Мазмұнға өту

«Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ»

Советбек Мөлдір Асқарқызы 2 мин оқу 56 оқылым

«Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ» тақырыбында өз позицияңды дәлелдеп жаз.

Жемқорлық – індет

Аластау – міндет

(М.Әлімбаев)

Сыбайлас жемқорлық – тек біздің елімімізді ғана емес, бүкіл әлемге кедергі болып отырған індет қой. «Халқымыз – ұрлық түбі қорлық» деп ертерек айтып кетсе  де,  «қазанның  ауызыннан  қақпақ  кетті»  де  жемқорлардан  ұят  мүлдем жоғалды.

Басқа  елдерді  алмай-ақ  қоялық  еліміздегі  жемқорлық  экономикамыздың дамуына  қатты  тұсау  болып  отырғаны  жасырын  емес.  Қызылорда  облысының бұрынғы әкімі Қуанышбек Ысқақов жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Былтырғы  көктем  айларында  Ысқақовтың  "Алаяқтық"  бабы  бойынша  күдікке ілінгені хабарланған еді. Ақпарат агенттіктерінің жазуынша, оның екі орынбасары әрқайсысы - 6 жылға, қылмыстық іс аясында айып тағылған тағы екі кәсіпкердің әрқайсысы  5  жылға  сотталған.  Оларға  түрме  жазасы  берілген.  («Азаттық» сайтынан»).Балық басынан шіріп жатса, қалғандарынан не жорық? Ет сасыса тұз себеміз-ау,  ал  тұз  сасыса  не  себеміз?  Алдымызға  салып,  аға  тұтып  жұрген ақсақалсымақтарымыз  осылай  жасап  жатса,  жастарға  кім  ақылын  айтып  жөн сілтейді?

Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп,  беделіне  нұқсан  келтіреді,  заңды  қағидаларды  теріске  шығарып, азаматтардың  конституциялық  құқықтары  мен  заңды  мүдделерінің  бұзылуына түрткі болады. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»  Заңына  сәйкес,  сыбайлас  жемқорлықпен  күресті  барлық  мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Ең қатал жаза  қазіргі  Қытай  елінде  қолданылады.  1980  жылдардың  басында  қатаң экономикалық қылмыс жасағандар үшін Қытай қылмыстық кодексінде «ату бабы» күрт  көбейді.  Қазір  Қытайда  сыбайлас жемқорлық  үшін  өмірлік  сотталу  немесе  өлім  жазасын  алуға  болады  («Алаш айнасы» басылымынан).

Мемлекеттік  органдардардың  ұжымдардың,  жергілікті  өзін-өзі  басқару органдарының  басшылары  өз  өкілеттігі  шегінде  кадр,  бақылау,  заңгерлік  және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті. Заң қатал болса, ұры да аяғын тартады, ет тәттілігін қойса, мен ұрлығымды қояр едім деген екен бір қасқыр. Сол адам мен мал тағыларының аяғын тартқызар заң керек-ақ боп тұр Сенат пен Парламенттегі көкелелерімізге.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Советбек Мөлдір Асқарқызы

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақ тілі

Жасанды интеллект құралдарын қазақ тілі сабағында қолдану мүмкіндіктері

JOO school Medeu Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аннотация Мақалада жасанды интеллект құралдарын қазақ тілі сабағында қолданудың бағыттары талданады. Оқыту мазмұнын даралау, мәтінмен жұмыс, бағалау үдерісін…

Битілеу Динара Мақсатқызы 182 оқылым 6 мин
Қазақ тілі

Оқу сауаттылығын қалыптастырудағы мәтін түрлерімен жұмыс

Алматы қаласы Алатау ауданы "№185 мектеп-гимназия" қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аннотация Мақалада оқу сауаттылығын қалыптастыруда мәтін түрлерімен жұмыстың теориялық және практикалық қырлары қарастырылады.…

Қаирова Аружан Болатқызы 200 оқылым 6 мин
Қазақ тілі

Авторлық ұлттық ойындары – тәрбиенің қайнар көзі

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің №17 бөбекжай-бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының қазақ тілі мұғалімі Аннотация: Қазіргі замандағы жаһандану үрдісі мен цифрлық…

Әмірбекова Айгүл Әзімханқызы 143 оқылым 7 мин
Қазақ тілі

Қазақ тілін өмірмен байланыстыра оқыту

“Elite school” жекеменшік мектебі Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Аннотация Мақалада қазақ тілін өмірлік жағдаяттармен ұштастыра оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері қарастырылады. Өмірмен байланыстыра оқыту тілдік…

Асқар Гүлназ Болатқызы 85 оқылым 6 мин