Мазмұнға өту

Журналист болу арманым

Нұрдана 1 мин оқу 37 оқылым

Менің болашақ мамандығым - журналист. Журналист қандай мамандық екенін көбісі біле бермейді екен. Журналист деген ақпаратты жинау мен өңдеу саласындағы мамандық.  Ол газет-журналдарда, радио мен теледидарда, сондай-ақ интернетте жұмыс істей алады. Қызығы пен шыжығы қатар жүретін саланың бірі. Журналистика қажырлы еңбек пен шығармашылықты қажет ететін мамандық.

Журналист мамандығы-менің болашақ таңдауым. Бала кезімнен өмірімді журналистикамен байланыстырғым келеді. Ата-анам менің бойыма адамгершіліктің негізгі қағидаларын сіңіре отырып, менің дамуыма және өркендеуіме, қоғамға пайдамды тигізуіме жол берді. Ата-анамның арқасында мен өз талғамынан ешқашан тайынбайтын, болашақ мамандығымды нық сеніммен және өз еркіммен таңдадым. Жазғанына жанын салатын, кемеңгер адамдардың шығармаларын көп оқыдым. Менде сол кісілер сияқты еліме пайдамды тигізгім келеді.

Журналистика мені өзінің жан-жақтылығымен баурады. Әр жұмыс сені шығармашылыққа, ұшқыр ойға, өзіңді дамытуға жетелейді. Жұмысты тек өзіңіз үшін емес, еліміздің көркемдеуіне және гүлденуіне жол беріңіз. Журналисттер халық үшін еңбек етіп, санасын өзгертіп, жақсылыққа үміт ұялатуы керек. Халқымыздың лайықты болашағы үшін адал да, аянбай еңбек етемін.

Алматы облысы Қарасай ауданы Kursant hight school

Нұрдана Кенжебек

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Нұрдана

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Гаджеттік технологиялар

Менің салауатты өмірімде күнделікті жұмысымды жеңілдететін гажедтік технологиялар:телефон,планшет,компьютер,шаңсорғыш,микротолқынды пеш,мультиварка,кіржуғыш машина,үй тірлігіне арналған неше түрлі роботтар және т.б Бұрын…

Нұрдана 37 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

Адам баласы құндылыққа мүдделі әрі мұқтаж

Негізгінен бірінші құндылық деген сөз не екеніне тоқтала кетейін. Әдетте құндылық деген сөзді естігенде ойыңызға не келеді? Құнды заттар, құнды ақпарат, басқа адамның құнды қасиеттері. Әр нәрсенің өз құндылығын…

Нұрдана 280 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Әркімнің туған жері-Мысыр шаһары

Туған жер-әр адам баласының кіндік қаны тамған жер,жанына жақын адамдарының жылы мекені.Сондай-ақ оның топырағы да,тауы мен тасы да ыстық болады екен ғой.Әркімге өз жері,балалық шағы өткен жер әрдайым қымбат болып қала…

Нұрдана 113 оқылым 1 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин