Мазмұнға өту

Мың алғыс саған, ақ халатты абзал жан!

Bilimger Media 2 мин оқу 75 оқылым

Тіршілік үшін судың маңызы қандай жоғары болса, адам өмірі үшін ақ халатты абзал жандардың рөлі өте жоғары екендігі айтпасақ та белгілі. Әсіресе қоғамда болып жатқан аты жаман індетпен күресуде дәрігерлердің қоғамдағы рөлі одан сайын айқындалып,еңбегі жоғары бағаланып жатқандай.

Қазіргі заманның батырлары деп дәрігерлерді айтуымыз керек деп білемін. Ежелгі жаугершілік заманда батырларымыз жаудан елін, жерін, халқын күн демей, түн демей қалай қорғаса, дәл солай қазіргі таңда дәрігерлер адамдардың өмір сүруі үшін індетке қарсы тұруда. Тіпті індетпен күресу жолында өзіңе де қауіп төнетінің білсе де , отбасынан жырақ жүрсе де адамдарға өмір сыйлаудан еш жалықпаған. Адам өмірін құтқарып, екінші өмір сыйлап, өзі қайтыс болған ақ халатты абзал жандар өте көп.Әсіресе пандемия басталғалы көптеген ақ халатты абзал жандарымыздан айырылып жатырмыз. Ерлікпен қаза тапқан  ақ халатты абзал жандар ел есіңде мәңгі қалатынына сенімдімін. Дәрігерлердің бұл ерлігін Баянғали Әлімжанов ағамыз:

Тауға да ұрып, тасқа да ұрып сау басын,

Пенде шіркін кеш ойлайды тәубасын.

Дәрігерді жаратқан ғой тәңірім,

Адамдарға рахымы мол болғасын.

Айнымаған адал ант пен сертінен,

Адам үшін еңбек еткен еркімен.

Дәрігерге құтқар дейміз бір сәтте,

Жылдар бойы жиған өмір дертінен,-деп өз өлең жолдары ақылы  дәрігерлердің адамдардың сақшысы, құтқарушысы, жаңа өмір сыйлаушысы екендігін ерекше жеткізді.

Дәрігерлердің бұл ерлігіне тамсаңған әрбір адам дәрігер болуды және адамдарға жаңа өмір сыйлауды армандайтын шығар. Алайда «ақ халатты абзал жан» деген қастерлі атаққа бәрінің қолы жете бермейді. Себебі ақ халатты абзал жан атану сөз жүзіндегі білімділікті ғана емес, жүректегі батылдық пен төзімділікті қажет етеді.Дәл осы кезде дәрігерлік ілімнің атасы саналатын Гиппократтың: «Дәрігер арыстандай айбатты, қыздай икемді, анадай мейірімді болуы керек» деген ұлағатты сөзі бірден еске түседі. Дәрігер болу үлекен жауапкершілікті қажет етеді. Себебі  дертіне шипа іздеп келген әр адам өзің дәрігердің емдеп шығатынына сеңеді және дәрігерге өмірін сеніп тапсырады.Ал бір адамның өмірін өз мойнына алу- оңай іс емес.

Дәрігер мамандығының өзіне тән бірқатар қиыншылықтары болғанымен, қуанышты сәттері одан да көп.  Дәрігерлердің тынымсыз еңбегінің арқасында ауруынан айыққан жандар өз алғысын айтып,жылы лебізін білдіреді. Ал ем алушылардан жылы лебіз есту - үлкен мәртебе. Бұл дәрігердің еңбегінің ақталғаны және еңбегінің жемісін көргені.Сондықтан әрдайым дәрігерлерге алғысымызды бірдіріп жүрген жөн. Себебі  әлемдегі барлық ақ халатты абзал жандар алғысқа лайық. Мың алғыс саған,абзал жан!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Bilimger Media

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин