Мазмұнға өту
Жаңалықтар Жаңалық

Жапониядағы сөз бостандығы

Жапониядағы сөз бостандығы 1 мин оқу 20 оқылым

Жапонияның 1946 жылы 3 қарашада қабыл­данған Ата Заңының 3-шi бабының 21 тармағында «Мәжiлiстер мен басқосулар еркiндiгiне және сөз бостандығы мен баспасөз бостандығына, пiкiр бiлдiрудiң өзге де түрлерiне кепiлдiк берi­ледi. Цензураға жол жоқ; ақпарат құпиялылығы сақталуы тиiс» деп жазылған. Жапонияда журналист Үкiмет немесе Парламент мүшесiнен сұхбат алу үшiн мiндеттi түрде «Саяси журналистердiң ұйымына» мүше болу керек. Осы ұйымның журналистерi ғана Үкiметтегi баспасөз мәслихатына, ресми кездесулерге, т.б. қатысу мүмкiндiгiне ие. Жапон жур­налис­тикасының қазiргi таңдағы мәселесi ретiнде Күншығыстағы қалам иелерi сол ұйым журналистерiнiң саяси қайраткерлердiң баспа­сөз хатшысы деңгейiнен аса алмай жатқандығын айтып жүр.

Жапон журналистикасына тән ерекшелiктiң бiрi — газет-журнал бетiнде мақала авторының аты-жөнi жазылмауы және суретiнiң басылмауы. «Журналист болу дегенiмiз – елге танылу» деген бiздiң түсiнiк оларға жат. Дегенмен, кейiнгi жылдары бiраз басылымдар журналистiң аты-жөнiн жариялаумен қатар, автордың еңбек жолы туралы мағлұмат беру үрдiсiне көшкен. Қазақ журналистикасына ойды көбiнесе тұспалдап, астарлап жеткiзу, ой қорытуды оқырманның еншiсiне қалдыру тән болса, жапон баспасөзiне нақтылық, дәлдiк, тура айту, жинақылық сипаты басым.

Жапонияда журналистердi және де ақпарат құралдарының өзге де мамандарын жоғары оқу орындарындағы социология, ақпараттық технология, қоғамдық өндiрiс, филология тәрiздi факультеттер құрамындағы медиа бөлiмдерi даярлайды. Бұндай бөлiмдер көптеген университеттерде ашылған. Жылына жалпы таралымы 4 миллиард дана болатын 3000 түрлi газет-журнал шығады. Күн сайын газеттердiң 90 пайызы үйге жеткiзiледi. Газет тасушылардың көпшiлiгi – мектеп оқушылары. Газет бетiндегi кеңiстiктiң 40 пайызы жарнамаға арналған. Жапон баспасөзi үшiн жарнама – маңызды табыс көзi.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Жапониядағы сөз бостандығы

Осы тақырыптағы материалдар

Жаңалықтар

Ерлан Қарин. Вице-президенттің өмірбаяны, білімі және еңбек жолы

Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасының Вице-Президенті болып тағайындалды. 2026 жылғы 31 тамызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев оның кандидатурасын Құрылтай депутаттарының қарауына ұсынды. Депутаттардың басым…

Bilimger Media 174 оқылым 11 мин
Жаңалықтар

Ерлан Қариннің өмірбаяны: мұғалімдіктен Қазақстанның вице-президентіне дейін

Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасының вице-президенті болып тағайындалды. Саяси зерттеулерден бастап Президент Әкімшілігіне дейінгі мемлекеттік басқарудың түрлі деңгейінде қызмет атқарған ол бұған дейін…

Bilimger Media 201 оқылым 7 мин
Жаңалықтар

2026–2027 оқу жылындағы мектеп оқушыларының демалыс күндері мен тоқсан мерзімдері белгілі болды.

Қазақстанда 2026–2027 оқу жылындағы мектеп оқушыларының демалыс күндері мен тоқсан мерзімдері белгілі болды. Жаңа оқу жылы 2026 жылғы 1 қыркүйекте басталып, 2027 жылғы 25 мамырда аяқталады. Оқушыларды күзгі, қысқы және…

Bilimger Media 797 оқылым 4 мин
Жаңалықтар

2026 жылы бәрі өзгереді ме? Халықтың өміріне тікелей әсер ететін жаңа заңдар мен жаңалықтар

Қазақстан 2026 жылды үлкен өзгерістермен қарсы алғалы отыр. Жаңа салық жүйесі, өсетін жәрдемақылар мен зейнетақы, денсаулық сақтау мен жұмыс тәртібіндегі елеулі жаңалықтар – мұның бәрі әрбір қазақстандықтың өміріне…

Bilimger Media 245 оқылым 4 мин