Қазақстанмен шекарада ақша бопсалаған. Қырғызстанда ҰҚТ мүшелерінің туыстары ұсталды
Қырғызстан МҰҚК Қазақстанмен шекарада кәсіпкерлерден ақша бопсалаған ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің жақын туыстарын ұстады.
Ведомство мәліметінше, Қырғызстан мен Қазақстан шекарасындағы бақылау-өткізу бекетінде трансұлттық қылмыстық топ Қырғызстанда жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлерден ақша бопсалау және өндіру үшін тұрақты қылмыстық схема ұйымдастырған.
Қылмыстық схемаға қатысы бар жоғары лауазымды тұлғаларды анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жалғасып жатыр.
"Қазір Қырғызстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 231-бабы "Экономикалық контрабанда" бойынша қылмыстық іс қозғалып, Қырғызстан азаматтары М.О.Р. мен С.У.Т. ұсталды", - делінген хабарламада.![]()
Еске сала кетейік, Камчы Колбаев жойылғаннан кейін соңғы бірнеше күнде Қырғызстанда оның ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелерін тұтқындау шаралары жалғасып жатыр.
Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз
Мақаланы телефонда ашыңыз
https://bilimger.kz/qazaqstanmen-shekarada-aqsha-bopsalagan-qyrgyzstanda-uqt-mushelerining-tuystary/
QR суретін жүктеуАвтор
Анель