Мазмұнға өту

Міржақып Дулатовтың «Жастарға» өлеңі мен «Біздің мақсатымыз» мақаласының өміршеңдік мәні

Диас 1 мин оқу 35 оқылым

Патша үкіметінің рұқсатымен 1907 жылы Петербургте жарық көрген “Серке” газеті екі басылымнан кейін-ақ тоқтап қалды. Деректерге қарасақ, жабылуына газет беттеріне жариялаған белгілі ақын-журналист Міржақып Дулатовтың “Жастарға” деген өлеңі мен "Біздің мақсатымыз" атты мақаласы себеп болды деген дерек бар.
“Жастарға” өлеңі қазақ халқына бейне бір біз батырдің ұрпағымыз, таң атты ояныңдар, күресіңдер деп тұрған секілді. Ал "Біздің мақсатымыз" деген мақаланың мазмұны тым ерекше, қазақ баспасөзі үшін орны бөлек.
Мақаланың басында “Ең алдымен қазақ халқы - Россияға тәуелді халық... Оның ешқандай правосының жоқтығы ыза мен кек тудырады” деген сөзінен оқып отырған оқырманға батылдық пен намыстың рухы сезілетіні анық. Біз мақаладан Міржақып Дулатовтың патша өкіметінің озбырлығына, қазақ елін зат секілді көріп елемеуіне деген өкпе, ренішін байқамыз.
Мақаланың астарында патша өкіметіне деген саяси мән бар. Нақтырақ айтсам, Ресей отарлау саясатының тым шеттен шыққандығы мен, қазақ халқының қалай жоқтың күйін кешіп, қиын күндерді бастан өткеріп жүргенін ашық түрде патша өкіметіне жолдай отырып жазған. Сол жылдардағы чиновниктер, стражниктер мен урядниктердің қазақ жерін әкесінің төріндей көріп емін-еркін өмір сүріп жатқанын, ал біздің қазақтың не жерге тамағы жоқ ,не жатар жері жоқ өз жерінде өздері күн көре алмай жүргендігін қынжыла білдіреді.

Осындай қысым-қыспақ кезінде жарыққа шыққан санаулы қазақ
газеттерінің бірі, тек 2 нөмірі ғана баспа бетін көрген “Серке газеті”
болатын. Ал оның соңғы санында Міржақып Дулатұлының “халықты
үкіметке қарсы қоятын” «Жастарға» өлеңі басылған еді.
“Найзаменен түртсе де,
Жатырмын қазақ оянбай,”- деп басталатын жыр жолдарынан
ақынның Ресей үкіметінің отаршылдық саясатына ишарат етіп,
олардың әділетсіздігіне емес, өз жұртының қараңғылығына, елін
отарлағанына емес өздерінің жеке малын тартып алғанда ғана бас
көтеретін бейқамдығына деген күйінішін байқаймыз.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Диас ХАНАТОВ журналистика факультеті 1 курс

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Диас

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Экономиканың қазіргі әлемдегі рөлі және дамуы

Экономиканың қазіргі әлемдегі рөлі және дамуы Экономика-қоғамның өмір сүру негізі, барлық өндірістік, тұтынушылық және сауда процесстерін қамтитын күрделі жүйе. Ол елдің даму деңгейін, тұрғындарының әл-ауқатын,…

Диас 31 оқылым 2 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин