Мазмұнға өту

Ш. Құдайбердіұлы өмірі мен шығармашылығы

Bilimger Media 2 мин оқу 868 оқылым

Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы
Мектеп: Есір Айшуақұлы атындағы орта мектеп
Мерзімі: 31.01.18 Мұғалімнің аты-жөні:Махамбетова.Б
Сынып: 10 Қатысқандар саны: Қатыспағандар:
Сабақтың мақсаты -Оқушылардың Шәкәрім туралы білімдерін дамыту;ақын өлеңдерінің идеясын ашу,рухани-адамгершілік қағидаларымен танысу,өлеңдерін нақышына келтіре оқи отырып,негізгі түйінді таба білуге дағдыландыру;
-Шәкәрім лирикасымен Абай өлеңдерінің үндестігін тануда оқушыларды өзіндік ой қорытуға бағыттау.
Бағалау критерийлері Ақынның өмірі мен шығармашылығын біледі;
Тілдік мақсаттар
Оқушылар:
Ақынның өмірі мен шығармашылығы таныса отырып, өз пікірлері мен ойларын айтады (оқылым,жазылым,айтылым дағдысы)
Пәндік лексика мен терминология
Прототип- грек. түп, төркін бейне.
Әдебиет шығармасындағы кейіпкердің бейнесін жасауға тірек, негіз болатын өмірде болған адам, негізгі тұлға.
Құндылықтарды дарыту

Сабақ барысында сыныптастардың бірін-бірі тыңдауға, әр оқушының жауабын мұқият тыңдау арқылы қол жеткізіледі.
Жауапкершілік оқушыларға тапсырманы орындау барысында беріледі.
Пәнаралық байланыстар Тарих,музыка
АКТ қолдану дағдылары Интерактивті тақта,слайд, «Ақылдың алты қалпағы»
Алдыңғы білімдері
Оқушылар өткен сабақтан Шәкәрімнің өмірбаянын біледі.

Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Оқыту ресурстары
Басы
7-10 минут
Ұйымдастыру кезеңі
Топқа бөлу (карточкалар суыру арқылы)
І топ:Шәкәрім-ойшыл
ІІ топ:Шәкәрім-ғалым
ІІІ топ:Шәкәрімтанушы
(Жеке жұмыс)
1.Ол-Абайдың нағыз мұрагерлерінің бірі.
2.Ол-жеті жасында әкесінен жетім қалған.
3.Ол-өзінің алғашқы өлеңін де жеті жасында жазады.
4.Ол- 20жасында болыс болған.
5.Ол- ГПУ қызметкері Абзал Қарасартовтың қолынан қаза табады.
6.Ол – 30 жыл қараусыз қалған құдықта жатқан.
7.Оны 1961 жылы ұлы Ахат құдықтан шығарып,Абай зиратының қасына арулап жерлейді.
8.Ол-30 жасында сал ауруына ұшырап,сөйлей алмай қалады.
9.Ол-Париж,Стамбұл кітапханаларында болған.
10.Оның Меккеге барудағы ең алғашқы мақсаты «қажы» болу емес,Құнанбай атасының «тақиясын» көру болатын.
11.Оның тағы бір ұлы Зият әкесіне жабылған жаланың салдарынан елден кетуге мәжбүр болған.
12.Ол- 19 жасында Абай ағасының нұсқауымен «Қазақ халқының шежіресін» жазып бастаған.
13.Ол- «халқын,өнерлі,білімді» елден орыс халқынан тағылым алуға шақырған.
14.Оның шығармалары ең алғаш 1912 ж.Семейде «Қазақ айнасы» деген атпен жарық көрген.
15.Ол- «Абай жолындағы» Шұбар есімді кейіпкердің прототипі.
16.Ол-1985 жылы жарық көрген «Бес ғасыр жырлайды» жинағына енбей қалған.
17.Ол -1958 жылы қазанда халқымен қайта қауышты.

Слайд,карточка

Ортасы
18 минут
(Топтық тапсырма)
І топ
«Жұлдыз» әдісі.
Мұнда топ оқушылары кім?қашан?қайда? неліктен?қалай? деген сұрақтарға жауап береді.
ІІ топ
«Фиш-боун» әдісі.
Балық кейпінде сызылған тірек-сызба арқылы ақын шығармашылығын топтастыру.
ІІІ топ
«Сұрақты тап» әдісі.
Шәкәрімнің «Жастарға» өлеңіне талдау жасау.

Постер қорғау

Соңы
4 минут
2-Тапсырма
Шәкәрімнің өлеңдерін жатқа оқу. «Жастарға»;

?

Сабақты бекіту:
7 минут Жұптық жұмыс
«Ақылдың алты қалпағы» әдісі.
Ақ қалпақ-нақты деректер.
Қызыл қалпақ -ішкі сезім,эмоция.Ән орындау «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек»
Сары қалпақ-пайдалы жақтары
Қара қалпақ-зиянды жақтары.
Жасыл қалпақ-идея ұсыну.
Көк қалпақ-қорытындылау.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Bilimger Media

Осы тақырыптағы материалдар

Қазақ әдебиеті

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында инновациялық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру 

Шымкент қаласы. Қазақстан Зиятркелік "Бәйтерек мектебі" қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Бұл мақалада қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігі қарастырылады.…

Тельмаева Назерке Жаскыранкызы 116 оқылым 3 мин
Қазақ әдебиеті

Жазылым академиясы: эссенің толық бағыты» – оқушылардың жазылым құзыреттілігін дамытудың тиімді құралы

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі «Абай атындағы негізгі мектебі» КММ Жамбыл облысы, Талас ауданы Қазіргі білім беру жүйесінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, сыни ойлау қабілетін қалыптастыру және…

Казакбаева Жанар Меирбековна 62 оқылым 2 мин
Қазақ әдебиеті

Әдеби мәтінді сахналау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту

«Сарыжар жалпы орта білім беретін мектебі» КММ Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Қазақстан, Ақтөбе Аннотация: Мақалада әдеби мәтінді сахналау әдісінің оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудағы педагогикалық…

Аблашимова Жазира Бекмуратовна 96 оқылым 6 мин
Қазақ әдебиеті

Медиаэтика: медиа саласында жиі кететін қателіктер.

Бальзакова Арайлым, 3 курс Мәтіндегі қате медиа этикасын бұзады Қазіргі таңда медиа әлемінде ақпараттың дәлдігі маңызды рөл атқарады. Мәтіндегі қателіктер мен жалған ақпараттардың таралуы медиа этикасының бұзылуына…

Арайлым Бальзакова 31 оқылым 2 мин