Мазмұнға өту

Оқытудың озық технологиясы

Тураева Дина Абдрашовна 2 мин оқу 311 оқылым

Оқытудың озық технологиясы

Бүгінгі таңда еліміздің әлемдік білім кеңістігіне бағыт алған жаңаша білім беру жүйесі қалыптасып, даму үстінде.

Оқытудың технологиясы мен иновациялық әдіс-тәсілдері еніп, қанат жайған бүгінгі таңда, оқушы білімін бағалаудың да әр түрлі тәсілдері тәжірибеде қолданылу үстінде.

Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтарының біліктілігін арттыру курсының бірінші деңгейін оқып, оқушылар алдында сабақ беру барысында іс-тәжірибеміз толыға түсуде. Бұрынғы дәстүрлі оқытуда өзіміз түсіндіріп, соңынан өзіміз сұрайтын болсақ, ал қазіргі сабақ модуль бойынша оқытудың жаңа тәсілдері арқылы жүргізіледі.

Орыс  мектептерінде  қазақ  тілін  үйрену,  білу  қазіргі  таңның  басты мәселесі.   Сабақта  бұл  мәселені  шешу  жолдарының  бірі - әр  түрлі  әдіс тәсілдерді  тиімді   қолдана  отырып,    жаңа  технологияларды  енгізу. Қазір   технологиялардың түрлері  өте   көп. Орыс  мектептерінде   қазақ  тілін   үйрену, лексикалық  және  грамматикалық  тақырыптарды  меңгеру  күрделі  жұмыс. Сондықтан басқа ұлтқа қазақ тілін оқыту, ауызекі сөй леуге үйрету  қиын да,  қызық жұмыс.  Грамматикалық  материалдарды  және  лексикалық  тақырыптарды оқытуда  тірек  сызбалардың    қолданылуы  тілді  дамытуға, сөздік  қорды молайтуға, бір - бірімен,  қарым -  қатынас   жасауға   (сөйлеу,   айту,  жазу,  оқу)  ойлау қабілетін  дамытуға, ойын  қазақша жеткізе  білуге  үйретеді.

Мен оқушыларымды сабақ өткізу барысында сыни тұрғыда ойлауға, бірін-бірі бағалауға үйреттім. Оқытудың жеті модулін басшылыққа ала отырып, күнделікті сабақтарымды өткізіп жүрмін. Сабақ барысында оқушыларды зерттеу жұмыстарымда диалогтық әңгіме, топтық жұмыс түрлерін жиі пайдаланамын. Жаңа әдіс бойынша оқушылар тапсырманы өздері орындап, өздері меңгереді.

Жаңа сабақ бойынша топтарға тапсырманы постермен орындау тапсырылды. Сергіту сәті өткізіліп, топқа бөліп, ой қозғадым. Тақырыпқа қызықтырып бағыттадым. Шығармаға қатысты мақал-мәтелдер жинақтауды ұсындым. Шығарманы талдауға пікірталас ұйымдастырдым. Оқиғадағы өзекті мәселелерге оқушы көзқарасын анықтадым. Шынайы өмірмен байланыстыру арқылы баға беруге бағыттадым.

Оқушылар топтарға бөлініп жұмыс жасады. Мәтінмен өздері танысты. Әр түрлі әдістер арқылы шығарманы саралады. Жеке кейіпкерлерді талдады, олардың іс-әрекетін зерттеді. Ой қорытып, оны қағаз бетіне түсірді.

Топ басшылары арқылы топтар бірін-бірі бағалады. Осындай сабақтардан оқушылар топтаса жұмыс істеуді үйреніп, бірін-бірі тыңдауды, жұптаса жұмыс істеуді үйренді.Топтық жұмыс кезінде  оқушылар бір-бірінің пікірлерімен санаса отырып, өзіндік пікір қалыптасады екен.

Мен осы бағытта жұмыс жасап келемін. Сол жұмыстарымның бірі мектепшілік ашық сабақтар, қалалық семинарларда өткіздім.

Сонымен қатар Халықаралық, республикалық, облыстық интернет олимпиадаларына қатысып  I дәрежелі орындарға  ие болдым. Осындай жаңа технологияларды тиімді қолданып құрылған жаңа форматтағы сабақтарым республикалық, облыстық газет - журналдарға сабақтарым мен баяндамаларымды жарияладым.

Қорыта келгенде айтарым, мұғалім бұрынғы ескі әдістерінен арылып, оқушыларға еркіндік беру керек, ендігі жерде сабақ барысында оқушы өзін-өзі басқара алатын, өзіне сыни көзқараспен қарайтын, сабаққа қызығатын оқушы болуы керек.

Соңғы жаңарту: 24 қараша 2025, 23:47

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Тураева Дина Абдрашовна

Автордың басқа материалдары

Жаңалықтар

Критериалды бағалау технологиясы

Критериалды бағалау технологиясы Тәуелсіз елдің өркениетті әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш-білім және білімді ұрпақ. Сол себепті Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.…

Тураева Дина Абдрашовна 387 оқылым 3 мин
Ашық сабақтар

Омонимдер

Пәні: Қазақ тілі Сабақтың тақырыбы: Омонимдер Жалпы мақсаты: Омоним туралы түсінік алу. Омоним сөздердің мағынасын ажырата білу. Оқыту нәтижелері: топтық жұмыс барысында өз ойын ашық айтуға мүмкіндік алады, танымдық…

Тураева Дина Абдрашовна 352 оқылым 3 мин
Жалпы рубрика

Оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологиялары.

Тренинг тақырыбы: Оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологиялары. Мақсаты: Білімділік: Мұғалімдердің жаңа технология туралы ойын және оқыту мен тәрбиелеудің жаңа жетілдірілген әдіс-тәсілдерін қаншалықты қолданылатынын…

Тураева Дина Абдрашовна 270 оқылым 3 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Эссе

Экологиялық тәрбиенің мектепке дейінгі білім беру жүйесінде: балаларда қоршаған ортаға қамқорлық сезімін қалыптастыру

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Баспақкөл ауылы №21"Аққайың "бөбекжай-бақшасы Бүгінгі қоғамда табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін ерте жастан қалыптастыру ерекше маңызға ие, себебі экологиялық мәселелер адамзаттың…

Бейсенова Салтанат Аусатовна 114 оқылым 2 мин
Эссе

Эссе жазу үлгісі

Эссе — ойды қысқа, бірақ дәл жеткізетін жазба жұмыс. «Эссе жазу үлгісі» дегенде көп адам дайын мәтінді іздейді. Бірақ ең дұрыс жол — үлгіні құрылым ретінде түсіну: кіріспе → негізгі бөлім → қорытынды. Сонда кез келген…

Bilimger Media 798 оқылым 4 мин