Мазмұнға өту

"Табиғат - шабыттың қайнар көзі"

Шуйншалиева Асылжан Ахметкерейқызы 5 мин оқу 27 оқылым

Пән: Өзін – өзі тану

Мектеп: «Мичурин «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешені»

Күні: 1.04.2021ж

Сынып: 5 «Ә»

№: 25

Мұғалімі: А.А.Шуйншалиева

Оқушылардың саны: 15

Тақырыбы: Табиғат – шабыттың қайнар көзі

Құндылығы: Қиянат жасамау

Қасиеттері: Қоршаған ортаны қорғау, толеранттылық (кеңпейілділік), татулық

Мақсаты: Оқушыларғатабиғат – шабыттың қайнар көзі екенін ішкі тыныштық құндылығы арқылы түсіндіру
Міндеттері:

1. Білімділік: Оқушылырды өзін – өзі алдамауға үйрету.

2. Дамытушылық: Оқушылардағы шыдамдылық қасиеттерін дамыту.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды байсалдылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

(материалдар, дереккөздер)

1.http://engime.org

1.2. u-s.kz

3. Құлахметов. Ғ. шығармалар жинағы. – Алматы: Жазушы, 2002. – 48 бет.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

5 Т – ережесі:

1. Тәртіп

2. Талап.

3. Тыныштық.

4.Тазалық.

5. Татулық.
Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

Жағымды көңіл – күйге келу. Орманға ойша серуен. (Ескерту: егер бұл сабақ ашық алаңда өткізілсе, онда серуенді сыныпта емес, бақтағы бір орыннан бастау керек).

Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).

2. Үй тапсырмасын тексеру.

1. №24 – сабақ. Әдібай Табылдының сенім туралы айтқан ойларын негізге ала отырып, «Сенім туралы» өз түсініктеріңді жазыңдар.

2. Келесі сабақ. №25, М.Әуезов мәтінін оқып келу.

Сұрақтар:

1. Табиғаттың қандай көріністері Абайдың көңіліне шаттық
сыйлады?
2. Табиғатқа тамсану адамды не нәрсеге шабыттандырады?
3. Табиғаттың қандай әсем құбылыстарын адамның мінезіне теңеуге болады? Неліктен?

4. Өзің табиғаттың ғажап көріністеріне куә болған кезде қандай сезімге бөленесің? Әңгімелеп бер.

3. Сабақтың дәйексөзі.

(Оқушыларға бір рет айтқызып, дәптерге жаздырту)

Табиғаттың өзінде өзгеше бір сүйсінерлік, жанға жайлы бір нәрсе бар.

Ш.Уәлиханұлы

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (шын есімі Мұхаммед Қанафия; 1835,

Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Құсмұрын жері — 10 сәуір 1865, Көшентоған, Жетісу) — қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ,ағартушы.

Сұрақтар:

1. Жер бетінің көріктенуіне басты нәрсе?

2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?

4. Оқиға айту. (Мұғалім сыйы)

Табиғатты аялайық!

Табиғат – адам баласының құтты қонысы, жайлы мекені, ырыс-дәулеті, денсаулығының сенімді сақшысы. Сондықтан халық оны аялайды, қадір тұтады, күтіп- баптайды.

Адамның екі анасы бар: бірі – туған анасы, екіншісі – табиғат.

Табиғаттағы заңдылықтар мен құбылыстар үйлесімді келеді. Ол өздігінен өрескел бұзылмайды.Орманы азайтылған жерлерде өсімдіктер шықпай қалады. Сулы, нулы жерлерді құлазыған аңыздықтар алмастырады.

Табиғат – ұстаз, тәжірибелі тәрбиеші. Адам мейірімділікті, сүйіспеншілікті қайырымдылықты, әдемілікті табиғаттан үйренеді.

Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділіксақтағанда, адамзат баласы үшін табиғат – кең сарай, мәңгі тозбас құтты қоныс болады.

Сұрақтар:

  1. Адамдар табиғатсыз күні жоқ екенін біле тұра қандай зиянын тигізеді? Олардың бұл әрекеті дұрыс па?
  2. Табиғатты неге, не үшін қорғауға міндеттіміз?
  3. Табиғатқа жасалған қиянат өзімізге, болашағымызғажасап жатқан қиянат екенін білеміз бе?
  4. Осы күнге дейін табиғат ана үшін не істей алдың?
5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.

Садықбек Хангелдиндің -

Табиғат , сен – тіршілік, тұнып тұрған,

Сен – күнсің, көтерілген күліп қырдан,

Сен – көлсің,

Сен – ормансың,

Сен – бұлбұлсың,

Адамға сұлулықты шын ұқтырған, - деген өлең жолдарын басшыыққа ала отырып, «Табиғат – тылсым дүние» тақырыбындасурет салу.

6. Топпен ән айту.

Ақ көгершін

Әні.Ө.Н Баймұхамедов

Сөзі. Ә.А.Жұбанов

Ақ көгершін, көгершін,

Қол қанат құс сен едің.

Бар,кезіп қайт ел үшін,

Кең дүниенің көлемін.

Әділеттің құсы деп,

Көз алмастан жолыңнан.

Бақыт болып қоншы деп,

Ұшырамын қолымнан.

Қ/С

Ел тілегін алып ұш

Адамзаттың бағына.

Қара бұлтты жарып ұш

Мұхиттың арғы жағына.

7. Үй тапсырмасы.

1. №25 – сабақ. «Табиғат мені шабыттандырады» тақырыбына эссе жазыңдар.

2. Келесі сабақ. №26, Арасанбай Естеновтың «Қос қарлығаш» әңгімесін оқып келу.

8. Сабақтың қорытынды сәті.

Тыныс алуға зейін қою.

Баяу музыка қойылады.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.

Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз..., арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...

Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 9-10 рет) немесе 1..................2 [3]. Рахмет!

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Шуйншалиева Асылжан Ахметкерейқызы

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

"Табиғат - шабыттың қайнар көзі"

Пән: Өзін – өзі тану Мектеп: «Мичурин «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешені» Күні: 1.04.2021ж Сынып: 5 «Ә» №: 25 Мұғалімі: А.А.Шуйншалиева Оқушылардың саны: 15 Тақырыбы: Табиғат – шабыттың қайнар көзі Құндылығы: Қиянат…

Шуйншалиева Асылжан Ахметкерейқызы 17 оқылым 5 мин
Жалпы рубрика

"Табиғат - шабыттың қайнар көзі"

Пән: Өзін – өзі тану Мектеп: «Мичурин «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешені» Күні: 1.04.2021ж Сынып: 5 «Ә» №: 25 Мұғалімі: А.А.Шуйншалиева Оқушылардың саны: 15 Тақырыбы: Табиғат – шабыттың қайнар көзі Құндылығы: Қиянат…

Шуйншалиева Асылжан Ахметкерейқызы 31 оқылым 5 мин
Жалпы рубрика

"Табиғат - шабыттың қайнар көзі"

Пән: Өзін – өзі тану Мектеп: «Мичурин «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешені» Күні: 1.04.2021ж Сынып: 5 «Ә» №: 25 Мұғалімі: А.А.Шуйншалиева Оқушылардың саны: 15 Тақырыбы: Табиғат – шабыттың қайнар көзі Құндылығы: Қиянат…

Шуйншалиева Асылжан Ахметкерейқызы 11 оқылым 5 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин