Мазмұнға өту

«Мен өз елімнің патриотымын»

Bilimger Media 3 мин оқу 623 оқылым

Сабақтың тақырыбы: «Мен өз елімнің патриотымын»

Сабақтың мақсаты:

Отанды сүюге, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыруға, болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адам керек екенін түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақтадан оқушылардың бойында

патриоттық сезімді оятатын әр түрлі слайдтар, мемлекет рәміздерін көрсету.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Қазақстан Республикасының әнұраны орындалады.

https://www.youtube.com/watch?v=PBPFWmzB-Xs

Мұғалім сөзі: Құрметті ата-аналар және ұстаздар, оқушылар сіздерді бүгінгі 1 қыркүйек білім күнімен және 30 тамыз Конституция күнімен құттықтаймын.

Еліміздің Тәуелсіздік күні мерекесі халқымыздың сан ғасырлар бойғы азаттық жолындағы күресінің, сол жолдағы көрген азаптары мен қиындықтарының жадымызда жаңғырып, 26 жылда жеткен жетістеріміздің айшықты көрінетін мейрамы.

ІІ. Интербелсенді тақтадан оқушылардың бойында патриоттық сезімді оятатын Отанымыз жайлы видео ролик көрсету

https://www.youtube.com/watch?v=yFtOS_ukf5s

https://www.youtube.com/watch?v=0z0QJzK3K2A

https://www.youtube.com/watch?v=S9pFOta6YIg

Оқушыларға сұрақтар

  • Патриотизмді қалай түсінеміз?
  • Қазақ патриоты қандай болу керек?
  • Қазақ патриотизмі арқылы қандай жетістіктерге жеттік?

Ситуациялық сұрақтар

  • Шетелдерде сатылған қазақ сәбилері есейгенде қазақ елінде тұратын болса елін қорғайтын патриот бола ала ма?
  • Қазақ қыздары басқа ұлтқа, шет елге тұрмысқа шығып жатыр. Олардың ұрпақтары қазақ салт-дәстүрін құрмет тұтатын патриот бола ма?
  • Қазақстандық жақсы оқитын студенттер шетелдерде оқуын жалғастырып жатыр. Оларды патриот деп айта аламыз ба?
  • Ашаршылық кезінде, соғыс кезінде бас сауғалап шет елдерді паналаған отандастар елге оралып жатыр. Оларды елін сүйетін, қорғайтын жанын беретін патриот деп айта аламыз ба?

ІІІ. Негізгі бөлім.

Н. Ә. Назарбаев «Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол - тәуелсіз Қазақстан.» дегендей бүгінгі сабағымызды осы сөздермен бастағым келіп отыр. Өз елінің патриоты болу - өз Отаныңды шын жүректен сүю, өзіңе және өз халқыңа сеніп, қоғамға қызмет етуің керек. Құрметті оқушылар міне, осы тәуелсіздікке патриоттық сезімнің күштілігінен қол жеткіздік деп ойлаймын. Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев:

Өткеніңді еске алсаң,

Өскеніңнің белгісі.

Өткеніңді ұмытсаң,

Өшкеніңнің белгісі,

- деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Осы орайда тақтаға назар аударайық.

Еліміздің рәміздері (видео ролик)

https://www.youtube.com/watch?v=oWtGWNJJd9A

ІV. Қорытынды:

Патриот - ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт - дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір - қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға.

Патриоттық тәрбие, ең алдымен, әрбір жеке тұлғаның ата - анасын, туған - туыстарын жақсы көруден басталады емес пе?! Өз баласына жақсы тәрбие беру кез келген адамның міндеті, мейлі ол мұғалім, мейлі ол жұмысшы, дәрігер, не тағы басқа маман иесі болсын қоғамда парасатты, адамгершілігі жоғары бала тәрбиелеу кез келген адамның міндеті болуы тиіс. Тату тірлік пен ауызбірлік жылы ұямызға арқасын кең жайғанда адамгершілік атты асыл қасиеттердің адам бойына нық қонатынына, әрине, еш шүбә жоқ. Абай атамыз айтқандай, бүгінгі жастардың дүниенің кетігін тауып, қалануды көздеу, қоғамдық өмірден қол үзбей, өз елін сүюге, өз елінің тұрмыс - тіршілігін, салт - санасын, әдет - ңұрпын білуге тәрбиелеу - нарықтық кезеңде маңызы жоғары тұрған зор міндеттердің бірі деп ойлаймын. Осы тәрбиенің ең маңыздысы - балаға патриоттық тәрбие беру.

Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Bilimger Media

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин