қозыбақова Ф.А

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *