Мазмұнға өту

Қандас бауырымыздың біз білмейтін құпиялары…

Айғаным 1 мин оқу 30 оқылым

Кезінде қуғын-сүргін салдарынан басқа елге бас сауғалап кеткен қандастарымыздың бірі оралса, енді бірі сол жақта мерт болған еді. Әлі күнге дейін шекара асып кеткен қандастарымыз елге орала алмай жүр.

Жақында ғана журналистика факультетінің 1-курс студенті атанған ерекше баланы байқап қалдым. Сұрастырғаным бойынша, ол бала біздің қандасымыз екен. Өзі ақкөңіл, еш арам ойы жоқ аңғал, қылықтары да бір қызық көрінді. Бір күні жатақханада жүргенімде тырнағын алып, дәліздегі гүлдердің топырағына көміп жатқанын байқап қалдым. Сөйтіп, өзінен сұрасам, анасының айтуы бойынша, алынған тырнақты топыраққа көміп, артынша су құйсаң, гүлге пайдасы зор екен. Гүлдің сабағының қатайып өсуіне, топырақты микробактериялардан қорғайтынын айтты. Тағы да қандай қызықты ақпараттармен бөлісе аласың деп сұрағанымда, адамның шашына қайызғақ түссе, 1 стакан суға тұзды кофе секілді езіп, араластырып шашыңды сонымен жусаң, ертеңіне шашыңдағы қайызғақ жоғалып кетеді екен. Бұл ақпараттардың барлығын кішкентай кезден бері нағашы апасының қасында жүріп естіпті. Сондай-ақ, нағашы апасының емшілік қасиеті бар болып шықты. Және Тұрпан атты мекенде емдейтін жақсы бір жер бар екенін айтты. Егер қандай да бір аурумен ауырып жүрген таныстарыңыз болса, сол жерге апарып емдетуге кеңесін берді. Өзінің де сол жерде емделіп, емінің оң әсер бергенін жеткізді. Одан бөлек, нағашы апасының айтқаны бойынша, өзіміздің журналистика факультетінде оқитын Мейрамбай атты баланы өзі емдеген. Нақтырақ айтсам, баланың аяғы ісініп кетіпті. Ал ол қауынды пакетке салып езіп, суын шығарып оның аяғына жаққан. Солай ол баланың аяғының ауырсынуы басылған. Жас та болса, біраз дүниені өз бойына сіңірген Иса Бейбіттің берген ақпараттары барлығымызға пайдалы болар деген үміттемін. Міне, қандас  бауырымыздың  біз білмейтін, біз естімеген қаншама сырлары бар.

ҚазҰУ, журналистика факультеті 2-курс

Болаи Айғаным

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Айғаным

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Қандас бауырымыздың біз білмейтін құпиялары…

Кезінде қуғын-сүргін салдарынан басқа елге бас сауғалап кеткен қандастарымыздың бірі оралса, енді бірі сол жақта мерт болған еді. Әлі күнге дейін шекара асып кеткен қандастарымыз елге орала алмай жүр. Жақында ғана…

Айғаным 34 оқылым 1 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин