Мазмұнға өту

Латын әліпбиіне көшу-рухани жаңғыруымыздың бастамасы

Bilimger Media 2 мин оқу 346 оқылым

Латын әліпбиіне көшу-тіліміз үшін жасалған игі істердің бірі. Латын әліпбиіне көшсек, қазақ тіліндегі сөздердің айтылуында да өзгерістер болмай, сөздердің табиғи қалпында айтылуы ғажап емес. Латын әліпбиіне көшу туралы мәселе тәуелсіздік алған жылдардан бермен қарай көтеріліп келеді. Биыл міне, тәуелсіз ел болғанымызға 27 жыл толып отыр. 2006 жылы Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында: «Қазақ әліпбиін латынға көшіру жөніндегі мәселеге қайта оралу керек. Бір кездері біз оны кейінге қалдырған едік. Әйтсе де латын қарпі коммуникациялық кеңістікте басымдыққа ие және көптеген елдер, соның ішінде посткеңестік елдердің латын қарпіне көшуі кездейсоқтық емес. Мамандар жарты жылдың ішінде мәселені зерттеп, нақты ұсыныстармен шығуы тиіс. Әлбетте, біз бұл жерде асығыстыққа бой алдырмай, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін зерделеп алуымыз керек», — деген еді.
«Қазақстан-2050» стратегиясында латын тіліне 2025 жылы толық көшетініміз туралы кесімді сөз айтылды.
Латын әліпбиі дегенде ең алдымен ойымызға сонау 1929 жылы қазақ әліпбиінің ннегізін қалаушы Ахмет Байтұрсынұлы түседі Кезінде алаштың ұлы көсемі - Ахмет Байтұрсынұлы «Біздің заманымыз – жазу заманы: жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман. Сондықтан сөйлей білу қандай керек болса, жаза білу керектігі одан да артық», - деген болатын.
Латын әліпбиіне көшу – рухани жаңғырудың бір тармағы. Экономикасы даму жолына түскен саясаты сындарлы еліміз үшін енді рухани түлеу кезеңі туды. Осы сәтте латын әліпбиіне көшу болашағымыз үшін маңызды,-дейді ұлт зиялылары. Қазір әлемнің 21 елі латын әліпбиін қолданады. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру мақаласында: Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек.
Қорыта келгенде, латын әліпбиіне көшу мәселесі бүгінгі күннің өте өзекті мәселесі. Латыншаға көшудің терең логикасы бар. А. Байтұсынов: «Ел бүгіншіл, менікі ертең үшін»,- деген екен. Міне, сол ертеңі де келіп жеткен секілді. Болашақта қолға алмақ болып отырған латын қарпі қазақ елін әлем мемлекеттерімен жақындастырып, жарқын болашаққа бастайды деп үміттенемін. Біз қандай әліпби түрін пайдалансақ та, ең бастысы, төл тіліміздің қалпын сақтап, мертебесін биіктете алсақ болғаны. Ел мүддесі үшін заман талабына сай жасалған ізгі қадамға ақ жол тілеймін!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Bilimger Media

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин