Мазмұнға өту

Өсімдік және су

Bilimger Media 2 мин оқу 316 оқылым

Өсімдік  және  су. Осы  екі  сөздің  егіз  айтылуы  тіптен  де  кездейсоқ  емес. Сонау  1901 жылдың  өзінде-ақ  Данияның  белгілі  ботанигі  Е. Варминг  былай  деп  жазған  еді: «Өсімдік  тіршілігінің  өзі  ауа мен  топырақтағы  судың  мөлшеріне  тікелей  байланысты. Сондықтан  да  оның  ішкі  және  сыртқы  құрылымына  судан  артық  әсер  ететін  табиғатта ештеңе  жоқ». Өсімдік  дүниесі  үшін  судың  қандай  маңызы  бар  екенін  бұдан  артық  тап  басып  айту  қиын  болса  керек. Шынында  да  өсімдіктің  қандай  түрі  болмасын  тіршілігі  үшін  су ең  басты  табиғи  факторлардың  бірінен  саналады. Табиғатты  сыртқы  күштерінің,соның  ішінде  судың  әсерімен  өсімдіктің  өзінің  ішкі  дүниесі  қалыптасады  да, осының  негізінде  барлық  өзекті  тіршілік  процестері  өрбиді. Осылардың  бәріне  су  тікелей  қатысады.

Судың  өсімдік  организміне  келуінің, онда  таралуының  және  булануының  жиынтығы  ретіндегі  су  тәртібі  немесе  өсімдіктің  су  алмасуы  өсімдік  физиологтарының  назарын  көптен  бері  өзіне  аударып, ғылымның  осы  аттас  дербес  бір  саласына  айналып  отыр. Осы  тақырыпқа  ондаған  монографиялар, тақырыптық  жинақтар  мен 20 мыңнан  астам  қолтума  мақалалар  арналып  отыр. Ғылыми  еңбектер  соншалық  көп  бола  тұрса  да  өсімдік  пен  судың  өзара  байланысы  жайында  жазылған  бірде-бір  ғылыми-көпшілік  кітап  жоқ.

Өсімдік  пен  судың  өзара  байланысының  заңдылықтары  біріне-бірі  қарама-қарсы  екі  түрлі  жағдайда – ылғал  тапшы  немесе  мол  болса  ерекше  айқын  байқалады. Тіршіліктің  қолайсыз  жағдайларына  қарсы  өсімдіктердің  қалай  күресетіндігі, бұл  күресте  олардың  қандай  мүмкіншіліктері  бар  екені  және  олардың  сумен  қоректенуіне  қолайлы  жағдай  жасау  үшін  адам  көмегінің  қаншалықты  маңызды  әрі  тиімді  болатыны  көрсетілген.

Бұдан  миллиардтаған  жылдар  бұрын  біздің  планетамызда  алғашқы  жанды  организмдер  пайда  болды. Оларда  алғашқы  тербеткен  бесік  ежелгі  көне  Мұхит  еді. Көптеген  ғалымдардың  пікірі  осыған  саяды.

Тіршіліктің  пайда  болуын  өсімдіктердің  пайда  болу  уақыты деп  есептеуге  болады, өйткені  қалай  дегенде  де  тұңғыш  клетка - өсімдік  клеткасы  болған  болуы  керек.  Тек  өсімдік  клеткалары  ғана  өз  тіршілігіне  энергиясын  пайдаланып, айналаны  қоршаған  ортадағы  ең  қарапайым  молекулалардың  есебінен  өсіп - өне  алады.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Bilimger Media

Осы тақырыптағы материалдар

Биология

Биология және химия сабақтарында зертханалық жұмыстарды «Pasco» датчиктері арқылы тиімді ұйымдастыру жолдары.

“Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Бүркітті ауылы №20 ЖББМ” КММ-нің биология және химия пәндерінің мұғалімі Аннотация Мақалада жалпы орта білім беретін мектептерде биология және химия пәндеріндегі зертханалық…

Муканова Айгуль Асериятовна 173 оқылым 4 мин
Биология

Қаратау өңіріндегі шегірткелердің физиологиясы

Биология пәнінің оқытушысы ЖШС «Кентау колледжі» Аннотация Бұл ғылыми зерттеу Түркістан облысы Қаратау өңірі бойынша шегірткелердің морфологиясы, түр алуандылығы және зиянкестермен күресу әдістерін зерттеу жолдары.…

Жиенбекова Гулзада Кенесбаевна 43 оқылым 6 мин
Биология

STEAM әдістемесін қолдана отырып биология сабағында жобалық жұмыс ұйымдастыру

Ж. Тәшенов атындағы ЖББМ КММ Биология мұғалімі Аннотация Бұл мақалада биология пәні бойынша жобалық жұмысты STEAM (Science, Technology, Engineering, Arts, Mathematics) тұғырында ұйымдастырудың теориялық-әдістемелік…

Жылқыбай Айдана Сағадиқызы 225 оқылым 7 мин
Биология

Биологияның адам өміріне пайдасы

Биология ғылымы адам өмірінің барлық аспектілеріне тікелей ықпал етеді, өйткені ол тірі организмдердің құрылымын, функцияларын, эволюциясын және өзара байланысын зерттейді. Биологияның пайдасы медицинадан бастап,…

Bilimger Media 143 оқылым 2 мин