Мазмұнға өту

Сасық бай, дәулетті бай

ЕРКЕЖАН 2 мин оқу 20 оқылым

Көп уақыттан бері санамызда қалыптасып, ойымызға кеңінен таралған ақша, дүние мәселесі ешқашан актуалды тақырыптар қатарынан түскен емес. Сонау Кеңес Одағынан бастап "ақша қолдың кірі", "ақша - адамның санасын улаушы" деген сияқты тағысын тағы идеологияны ұстанып келеміз. Бұл ойымыз қаншалықты дұрыс? Дүние, байлық мәселесін Абай тұрғысынан қарастыратын болсақ, қазақтың бас ақыны " Егіннің ебін, сауданың тегін, ойланып ойлап мал ізде, адам бол бай тап, адал бол мал тап, қуансаң қуан сол кезде демеп пе еді?! Түрік тілінде бай сөзі бірінші деген мағынаны білдіреді екен. Қазақта ең бірінші шыққан гүлді де бәйшешек дейді, яғни бірінші шыққаны үшін. Кез-келген адам бай, қуатты бола алмайды. Оны мойындау керек. Ол еңбекқорлық, білімділік, ақыл сияқты қасиеттерді талап етеді. Қарап отырсам байларды екі топқа бөліп қарастырсақ болады екен. Біріншісі - сасық бай. Оған ақшаның қандай жолмен келгені, қандай іске жұмсалатыны маңызды емес, әйтеуір мақсатсыз, ойсыз дүниеге құнығып кеткен адам. Ал екіншісі - дәулетті бай. Ол ақшаны өзінің жаны үшін жұмсайтын адам. Осы орайда қазақта " малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы" деген керемет сөз бар. Бір қызығы ата- бабамыз "бай жақсы ма, әлде жаман ба деген сұраққа, "жемесе де май жақсы, бермесе де бай жақсы" деп жауап берген екен. Неге олай айтқан? Белгілі Абайтанушы, ғалым Омар Жәлелдің айтуы бойынша, "байлық - адамның өсуі, толуы, қалыптасуы, былайша айтқанда салтанат". Ал кедейлік деген неге жаман дегенде, Абай кедейліктің адамды хайуандандырып жіберетінін айтады. Алла тағала барлық адамға байлықты берді. Кедей, дәулетті деп бөліп жарған жоқ. Бірақ оны бәрі бірдей көре бермейді. Мәселен, орыстың белгілі жазушысы Иван Андреевич Крыловтың " Мысық және бұлбұл" әңгімесін мысалға алайық. Бұл әңгімеде мысыққа көзілдірік беріледі. Бірақ ол көзілдірікті көзіне тағудың орнына құйрығына тағып алады. Адамдармен де тура солай. Берілген денсаулықты, бойдағы қуатты дұрыс қолдана алмай, білмей дал болады. Нәтижесінде кінәні өзінен емес өзгеден іздейді. Түйіні байлық жаман емес. Алайда сасық бай боласың ба немесе дәулетті бай боласың ба ол сенің қолыңда.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

ЕРКЕЖАН

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Журналистің қызметі қаншалықты еркін ?

Журналистика – қоғамдағы ең маңызды және жауапты мамандықтардың бірі. Журналистер ақпарат тарату арқылы қоғамның санасын қалыптастырады, халықты хабардар етеді және пікір алмасуға жағдай жасайды. Алайда, бұл қызметтің…

Еркежан 52 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Абай салған дара жол

«Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Маңызын жоймау былай тұрсын, заман өзгеріп, қоғамдық санада күрт сапырылыстар пайда болған сайын бұл қазына өзінің жаңа…

Еркежан 47 оқылым 5 мин
Жалпы рубрика

С.Сейфулиннің ғұмырнамалық жанры және шығармаларына арқау болған замана шындығы

«Қазақтың бір туар перзенті, аса көрнекті ақыны және мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллин халық жадында мәңгі сақталар жан, асылдардың асылы, аяулылардың аяулысы деп еске аламыз. Сәкен – біздің ұлттық мақтанышымыз, ел…

ЕРКЕЖАН 25 оқылым 3 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин