Файлдарды жою және қалпына келтіру

Жоспар:
Файылдарды жою жолдары;
Файылдарды қалпына келтіру жолдары.
Уақыт өте келе ескі құжаттардың қажеттілігі жоғалуы мүмкін. Осындай жағдайда олар артық орынды алмас үшін оларды жойған дұрыс. Қажет емес файлдар мен бумаларды сілтеуішті қолдану арқылы компьютерден жою өте оңай. Ең алдымен, бағдарлама терезесінің оң жақ аймағында тышқанмен жойылатын нысанға шертіп, оны таңдау керек. Бұл файл, бума немесе олардың топтары болуы мүмкін. (Нысандарын тобын белгілеу туралы жоғарыда айтылған.). Содан соң мәселелер тақтасында жоғарғы тізімде батырманы басқан жөн. Сонымен бірге, Файл ^ Жою (File -> Delete) мәзір командасын таңдауға немесе пернетақтада [Delete] пернесін басуға болады. Жойылатын файлдың белгішесін сілтеуіш терезесінен Windows жұмыс үстелінде орналасқан Себет белгішесіне апаруға болады. Соңғысынан басқа, жою операциясын шақырудың кез келген тәсілімен компьютер экранында жоюды растауға арналған диалог пайда болады (3.6-сурет). Бұл диалогтың көмегімен Windows XP қажетті ақпараттың жойылуының алдын алғысы келеді.
Егер сіз Иә (Yes) батырмасын таңдасаңыз, онда таңдалған файлдар жойылады және олардың белгішелері ағымдағы буманың файлдар тізімінен жоғалады. Жоқ (No) батырмасын басып, сіз жою операциясын болдырмайсыз. Растаудың ұқсас диалогтары сіз әлеуетті қауіпті операцияларды орындағыңыз келетін кезде жиі пайда болады. Сізде жойылған файлдарды қалпына келтіруге мүмкіндігіңіз бар және оны бірнеше тәсілмен жасауға болады.
Файлдарды жою кезінде абай болыңыз. Өкінішке орай, жойылған файлдардың барлығын дерлік қалпына келтіруге болмайды. Қалпына келтіру мүмкіндігі Windows-тың теңшеуіне, жойылатын файлдардың көлеміне және компьютер дискіндегі бос орынға байланысты. Сонымен бірге, дискеттен жойылған файлдарды қалпына келтіруге болмайды.
Ең алдымен, сілтеуіште соңғы орындалған операцияны болдырмау мүмкіндігі бар. Егер сіз тек жойылған файлдарды қалпына келтіргіңіз келсе, онда бір мезетте [Ctrl + Z] пернелерін басыңыз. Бұл пернелер қиыстыруын біртіндеп бассаңыз, онда сілтеуішпен
жұмыс кезіндегі, оның ішінде бумаларды және файлдарды жою кезіндегі кез келген әуелгі әрекеттерді болдырмауға болады. Алайда, болдырылмайтын әрекеттер саны шектеулі болады және бұрын жойылған файлды осындай тәсілмен қалпына келтіруге болмайды.
Егер сізге бұрын жойылған файлдар тағы да қажет болып қалса, онда Windows XP жүйесі бірнеше шараларды қолданады. Сіз жоятын файлдар Себет (Recycle Bin) атты арнайы бумаға ауысады. Алдында жойылған файлдарды қарау, қалпына келтіру немесе біржолата жою үшін сілтеуіш көмегімен себетті ашу қажет. Себетті ашу үшін жұмыс үстелінде орналасқан Нысанды қалпына келтіру белгішесіне немесе сілтеуіштегі себет белгішесіне екі рет шерту керек. Себетпен жұмыс кезінде сілтеуіш терезесінің сыртқы

3.6-сурет. Файлды жоюды расттаудың сауалы
жұмыс кезіндегі, оның ішінде бумаларды және файлдарды жою кезіндегі кез келген әуелгі әрекеттерді болдырмауға болады. Алайда, болдырылмайтын әрекеттер саны шектеулі болады және бұрын жойылған файлды осындай тәсілмен қалпына келтіруге болмайды.
Егер сізге бұрын жойылған файлдар тағы да қажет болып қалса, онда Windows XP жүйесі бірнеше шараларды қолданады. Сіз жоятын файлдар Себет (Recycle Bin) атты арнайы бумаға ауысады. Алдында жойылған файлдарды қарау, қалпына келтіру немесе біржолата жою үшін сілтеуіш көмегімен себетті ашу қажет. Себетті ашу үшін жұмыс үстелінде орналасқан Нысанды қалпына келтіру белгішесіне немесе сілтеуіштегі себет белгішесіне екі рет шерту керек.

3.7-сурет. Себетте файлдарды жою

Себетпен жұмыс кезінде сілтеуіш терезесінің сыртқы келбеті сіздің компьютеріңіздегі кез келген бумасымен жұмыс кезіндегі осы бағдарлама терезесінен еш айнамайды (3.7-сурет).
Жойылған файлдар себетте орын болғанға дейін сонда орналасады. Егер жаңа жойылған файлға орын жетпесе, онда бұрын жойылған файлдар біржолата өшіріледі. Бұрын жойылған файлдарды қайта қалпына келтіру үшін себетті ашып, қажетті файлды немесе фалдар тобын белгілеу керек, содан соң мәселелер тақтасында батырманы басу қажет. Сонымен бірге, Файл ^ Қалпына келтіру (File -> Restore) мәзір командасын таңдауға болады. Себетте орналасқан барлық файлдарды қалпына келтіру үшін бағдарлама терезесінің оң жақ бөлігіндегі бос орында тышқанмен шертіп, файлдардың белгіленуін болдырмау керек, содан соң мәселелер тақтасындағы Барлығын қалпына келтіру (Restore all items) батырмасын басу қажет.
Себет кез келген басқалар сияқты бума болып табылғандықтан, бұл бумада сақталған файлдарды өшіруге ешкім тыйым салмайды. Бұл жағдайда жойылған файлдар қайтарусыз жоғалады және оларды қалпына келтіруге болмайды. Себеттен барлық файлдарды өшіру үшін мәселелер тақтасында орналасқан Себетті тазалау (Empty the Recycle Bin) батырмасын қолдануға болады.

1.2.Машықтық бөлімі
«Менің компьютерім» терезесіндегі файлдарды (папка) ауыстыру, көшіру және жою.
С дискінің орнына: практикалық тапсырмаларды орындау үшін
D логикалық дискін пайдаланған дұрыс (егер ол ДК-де болса), сондықтан С дискіне шектеу қоятын винчестерді логикалық дискілерге бөліктеуді орындау қажет.
Қысқаша сипаттама. Менің компьютерім жергілікті компьютер ресурстарына, әртүрлі құрылғыларға (басып шығарғыш, диск) қол жетімділікті қамтамасыз ететін әмбебап бағдарламадан тұрады. Менің компьютерім белгісін белсендіру компьютердің жергілікті және желілік ресурстарына сәйкес белгілері бар терезені ашады.
Жұмыс тәртібі
1. С дискінде жаңа папка ашыңыз. Ол үшін Менің компьютерім терезе-сінен С папкасының белгісін таңдаңыз және оны екі рет басу арқылы белсендіріңіз. Файл/Құру/Папка пәрменін таңдап, папкаға атау беріңіз (папка атауы ретінде өзіңіздің тегіңізді қолданыңыз) және [Enter] батыр-масын басыңыз.
Ескерту. Егер жаңа папканы басқа папка ішінде құру қажет болса, онда алдымен тінтуірмен папканы таңдап, содан кейін ғана жаңасын құру керек.
2. С дискінен көлемі бойынша ең үлкен файлды табыңыз. Ол үшін С дискінің терезесінде көрудің кестелік стилін қалыптастырыңыз (Түр/Кесте) және файлдарды көлемі бойынша сұрыптаңыз.
3. Көлемі бойынша ең үлкен файлды көшіріп, өз папкаңызға қойыңыз: Түзету/Көшіру және Түзету/Қою.
Қысқаша анықтама. Файлды көшіру үшін оны белгілеп, Түзету мәзірінен Көшіру пәрменін таңдаңыз. Көшірілген файлды қою үшін меңзерді қою орнына апарыңыз (өз папкаңызды белгілеңіз) және Түзету мәзірінен Қою пәрменін таңдаңыз.
4. С дискінде іздеу жүргізіңіз: .exe өрісінен тұратын барлық файлдарға. Іздеу үшін іздеу терезесін ашыңыз (Файл/Іздеу), *.exe іздеу маскасын және іздеу аймағын таңдаңыз— диск С: (3.6 сурет), одан кейін Іздеу батырмасын басыңыз.
Ескерту. Егер құжат атауына кілт сөзді енгізсеңіз, онда сол атауға тиісті барлық құжаттар табылады.

*.exe өрісіндегі файлды С дискінен іздеу
5. С дискінде іздеу жүргізіңіз: .doc өрісінен тұратын барлық файлдарға. Іздеу үшін іздеу терезесін ашыңыз (Файл/Іздеу) *.doc іздеу маскасын және іздеу аймағын таңдаңыз — диск С:. табылған төрт файлды өз папкаңызға көшіріңіз.
6. С дискінде өз папкаңыздың жарлығын құрыңыз. Ол үшін папкаға меңзерді апарыңыз және Файл/Жарлық құру пәрменін пайдаланыңыз.

7. Жұмыс үстелінде өз папкаңыздың жарлығына көшірме жасаңыз және С дискінен [Ctrl] пернесін басу арқылы ауыстырыңыз.
8. Орындалған жұмысты оқытушымен тексергеннен кейін, папкаңыз бен жарлығыңызды өшіріңіз. Папкаларды, файлдарды, жарлықтарды жою үшін тінтуірмен белгіні таңдап, Файл/Өшіру пәрменін пайдаланыңыз.
Қысқаша анықтама. Папканы өшіру үшін аталған папканың жүйелік мәзірі бойынша тінтуірдің оң батырмасын басыңыз.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *