Мазмұнға өту

ұзын құлақ сұр қоян

Bilimger Media 2 мин оқу 465 оқылым

Тақырыбы: «Ұзын құлақ сұр қоян»

Мақсаты: Әртүрлі тәсілдерді қолдана отырып ақ қағаз бетіне бейнені тұтас орналастыра білуге  үйрету. Балалардың үлгі бойынша бейнелік сипатты әңгіме құра білуге, балалардың тілдік қорын дамытуға, жан-жануарларды қамқорлыққа алуға тәбиелеу.

Сөздік жұмыс: қоян- заяц- rabbit

Әрекет түрі Тәрбиешінің іс - әрекеті Баланың іс - әрекеті
Мотив.қозғаушы күш

Ізденуші – ұйымдастырушы

Рефлекті-қорытынды

Шаттық шеңбері:

Сәлем деймін күнге мен

Сәлем деймін мен саған

Сәлем деймін апайға

Қонақтарға достарға

-Балалар мен сендерге жұбақ жасырайын, ал сендер шешімін табасыңдарма?

Ұзын құлақты, жылдам аяқты

Сәбізді жақсы көретін ол не?

-Қоянның суретін көрсете отырып, балаларға қоянның қайда тіршілік ететінін, құлағы неге ұзын екенін қалай секіретіні жайлы айту.

Видео көрсету

Қоян- жазда аптап ыстықта қоянды қызып кетуден сақтайтын ұзын құлағы ағзадағы ыстықты белсенді түрде шығарады.

Ал жаңбырда су тимес үшін ұзын құлағын бүгіп алады.

Сағатына 50 шақырым жылдамдықпен табандарын серпіте алады, тістері өмір бойы өседі,тері түстерін өзгертіп отырады жазда – сұр, қыста- ақ

Қоянның баласын – көжек дейді.

Тосын сый: «Қоян қонаққа келеді»

-Сәлеметсізбе, қоян! Сен неге жылап жүрсің?

Сәлеметсіңдерме балалар мен мына суретті құрай алмай жүрмін артында көп тапсырмалар бар екен орындай алмай жүрмін, көмектесесіңдерме?

Ойын: Фазл құрастыру

Қоян туралы тақпақ кім біледі?

Қоян туралы кім мақал біледі?

Қоян туралы жұмбақ: Сылдырдан қорқады

Шошынып жортады

Қорыққанда жол аяқ

Отырғанда томардай – ақ

Қысқа емес-ұзын

Батыр емес-қорқақ

Қорегі оның қияр емес- сәбіз

Ойын: «Қимылды келтір»

Шарты: Аңдардың қимылын музыка әуенімен келтіру.

-Ал балалар қоянға арнап сурет салып беремізбе?

Ақ қағаз бетіне сопақша пішірді пайдаланып қоянның суретін көк түсті сулы қояумен боятып салдырту.

Сергіту сәті:Қояным, қояным

Орныңнан тұршы

Айнаға қарашы

Шашыңды тарашы

Бетіңді жушы

Ортыңда секірші

Секір, секір, секір

Салып болған балалардың суретін көрсетіп, көрме жасау.

Балалар қандай аң?

Ол қайда мекендейді?

Қоян немен қоректенеді?

Балалар сендер бүгін ұйымдастырылған оқу іс – әрекетіне жақсы қатыстыңдар, мен сендерге қоянның суреті бар медаль беремін.

Қоштасу

Шаттық шеңберін қимылмен орындайды.

Ия

Қоян

Қоян туралы видеоны қызығушылықпен қарайды.

Ия көмектесеміз

Ажар: Ақ қоян – ау, ақ қоян

Кетпе деймін қасымнан

Барма  сірә, мұндай – ақ

Өз-өзінен шошынған

Еркеназ: Мен кішкентай көжекпін

Үркек емес өжетпін

Маған жорға жеткен –ай

Үлкендерден кезектің

Ханшайым:Ақ қоян – ау, ақ қоян

Үркек қоян сақ қоян

Қаша берсең орманға

Қорқағым деп ат қоям

Диас: Мал жуасы-қой

Аң жуасы- қоян

Еркенұр: Асықпаған арбамен қоянға жетеді.Қоян көлеңкесінен қорқады.

Мұстафа: Қашқан қоян, жатқан қоянды ала кетеді

(қоян)

(қоян)

(қоян)

Аңдардың қимылын келтірді.

Ия салып береміз

Қоянның суретін салады.

Сергіту сәтін қимылмен орындайды.

Қорқақ, құлағы ұзын

Орманда

Сәбізбен

Күтілетін нәтиже:

БІЛУ КЕРЕК:   Аңдар тіршілігі жайындағы түсініктері болу

БОЛУЫ КЕРЕК: Жануарларға деген қамқорлық сезімдерге тәрбиелеу

ІСТЕЙ БІЛУІ КЕРЕК: Қағаздан көлемді пішінді қоян бейнесін жасай білу

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Bilimger Media

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин