Мазмұнға өту

Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділіктерін дамыту.

Сәбитқызы Назерке 5 мин оқу 35 оқылым

Сәбитқызы Назерке

Мектеп жасына дейінгі балалардың  танымдық

белсенділіктерін дамыту.

Мақала мектеп жасына дейінгі балалардың бойындаға танымдық белсенділіктер мен логикалық ойлау қабілеттерін дамыту жолдары жөнінде баяндалады. Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылы танымдық белсенділіктерін дамытып, логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіріп,  бала бойындағы шығармашылықты ойлана әрекет етушілігікті дамыту жолдары туралы сипатталады.

Кілт сөздер:ойлау, логикалық ойындар,

Мектеп жасына дейінгі баланың бойына оқу қызметін меңгерту, ол танымдық белсенділікті дамытудың басты бағыты болып  саналады.

Танымдық белсенділікті психологиялық - педагогикалық құбылыс ретінде анықтау, бұл балабақша тәрбиеленушілерінің тұлғалық сапасының ерекшелігіне талдау жасауға, тәрбиелеу мен оқыту үрдісін  қалыптастыру жағдайлары мен құралдарын қарастыруға мүмкіндік береді. Себебі меңгерілген білімнің сапасы мен беріктігіне тек балаларды оқыту, дамыту және тәрбиелеудің нәтижесі емес, сонымен қатар балалардың өзіндік танымдық іс -әрекетіне қатынасының қатысуымен тәуелді болып келеді.

Танымдық белсенділік баланың психологиялық – денелік дамуының алғы шарты мен нәтижесі болып табылады. Осыған байланысты балалардың жоғары психикалық үрдісін қабылдау, зейін, ойлау ерекшеліктері анықтайды[1].

Барлық психикалық танымдық үрдістердің ішінен ойлау жетекші үрдіс болып табылады. Барлық танымдық процестер үрдістердің қасиеттері мен қатар бір-бірімен сипатын анықтай отырып, олармен бірге және тығыз байланыста болуып бірізділікте жүреді. Демек, оқыту үрдісінде ынталандыру- бұл ең алдымен бала ойлауын дамыту болып табылады.

Ойлау адам өмірінде аса қымбат орын алады. Ойлау арқылы ғана заттардың, көріністердің араларындағы байламды белгілеп, оларда бар себептерді табады, келешекте оларға не болатынын ойлап шығарады. Келешекті болжай алады.  Сондықтан тәрбиеші тәрбиеленушінің дұрыс ойлап үйренуіне көп күш жұмсауы керек. Өйткені дұрыс ойлау ұрпақтан ұрпаққа табиғи түрде беріледі, оның үстіне тәжірибе арқылы да қалыптасады.

Адамдарда тану екі негізгі формада жүзеге асады: сезімдік тану формасы және абстракциялық ойлау формасы. Сезімдік тану, түйсік, қабылдау, елестету сияқты жолдармен көрініс табады, оның көмегімен біз заттардың жеке қасиеттерін ажыратамыз. Сезімдік тану - бұл тек ойлаудың бастапқы сатысы, адам дүниені түйсіне отырып қабылдайды[2].

Сонымен ойлау қызметінің белсенділігін арттыру үшін балалардың танымдық қызметін дамытатындай өзіндік пікір, қорытынды шығаруға түрткі болатын ойындар ұйымдастыру қажет.

Ойын арқылы балалардың негізгі іс -әрекеті және олардың айналадағы өмірден алған білімдерін, әсерлерін  жинақтаған тәжірибелерін өз бетінше іс жүзіне асырады. Ойын барысында берілген тапсырмаларды шешуде балалардың ақыл - ойы дамиды. Міне осыдан баланың логикалық ойлау, қиялдау қабілеті шыңдалады.

Бала ойын дамытуда логикалық ойындар ерекшеліктерін алуға болады. Балалардың ойлау қабілетін дамытатын, қызығушылықтарын арттыратын жұмыс түрі – логикалық ойындар. Логикалық ойындар баланы тапқырлыққа, логикалық ойлауға баулып, ойының ұшқырлығына, өздігінен шешім қабылдауға, салыстыруға, дәлелдеуге әсер етеді. Балалардың қызығушылығын арттыруда,  танымдық қабілеттерін дамытудағы мақсаты:

  • балалардың зейінін, ойлау, зерде үрдістерін дамыту;
  • қиялдарын ұштау;
  • тапқырлыққа жетелеу;
  • қызықты ойындар мен тапсырмаларды орындауға қызығушылығын арттыру;
  • балалардың ойлау әрекетін дамытуға ықпал ету;
  • логикалық ойындар арқылы білім, білік, дағдыларын қалыптастыру;
  • балалардың математикалық тілде сөйлеу қабілеттерін жетілдіру[3].

Баланыі бойындағы қабілетті ашу шығармашылық бағытта дамуына жетелейді. Осы орайда логикалық ойлау қабілетін дамытудың өзіндік іс -әрекетін ұйымдастырудың мынандай: «Заңдылықтар», «Нені отырғызу керек?»,  «Нені орналастырсам екен?»,«Сыңарын табыңдар?», «Әзіл жұмбақтар»  «Логикалық есептер». «Пішінді орналастыр» логикалық ойын түрлерін айтуға болады.

Осындай ойындарды тапқырлықпен, ізденпаздықпен орындаған балалардың білімділік дағдылары қалыптасып жақсы нәтиже береді.

Негізінде баланың логикалық ойлау қабілеті дегеніміз – қарапайым математикалық алғашқы ұғымдарын меңгертуден басталады десек қателеспейміз. Оны жүйелі түрде шыңдау тәрбиешінің басты міндеті.

Педагогика және психология зерттеулері бойынша балалық шақ – баланың жеке тұлға болып өзін - өзі сезінуінің алғашқы сатысы, демек адамгершілік қасиеттер, ақыл –ойы, логикалық және басқада қасиеттерін қалыптастырудың ең негізгі кезеңі болып табылады.

Баланың ақыл – ойының дамуы тек белгілі бір білім көлеміне емес, танымдық іс - әрекет амалдары мен тәсілдерін игерумен бірге есте сақтау, ойлау, елестету, танымдық шығармашылық қабілеттерінің дамуын тұтас қамтиды. Бала дамуы үшін есте сақтауы мен ойлау қабілетінің мәні өте зор. Бұлардың бәрі қоршаған орта мен білім, білік дағдысының қалыптасуы, есте сақтау және ойлау қабілетімен тығыз байланысты.  Баланың ойлау әрекетін ойдағыдай дамыту үшін, тиімді тәсілдер қолданып, арнайы жұмыстар жүргізу қажет. Ойлау үрдісі анализ, синтез, салыстыру, топтастыру жалпылау, тұжырымдау логикалық амалдарынан тұрады.  Ойлаудың осы амалдарын қолдана алуынан балалардың оқу әрекетінің жемісі көрінеді. Бұл жөнінде М. Жұмабаев: «Ойлау - жанның өте бір қиын, терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр. Сондықтан тәрбиеші баланың ойлауын өркендеткенде сақтықпен басқыштап істеу керек» -деген[4].

Логикалық ойлауды дамыту туралы сөз етпес бұрын логика туралы қысқаша айтып кетейін.  Логика  (грек тілінен алынған logic –сөз, ой, ойлау, ақыл –ой) ойлаудың заңдылықтары мен түрлері туралы ғылым.

Обьективтік пікірлерге негізделген процесс логикалық ойлау деп, ал дұрыс ойлаудың формалары мен заңдары туралы ғылым логика деп аталады.

Ойлау аса күрделі психологиялық процесс. Бұлардың ішінде психология мен логиканың орны ерекше.

Психология бірнеше жас ерекшеліктердің ойының пайда болу, даму,  қалыптасу  жолын, яғни жеке адамның ойлау ерекшелігі мен заңдылығын қарастырса логика – бүкіл адамзатқа ортақ ой-әрекет заңдары мен формаларын айқындайды, ол адам ойының нақты нәтижесі болып табылатын ұғым, пайым, дәлел сияқты ой формаларының табиғатын зерттейді.

Ойлау ерекшелігін таным мен ой процесінің сатысы ретінде зерттеу ойлаудың білім мен тікелей байланысты екенін  айқындайды.

Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық қабілетін дамытуда қарапайым математиканың алғашқы ұғымдарын ойын арқылы үйретудің заттары әртүрлі геометриялық пішіндерден құрастырудың, ауызша есеп шығарудың, көру арқылы салыстырудың, қиялдаудың жұмбақтар жаттаудың маңызы зор. Өйткені жасырын тұрған ойдың нені меңзеп тұрғанын ойлап табу баланың ми қыртысының жұмысын шыңдайды, логикалық ойлау сезімін қалыптастырады. Логикалық ойдың ерекшелігі қорытындылардың қисындылығы да олардың негізіне сай келуі.  Логикалық ойлауға түскен құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдары қатесіз анықталады.

Логикалық ойлауы дамыған бала шығармашылыққа, ойлана әрекет етуге, өзінің іс - әрекетін талдауға үйренеді[5].

Қорыта келе, аталған жұмыс түрлері, оқушы үшін, оның танымын, логикасын арттыру үшін өмірде қажетті екенін көрсетеді, яғни олардың шығармашылық деңгейін көтереді, қызығушылықтарын арттырады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Логикалық ойлау қабілетін дамыту //Қазақстан мектебі. Республикалық ғылыми - педагогикалық журнал. – Алматы, 2008, № 11
  2. Баланың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту жолдары: педагогика / Құрманова А // - 2009. - 1-2.-б.16-19. - С. 2009
  3. М.Байшуақова. Оқушыны ойлауға үйрету. /Бастауыш мектеп 2004 №8.
  4. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. А.2003ж.
  5. Қ.Жарықбаев. Жалпы психология. Алматы, 2004.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Сәбитқызы Назерке

Автордың басқа материалдары

Психология

Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділіктерін дамыту.

Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділіктерін дамыту. Мақала мектеп жасына дейінгі балалардың бойындаға танымдық белсенділіктер мен логикалық ойлау қабілеттерін дамыту жолдары жөнінде баяндалады. Мектеп…

Сәбитқызы Назерке 182 оқылым 5 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин