Мазмұнға өту

« Зерде» интеллектуалды жарыс сабағы

Bilimger Media 4 мин оқу 328 оқылым

«№ 3 Кеген орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Салимжанова Самал Салимжанқызы

Тақырыбы: « Зерде» интеллектуалды жарыс сабағы
Мақсаты: Оқушылардың білімін сарапқа салу, сынау арқылы өзара бәсекелестікке жетелеу, логикалық қабілетін дамыту, қиыннан мүдірмей тез шешім тауып шыға білуге үйрету.
Көрнекілігі: матем-қ әткеншек, үш тпқа арналған себеттер, жұлдызшалар, кеспе әріптер, кір жайғыш, киімдер суреті,
Сайыстың барысы:
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Құрметті: оқушылар, қонақтар
бүгінгі болғалы отырған «Зерде» атты интеллектуалды сайысымызға қош келдіңіздер! Балалар бұл сайыстың мақсаты алған білімдеріңнің нәтижесін көрсету, білімнің адам өміріндегі маңызы мен пайдасын білу.
Олай болса біз біліміміздің артып, санамыздың оянғанын осы жиналған қауым алдында көрсетейік.

Психологиялық дайындық
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Барша адамды құрметтеп
Бас иеміз біз
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Бұл бәйге білім бәйгесі,
Кім жүйрік ойға сол алда - дей отырып сайысымызды бастаймыз.

Ендеше, балалар, мен сіздерді жарыстың бағдарламасымен таныстырып өтейін.
1 - айналым: Математикалық әткеншек
2 - айналым: Әріптерге саяхат
3 - айналым: Табиғатты танып біл.
4 - айналым: Бала тілі - бал, деп аталады.
Балалар, сіздерге үш пәннен сұрақтар қойылады, сол сұрақтарға жауап берген оқушыларға жұлдызшалар таратылады. Жұлдызшаны көп жинаған топ жеңімпаз болады.
1. топ Алғырлар
2. топ Зеректер
3. топ Ойшылдар
Олай болса 1 - айналымға кезек береміз: Математика пәніне байланысты сұрақтар:
1. Заңдылықтарды сақтай отырып, геометриялық фигуралардан сандар қатарын жалғастыр
2. Екі-екіден сана (жұп сандар)
3. Бұтақта 7торғай отырды. 3торғай ұшып кетті. Неше торғай қалды?
4. Кеңістік фигураларын ата
5. Жазылмаған сандарды ата?
1+... = 2
7 -....=5
6 - 1=....
3+1=...
6. Тақ сандарды ата
7. Асқарда 4машина болды. Оған тағы 2 машина сыйлады. Асқарда барлығы неше машина болды?
8. Азайғыш 4
Азайтқыш 2
Айырманың мәні -? 2
9. Қосылғыш 3
Қосылғыш 1
Қосындының мәні? 4
10. Салыстыр:
60*50
15*30
19*18
11. 3 өрнек құрастыр
12. Тәрелкеде 10 алма бар еді, оған анасы 4 алма әкеліп қосты. Тәрелкеде барлығы қанша алма болды?
13. Ондықтарды қос
14. Ондықтарды қос
15. Көлде 14 қаз және 2 үйрек жүзіп жүр. Көлде барлығы неше құс жүзіп жүр?
16. Құстар өзен үстінде ұшып жүр, кептер 5, сарышымшық 2, қарлығаш 1 неше құс ұшып жүр?
17. Алмұрт алмадан ауыр, ал алма шабдалыдан ауыр. Қайсысы ауыр алмұрт па әлде шабдалы ма? Алмұрт
18. Кіреберісте 6 аяқ киім тұр. Бөлмеде неше бала ойнап жүр? 3
19. Жазық фигураларды ата
20. 15+2 Қосудың ауыстырымдылық қасиетін қолданып шығар

2 - айналым: Сауат ашу пәніне байланысты болады.
1. Сөйлеу не үшін қажет?
2. Адамдар қалай, не арқылы сөйлеседі?
3. Мақалды жалғастыр:
Әдепті бала- арлы бала
Әдепсіз бала . . .
4. К...сі, шыр...н, ке...е, рау...ан тиісті әріптерді қой
5. Сансыз ойлар бетімде,
Сайрап жатыр бар тілде.
Керекпін мен әр күнде
Өшпейді бір әрпім де \кітап\
6. . Тілі жоқ өзінде,
сөзі бар ізінде. \қалам
7. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?
(42 әріп бар)
8. Қанша дауысты, дауыссыз дыбыстар бар?
(15, 25)
9. Жуан және жіңішке дауысты дыбыстарды айт? А, о, ұ, ы, ә, е, ө, ү, і. 10. Буын дегеніміз не? (сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады: кен, ә - же, ке - ре - ге)
«Сиқырлы әріптер» сөздер құрастыру
«Кір жаямыз» сөздерді оқу
Сергіту сәті
Музыкалық әуенге жаттығу жасау
3 - айналым: Табиғатты танып біл. Дүниетану пәнінен сұрақтар беріледі
1. Табиғаттың жансыз денелеріне нелер жатады?(күн, ауа, су, тас, тау, құм, саз)
2. Табиғаттың жанды денелерін ата?
(Өсімдіктер, жануарлар, адамдар жанды денелері)
3. Табиғат құбылыстары деген не?
(Табиғатта болып тұратын өзгерістерді таб. құб. д. аты.)
4. Ауа райын қалай түсінесің?
Суық, жылы, жел бұлттылық, ашық, ала бұлтты, жауын - шашын тб 5. Көкжиек тұстары қалай ажыратылады?(Көкж - ң негізгі 4 тұсы аж - ды. Олар: Оңтүстік. Солтүстік. Батыс. Шығыс
6. Бақшада нелер өседі?
(картоп, сәбіз, орамжапырақ, пияз т. б. өседі) олар көкіністер.
7. Аңдарды ата?
(қасқыр, түлкі, қоян, арыстан, жолбарыс т. б.
8. Құстарды ата?
(қарлығаш, көкек, сауысқан, көгершін, торғай)
9. Өсімдіктер өсуіне не қажет?
(топырақ, су, жылу, ауа, күн көзі қажет)
10. Жабайы аңдарды қалай атайды?
11. Үй жануарларына нелер жатады?
12. Туған күн деп нені айтамыз?

4 - айналым: Бала тілі - бал.
1.топ «Гүл мен көбелек» шағын ертегі құрастыру
2. топ «Егер мен президент болсам....» өз ойын жеткізіп айту
3. топ «Қасқыр мен түлкі» ертегі құрастыру

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Bilimger Media

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин