Мазмұнға өту

С.М.Жақыповтың «Оқыту процесінің психологиялық құрылымы» еңбегіне талдау

Аскарова Жулдыз Кунанбайкызы 2 мин оқу 32 оқылым

Білім жеке адам өмірінде және мемлекет саясатында аса маңызды орын алатын, іргелі салалардың бірі болып табылады. Тіпті, қазіргі заманның саналы тұлғасын ең болмағанда минималды білімсіз елестету мүмкін емес. Мұның барлығы білім беру және білім алу, яғни, жалпы оқыту мәселелерінің өзектілігін арттырады. Сондықтан, оқыту процесінің қызметі, құрылымы, тиімді әдістемелері көптеген ғалымдардың зерттеу тақырыбына айналғандығы таң қалдырарлық нәрсе емес деп ойлаймын.

Оқыту саласын жан-жақты зерттеп, оған өзіндік көзқарасын ұсынған сондай ғалымдардың бірі психология ғылымдарының докторы, академик Сатыбалды Мұқатайұлы Жақыпов болды.

Біз «Тұлға психологиясына кіріспе» пәні аясында қарастырған С.М.Жақыповтың «Оқыту процесінің психологиялық құрылымы» еңбегі педагогикалық психология саласындағы мамандарға ғана емес, сонымен қатар, оқу процесінде танымдық іс-әрекеттің тиімділігін арттыру мәселелеріне қызығушылық танытатын әрбір адамға арналған.

С.М.Жақыповтың  айтуынша, біз ХХІ ғасырда, жоғары технологиялар заманында өмір сүрсек те, жаңа тиімді оқыту технологияларын құру қажеттілігі туралы айта отырып, әлі де ортағасырлық категориялармен ойлаймыз.

Университет оқытушылары мен мектеп мұғалімдері қаласа да, қаламаса да оқу процесінің тиімділігін нақты не анықтайтыны туралы ойланбастан, күнделікті іс -әрекеттегі оқыту әсерінің тиімділігі мәселесін шешуге мәжбүр болатыны одан да өкінішті.

Дидактикалық жүйе түсінігін анықтай отырып, С.М.Жақыпов оқыту позициясының репродуктивті және продуктивті түрлерін ажыратады. Олардың түбегейлі айырмашылығы жалпы мақсаттың мазмұнын анықтаудан тұрады.

Репродуктивті бағыт өкілдері мақсат ретінде білім, дағды мен қабілеттерді беру мен игеру процесін қарастырады.

Ал, оқытудың жалпы мақсаты ретінде продуктивті бағытты ұстанушылар практикалық немесе танымдық міндеттерді, мәселелерді шешу дағдылары мен дағдыларының қалыптасуын, дамуын түсінеді, мұнда білім осы қызметті қамтамасыз ететін құралдардың рөлін атқарады.

Мен С.М.Жақыповтың «осы уақытқа дейін бұрынғы Кеңес Одағы елдерінің барлық білім беру жүйелерінде оқыту мәселесіне деген дәстүрлі, немесе репродуктивті көзқарастың басымдылығын білдіретін тиімділік критерийлері сақталған»,-деген пікірімен келісемін.

Алайда, менің ойымша, қазіргі таңда білім берудің практикалық аспектілеріне көбірек назар аудару арқылы бұл мәселеде біршама ілгері жылжу байқалып келеді.

Тәуелсіз Қазақстанымызға биыл отыз жылдың жүзі толып отыр, бұл уақыт аралығында елімізде білім беру саласында көптеген реформалар жүргізіліп, ауқымды өзгерістер орнады деп ойлаймын. Бұл мәселеде жас мемлекетіміз мүлдем кемшіліктерден тыс деп айта алмасақ та, С.М.Жақыпов сілтеген тиімді оқыту жолында нық қадам басып, жарқын болашаққа қарай ұмтылып келе жатырмыз деп қорыта аламын.

Автор: Аскарова Жулдыз Кунанбайкызы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, "Психология" мамандығының 3-курс студенті

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Аскарова Жулдыз Кунанбайкызы

Автордың басқа материалдары

Психология

С.М.Жақыповтың «Оқыту процесінің психологиялық құрылымы» еңбегіне талдау

Білім жеке адам өмірінде және мемлекет саясатында аса маңызды орын алатын, іргелі салалардың бірі болып табылады. Тіпті, қазіргі заманның саналы тұлғасын ең болмағанда минималды білімсіз елестету мүмкін емес. Мұның…

Аскарова Жулдыз Кунанбайкызы 112 оқылым 2 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Психология

Тәрбиеленушілердің функционалдық сауаттылығын дамыту үшін цифрлық технологиялар мен ресурстарды қолдану

Қызыл Гүлназ Ыбырай қызы Педагог - психолог Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, с. Жарлы "Жарлы" бөбек жай балабақшасы. Аннотация. Мақалада мектепке дейінгі білім беру жүйесінде тәрбиеленушілердің функционалдық…

Bilimger Media 101 оқылым 8 мин
Психология

Зейін қою – жетістікке жетудің бaсты жолы

Aқтөбе қaлaсы № 39 қaзaқ ортa жaлпы білім беру мектеп-лицейі психологы Қaзіргі тaңдa оқушылaрдың білім aлуы мен жaн-жaқты дaмуы үшін зейін қоя білу өте мaңызды. Зейін – aдaмның белгілі бір іске нaзaрын aудaрып, оны…

Минaевa Гүлсім Ғaриполлaқызы 43 оқылым 1 мин
Психология

Мектепке дейінгі ұйым жағдайында сөйлеу бұзылыстарының алдын алу жұмысының психологиялық аспектілері

Лауазымы: Педагог-психолог Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Түгіскен ауылы "Айдана-1999"балабақшасы Кіріспе Мектепке дейінгі жаста баланың сөйлеу тілі оның психикалық дамуының жетекші көрсеткіші болып табылады.…

Джунусова Нурбала Абилкасымовна 74 оқылым 4 мин
Психология

3–6 жастағы баланың эмоциясын тану және басқару: ашу, реніш, қызғаныш

Психолог Аннотация Бұл мақалада 3–6 жастағы баланың эмоцияларын тану және оларды жас ерекшелігіне сай басқару жолдары қарастырылады. Ерте балалық шақта эмоцияны айыру қабілеті (бет-әлпет, дауыс ырғағы, қимыл-қозғалыс,…

Өтебай Ұлмекен Базарбайқызы 141 оқылым 7 мин