Мазмұнға өту

Ұлы Абай- ақын, кемеңгер

Даиргелденова Аружан 3 мин оқу 45 оқылым

Абай атамыз қазақ халқының мақтанышына айналған бас ақын. Атамыздың есімі қазіргі танда көптеген елге танымал. Абай өзінің артынан өшпес із қалдырды.Жастар ұлы тұлғаның шығармаларын оқи отырып, тәрбилік мәні зор екендігін түсінеді.Хәкім Абай шығармашылығы тек ғана қазақ халқының жүрегінен орын алмай басқа халықтарды да таңғалдырды. Қазіргі таңда басқа ұлт өкілдері қазақ десе Абайды бірінші еске алады. Абай атамыздың 175 жыл мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде тойланды.Абайды танып өнеріне сүйсінген халық өкілдері түпкір-түпкірден құттықтауларын жолдады.Әлемде көптеген елдерде Ұлы Абайдың құрметіне қойылған ескерткіштер  мен көшелердің саны күн сайын артуда. Бұл қазақ елі үшін үлкен мәртебе!

Ұлы тұлғаны оқу, оның асыл мұрасын өскелең ұрпаққа жеткізу — ортақ парыз. Хәкім Абайдың қалдырған рухани мұрадан әр заман ұрпақтары өз іздегендерін табатыны ақиқат. «Егемен Қазақстан» газетінің 9 қаңтар күнгі қарсанында еліміздің кәзіргі таңдағы көшбасшысы өзінің ұлы тұлғаға арнап жазған мақаласында баршамызға үлкен ой салғаны анық. Осы мақалада айтып кеткендей өз елімізді, халқымызды, ұлттымызды Абайша құрметтеуді өз санамызға қалыптастырумыз керек. Ұлы ақын ұлтының кемшілігін қатты сынаса да, тек бір ғана ойды – қазақ, халқын жоғырыға талпынысын арттыруды мақсат тұтты деген ойын тындаған кезде санамыз толығып, жүрегіміз тебіренді.Мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерімізден,ересек адамдарға дейін дана ойшылдың шығармашылығы мен еңбектерімен сусындау – рухани қажеттілік. Ішкі жан сарайды кеңейтуге міндеттеу қажет емес. Ол бір қаранғы түнекте қалып қойған пендеге нұр сәулесі түскен ғажап дүниедей нәрсе екені даусыз. Мұхтар атамыз ұлы ақынымыздың қыр-сырларын зертей отырып өз еңбегін жарыққа шығарды. Бүгінде бізге керегі осы роман-эпопея еді. Мен күллі халыққа, билік өкілдеріне қазақ әдебиетінің философиясына, шығармашылығына үздік үлгі ретінде осы туындыны ұсынар едім ұсынар едім. Бұл роман-эпопеяда біз қажет тұтатындай нәрсенің біразы бар: қоғамда отбасылық құндылықта ,халықаралық бәсекеде ,мәдениетте де бар. Тек оны игере білу керек. Абайды оқымаған, білмейтін адам болмас. Бірақ кім Абай атамыздың сара, дара жолымен жүріп келе жатқандығын аңғару онай емес.Қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов айтқандай Абай – тасып жатқан ұлы теңізге тенеген.Теңізден бір жұтым су ішкендей тебіренді. Недеген ғажайып теңеу, әділ баға еді. Қазіргі таңда абайтанудың белгілі бір ғылымға айналғаны,өшпес із қалдырғаны сонша , данагөй ақын әлемі туралы, оның туындылары мен еңбектері жөнінде екі жүзден астам кітап оқырманға жол тартыпты. Бір өлеңі бір елдің мұрасындай болған ұлы ағартушымыздың тұңғыйығына бойлай алдық деген рақымшылдықтың қортынды нәтижесі емес.Жұмысы жоқтық, Аздырар адам баласын демеп пе еді ұлы Абай? Олай болса, жастарды еңбекқорлыққа тәрбиелеуде Абай мұрасын басшылыққа алған дұрыс.Шыны керек, ақын шығармашылығынан адам бойындағы білімсіздік пен қулықтың барлығын айтып жеткізе алмастай  ашуға бойылдырған намыс отының жалының сезгендей боламын.Менің бұл ойға келуімнің себебі : «Көңілім қалды, достан да, дұшпаннан» да деген өлеңі түрткі болды.

Осы өленнің мазмұнында ақын болыс болып, ел басқарған кезінде  өзіне жақын санаған адамдарының қас болып шыққандығын улы тілі, ащы сиясы арқылы жеткізген.Жоғарыда ұлы тұлғамыз суреттеген жеке басының қамы үшін, жалпаңдап, жағымпазданатын доссымақтар қатары бүгінде баршылық. Әрине, көпке топырақ шашқаным емес.Осы орайда Жуалыдан қалықтап ұшқан қыран Шерағамыздың: Қызмет деген Төлегенннің көкжорғасы, Ертең бір Бекежан шығып, мінеді де кете барады,-деген сөзі ойға  еріксіз оралады.Сол доссымақтар осы сөзді терең ұғынса деймін, шіркін...  Абай өлеңдерінен жаңа дәуір келді деп болашақтын нақты қадамдарын көрсететін сарын сезіледі. «Мақсатым-тіл ұстартып, өнер шашпақ» деп, ойдың түйіні жастарға өлеңдерім тәрбиелік мәні зор болсын деген оймен сөз өрбітеді. Білімсіздің санасын ашып, көңілін толтырып деп ойлы жастар осыдан үлгі алсын дейді.Шынында, атамыздың қайбір шығармасына тоқталсақта,рухани қасиеттермен адами қасиеттерге баулитыны хақ.

Өз басым Абай шығармаларын оқи келе, оның мәңгіліктің ақыны екеніне көзім жетті. “Рухани жаңғыру” негізінде осындай тұлғаларымыздың соңынан қалдырған асыл мұраларынан үлгі алуымыздың өзі зерделілік деп білемін. Ел басқарып отырған азаматтардың Абайды темірқазық етіп алуы- оның қаншалықты маңызды тұлға екенінен хабар береді емес пе? Біз, Абайды насихаттау арқылы бүкіл қазақтың мәртебесін көтереміз деп білемін.

Қорытындылай келсем, «Еліміздің ертеңі жастардың қолында» дегенді нақтылай түссек, ұлтымыздың да болашағы сол бүгінгі жас буынның қалай қалыптасуына байланысты. Білімге басымдық беріп, тәрбиені босаңсытып алған елдердің ертеңі бұлыңғыр екені тағы белгілі. Білім мен тәрбиенің өзі ұлттымыздың рухани болмысымен біте қайнап, тамырлы танымынан, Абайдың шексіз мұрасынан нәр алып отырса құба-құп.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Даиргелденова Аружан

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Табиғат- адамзатқа қажетті рухани байлық

Табиғат- адамзатқа қажетті рухани байлық, ортақ үй, ортақ мекен.Адам мен табиғат бір-бірімен тығыз байланысты.Табиғаттың таза болуы адамның өмірі мен денсаулығына тікелей әсер етеді.Фариза Оңғарсынова айтқандай: «Таза…

Даиргелденова Аружан 47 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

Ұлы Абай- ақын, кемеңгер

Абай атамыз қазақ халқының мақтанышына айналған бас ақын. Атамыздың есімі қазіргі танда көптеген елге танымал. Абай өзінің артынан өшпес із қалдырды.Жастар ұлы тұлғаның шығармаларын оқи отырып, тәрбилік мәні зор…

Даиргелденова Аружан 50 оқылым 4 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин