Мазмұнға өту

Латын әліпбиі – ХХІ ғасырдың ғылыми және білім беру тілінің негізі

Bilimger Media 1 мин оқу 251 оқылым

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің кезекті жолдауларының бірінде: «Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы кешенді жобаларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра береміз. Қазақ алфавитін 2025 жылға қарай латын графикасына көшіруге дайындық жұмысын осы бастан қолға алу қажет. Бұл қазақ тілін ғана жаңғыртып қоймай, оны осы заманғы ақпараттың тіліне айналдырады» - деген болатын. Біз латын әліпбиіне көшу барысында не ұтамыз, латын әліпбі бізге не береді? Қарапайым ғана мысал келтірер болсақ, қазір ұялы телефондарымыздың өзінде латын қарпінде жазу оңай, ал кирилицада қазақшаны тере алмай қиналып жататынымыз бар. Себебі, латын әліпбиінің базасы қалыптасқан әрі ауқымы кең. Қазақ алфавитінде 42 әріп болса, латын әліпбиінде 32 әріп. Бұл алғаш мектеп табалдырығын аттан оқушыларымыздың әліпби жаттауына көп көмегі тиеді. Тәуелсіз мемлекетіміз жылдан-жылға қарыштап, өсіп-өркендеп, отандық ғылым –білім саласы дамып келеді. Бүгінде мектеп шәкірттері даярлық сынып, бастауыш сыныптардан-ақ ағылшын тілін үйренуде. Латын әліпбиі соған ұқсас болғандықтан, латын әліпбиіне көшуден қорқуға еш негіз жоқ деп ойлаймын.
Латын әліпбиіне көшу - заман талабынан туындап отырған қажеттілік. Осы межелі мақсатқа кедергісіз қол жеткізу үшін не істеу керек? Бұл мәселені жан-жақты талқылау мақсатында республика көлемінде әр түрлі іс- шаралар ұйымдастырылуда. Соның бір дәлелі – латын әліпбиінде жазылған халықаралық диктан. №3 Күршім гимназиясындада 2018 жылдың 14 қарашасында 8-11 сынып оқушылары және ұстаздарымыз латын әліпбиінде диктант жазды.
Жаңа әліпби - жаңғырудың қайнары. Әліпби арқылы ұлттық сана күшейеді және қазақ тілінің төл табиғатын сақтауға мүмкіндік береді. Латын қарпіне көшу олардың білім және ғылым жолындағы ізденістеріне жол ашады. Рухани жаңғыру қазақ елінің жарқын болашағы.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Bilimger Media

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин