Мазмұнға өту

«Қамқор аға вожатый » атты еріктілер тобы

Динара Бакытжановна Жумажанова 2 мин оқу 43 оқылым

«Қамқор аға вожатый » атты еріктілер тобы

         ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  ОҚУ  АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ «ӨРЛЕУ»  БАҰО»  АҚ  филиалы РКДИ ұйымдастыруымен Жетісу облысы, Талдықорған қаласында 2023 жылы 24-сәуір-05мамыр аралығында «Білім беру ұйымдарындағы аға –тәлімгердің кәсіби құзіреттілгін дамыту тақырыбында біліктілік арттыру курс өткізілді.Курс жеткшісі  Өрлеу" БАҰО АҚФ РКДИ  "Менеджмент және Инклюзивті білім беру" каферасының аға оқытушысы Жаксылыкова Кенжекул Зарлыхановна педагогтерге дәріс берді.

Педагогтердің біліктілігін арттыратын «Білім беру ұйымдарындағы аға тәлімгерлердің кәсіби құзіреттілігін дамыту» білім беру бағдарламасы білім алушыларды тәрбиелеу және әлеуметтендіру жұмыстарын жоспарлауға және ұйымдастыруға байланысты кәсіби құзыреттіліктерді дамытуға бағытталған. Курс мазмұнды,тиімді және қажетті білімге толы болды. Соның бірін айта кетсем білім саласындағы волонтерлік және қайырымдылық қызметінің мақсаттары мен міндеттері, білім беру ұйымындағы волонтерлік және қайырымдылық шараларды ұйымдастырудың әдістері мен формаларын оқып білу міндеттері талқыланды.  Еліміздің болашағы ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты өйткені, еліміздің тізгінін ұстап, жеріміздің байлығын, тарихымыз бен мәдениетіміздің асыл мұрасын қастерлеп, ұлтымыздың лайықты перзенті бола алатын ұрпақ тәрбиелеу, оларға жан жақты қамқорлық көрсетіп, мейірім шуағын, жүрек жылуын сыйлау халқымызға тән асыл қасиетіміз.

Ел Президенті Қ.Тоқаев «ҚP Пpeзидeнтi peтiндe мeн әpқaшaн вoлoнтepлapдың қoзғaлысын қoлдaйтынымды жeткiзeмiн. 2020 жылды Вoлoнтepлap қoзғaлысының жылы дeп жapиялay тypaлы ұсыныстapыңызды тoлығымeн қoлдaймын. Epiктiлep – жaны тaзa aдaмдap. Oлap – eлдiң шынaйы пaтpиoты, сoл үшiн дe құpмeтiм шeксiз. Бeлсeндi aзaмaттық ұстaнымдapыңыз мeмлeкeттiң дaмyынa aйтapлықтaй сeптiгiн тигiзeтiнi сөзсiз».

2020 жыл Еріктілер жылы деп ресми жарияланған еді.

Волонтерлік қызмет – әлеуметтік бағытталған ерікті, еркін ерік білдіру бойынша орындалатын, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың мүддесінде өтеусіз негізде жүзеге асырылатын қоғамдық пайдалы қызмет.

          ВОЛОНТЕР - ерікті түрде, өз ниеттерін негізге ала отырып, қоғам игілігі үшін жұмысқа қатысатын адам.

ВОЛОНТЕРЛІК – басқа адамдардың игілігі үшін ақы төленбейтін, саналы, ерікті қызмет. Осы қарапайым анықтамаларда терең мағына бар және жеке алынған ұйымда немесе ұлттық деңгейде волонтерлікті дамытудың жетістігі оларды түсінуге тікелей байланысты.

Осыған орай, 25 курс қатысушыларынан құралған «Қамқор аға вожатый » атты еріктілер тобы құрылды.  28 сәуір күні: Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімнінің №17 орта мектепе КММ директорының қатысуымен қайрымдылық іс-шара өтіліп курс қатысушылар атынан әлеуметтік жағдайы төмен отбасы білім алушыларына Аз қамтылған ,көп балалы, толық емес отбасы мектеп оқушыларына жазғы лагерьге қажетті заттар алуға  көмек берілді.

Қайырымдылықтай асыл қасиетіміз ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын таба берсін!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Динара Бакытжановна Жумажанова

Осы тақырыптағы материалдар

Тәрбие сағаты

Білім күніне арналған тәрбие сағатының жоспары

Тақырыбы: «Білім – болашақтың бастауы» Бағыты: Танымдық, патриоттық, тәрбиелік Сынып: 5–11 сыныптарға бейімдеуге болады Ұзақтығы: 40–45 минут Өткізу формасы: Тәрбие сағаты, пікір алмасу, сұрақ-жауап, шығармашылық…

Bilimger Media 264 оқылым 7 мин
Тәрбие сағаты

16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне тәрбие сағаты мектепке

Тәрбие сағаты тақырыбы: «Тәуелсіздік — елдің тұғыры» Мереке: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні Негізгі дата: 1991 жылғы 16 желтоқсан Мақсаты Оқушылардың тәуелсіздік құндылығын түсінуін арттыру, патриоттық…

Bilimger Media 145 оқылым 4 мин
Тәрбие сағаты

16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне тәрбие сағаты. Балабақша

Тәрбие сағаты: «Тәуелсіз елім — Қазақстан!» Мақсаты: Балалардың Қазақстан туралы алғашқы түсінігін кеңейту, Отанға сүйіспеншілік сезімін ояту. Міндеттері: «Отан», «Қазақстан», «Тәуелсіздік» сөздерінің мағынасын балаларға…

Bilimger Media 695 оқылым 3 мин
Тәрбие сағаты

1 қыркүйек - білім күні. Тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Білім – болашақ ұясы» Кіріспе Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін – барша қауым үшін маңызды күн: 1 қыркүйек, Білім күні. Әрбіріміз үшін мектептің қақпасы жаңа мүмкіндіктерге әкелетін портал іспеттес.…

Bilimger Media 351 оқылым 2 мин