Мазмұнға өту

«Тіл- асыл қазына»

Bilimger Media 2 мин оқу 557 оқылым

«Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы Ана тілінен артық қазақ үшін бұ дүниеде қымбат не бар екен?! Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығына ең негізгі ұйытқы болған – оның ғажайып тілі»-деп Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен еніп, қалыптасады. Тіл халықтың тұтастығын, елдің ынтымағын, бірлігін туғызатын бірден бір құрал.

Қазақ тілі біздің ұлттық қазынамыз, арымыз, намысымыз, әдебиетіміз, мәдениетіміз.

Қазақ тілін дамытып, әдебиет саласына әкелген тұлғалар: Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатұлы, Әлихан Бөкейханов және т.б. ұлт зиялылары. Олар тіл үшін жанын, малын жастығын құрбан еткен. Қазақты қазақ етіп танытатын- қазақ тілі. Бауыржан атамыз «Қазақ тілі-cұлулығымен бой балқытып, тамыр шымырлататын, жан дүниенді жандырып, құлақ құрышын қандыратын, өткірлігімен қысыл таяң тұста ер мен елге бірдей медет беріп, адам түгіл жағдайдың өзінің аузына құм құятын ғажайып кемел тіл» деген екен. Расында, кезінде жерімізге қауіп төңгенде халық жанын аман сақтаған осы бір Ана тіліміз-қазақ тілі. Ол еліміздің байрағын тік көтеріп, жерімізді қызыл түске боямаған. Себебі қазақ тілі- өткір тіл.

Менің ана тілім – шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты тіл. Өйткені өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіме басты себепкер - сол ана тілім! Мынау жарық дүниеге келгеннен бастап, ананың әлдиімен бойыма сіңіріп келе жатқан тілім мен үшін ең қастерлі, ең қымбат тіл.

Менің елім – көп ұлтты Қазақстан. Қанша ұлттың баласы бір анадан туғандай тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Қазақстанда ұлттар арасында татулық  пен бірлік, ынтымақтастық пен достық орнағаны - бәріміз үшін мақтаныш. Бұл - біздің Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының, дана ойларының жемісі. Елімізді жарқын болашаққа жетелейтін, халық мүддесін ғана ойлайтын Елбасының арқасында біз, қазақ елі, мәңгілік ел болып қала бермекпіз.

Соңғы жаңарту: 24 қараша 2025, 23:11

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Bilimger Media

Осы тақырыптағы материалдар

Эссе

Экологиялық тәрбиенің мектепке дейінгі білім беру жүйесінде: балаларда қоршаған ортаға қамқорлық сезімін қалыптастыру

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Баспақкөл ауылы №21"Аққайың "бөбекжай-бақшасы Бүгінгі қоғамда табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін ерте жастан қалыптастыру ерекше маңызға ие, себебі экологиялық мәселелер адамзаттың…

Бейсенова Салтанат Аусатовна 114 оқылым 2 мин
Эссе

Эссе жазу үлгісі

Эссе — ойды қысқа, бірақ дәл жеткізетін жазба жұмыс. «Эссе жазу үлгісі» дегенде көп адам дайын мәтінді іздейді. Бірақ ең дұрыс жол — үлгіні құрылым ретінде түсіну: кіріспе → негізгі бөлім → қорытынды. Сонда кез келген…

Bilimger Media 798 оқылым 4 мин