Мазмұнға өту

Квадрат түбір

Бибихайша 3 мин оқу 34 оқылым
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.1А Квадрат түбір және иррационал өрнек

Мектеп:
Күні: Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: 8 Қатысқандар саны: Сынып: 8
Сабақтың тақырыбы Нақты сандар
Осы сабақта қол

жеткізілетін оқу

мақсаттары (оқу

бағдарламасына сілтеме)

8.1.1.1 иррационал және нақты сандар ұғымдарын меңгеру
Сабақтың мақсаты Оқушылар нақты сандарды салыстырады
Сабақ барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт Педагогтің әрекеті Оқушының әрекеті Бағалау Ресурстар
Басы

5  минут

Ұйымдастыру бөлімі

Мұғалім оқушылармен амандасады, олардың сабаққа дайындықтарын тексереді. Сабақтың тақырыбымен, оқу мақсатымен таныстырады.

Үй тапсырмасын тексеру

Үй жұмысында оқушылар жіберген қателер олардың есінде сақталып қалмау үшін оны түзету.

1.      Бір оқушы тақтада үй тапсырмасының шығарылуын көрсетеді, қалағандары тексереді, қажет болса түзетулер енгізеді. Жалпы сол сандар жиындардың белгіленуі қалай? және т.с.с.

Негізгі бөлім Тақырыпты ашу

10 минут

Мұғалімнің түсіндіруі

Нақты сандар жиыны мен координаталық түзудегі нүктелер жиынын арасында өзара бірмәнді сәйкестік бар, әрбір нақты санға координаталық түзудегі бір ғана нүкте сәйкес келеді және координаталық түзудегі әрбір нүктеге бір ғана нақты сан сәйкес келеді.

Нақты сандарды ондық бөлшектер сияқты сияқты салыстыруға болады. Оң сандар үшін алдымен бүтін бөлігін салыстырады, егер олар тең болса, ондық разрядтарын салыстырады. Егер олар да тең болса жүздік разрядтарын салыстырады.

Мысалы.

Сандарды салыстыр:

6,513... және 6,520...

-1,807... және -1,808...

Оқушыларға сандар жазылған карточкалар таратылады. Топ мүшелері бұл сандарды өз қалаулары бойынша неғұрлым көп топшаларға топтастырады. Кейін әрбір топ сандарды қанша топқа топтастырғанын түсіндіреді. Басқа топтар тыңдайды, қажет болған жағдайда түзетулер мен толықтырулар енгізулеріне болады.

Дескрипторлар:

-          Сандар жиынын топтайды;

-          Өз таңдауларын түсіндіре алады.

Сұрақтарға жауап берген оқушыларды әр түрлі смайликтермен мадақтау

Слайд 5

Слайд 6

Слайд 7

15  минут Нақты сандар жиынында қосу, азайту, көбейту, бөлу амалдары орындалады. Ондық бөлшектер арқылы жуықталған қосындысын, айырмасын, көбейтіндісін, бөліндісін табуға болады.

Мысалы:

a=1,(3)  мен b=0,616616661… берілген. ab=?

Мұғалім тақтада шығарылуын көрсетеді.

Жұптың әрбір мүшесіне 3 есептен тұратын карточка беріледі. Олар өз сандарын салыстырады, кейін жұптарына қалай салыстырғанын түсіндіреді.

№1

Салыстырыңыз:

а) 101,71... және 110,8...;

б) 4,446... және -0,303...;

в) -0,123... және -0,121....

№2

Салыстырыңыз:

а) 4,9(18) және 4,928...;

б) -4,315... және -4,318...;

в) -1,234... және -2,221....

Дескрипторлар:

-          Нақты сандарды салыстырады;

-          Өз шешімдерін түсіндіреді.

Интерактивті тақста, интернет ресурстары (сайттар, видеолар, есептер), таратпа материалдар, көрнекі-демонстрациялық құралдар, фигуралар
10 минут Жалпы сыныпқа тапсырма

5,28; -1,634...; -1,34...; -1,(3); 2,3(4); 2,(34) сандарын

а) өсу ретімен; б) кему ретімен орналастырыңыз.

Оқушылар өздіктерінен шығарады, кейін тақтада бір оқушы шығару жолын көрсетеді. Сол арқылы оқушылар өздерін тексереді.

Дескрипторлар:

-          Нақты сандарды салыстырады;

-          Өсу ретімен орналастырады;

-          Кему ретімен орналастырады.

Жеке жұмыс

1.      -1,06; 5,13(6);   6,08;   2π  ;5,(4); 5,434334333…,  -3 сандардың ішінен иррационал сандарды теріп жазыңыз.

Дескриптор:

-          Иррационал сандарды ажыратады.

2.      Сандарға сәйкес әріпті сан осіне орналастырыңыз, жауапт кему ретімен жазыңыз.

A   0,75

B   1,732050...

C  3

D

E

F    2,6666...

G   -1,414213...

H  π

Дескрипторлар:

-          Нақты сандарды салыстырады;

-          Сан өсіне салады;

-          Кему ретімен орналастырады.

Соңы

5  минут

 

Сабақты бекіту

Үйге тапсырма:

1)      Теорияны оқу;

«Айналамыздағы геометрия» творчестволық жұмыс

Рефлексия

Рефлексия:

Оқушылар көршілерімен дәптерлерін алмастырады, мұғалімнің жауабы арқылы өзара тексеру жүргізеді, дескрипторлар арқылы бағалайды.

Алдамұратова Т.А., Байшоланов Е.С. Математика: Жалпы білім беретін мект. 5-сыныбына арн. / Т. Алдамұратова, Е. Байшоланов. 4-басылымы. - Алматы: Атамұра, 2015)

№76  , №    78-81

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Бибихайша

Автордың басқа материалдары

Математика

Квадрат түбір

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.1А Квадрат түбір және иррационал өрнек Мектеп: Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Сынып: 8 Қатысқандар саны: Сынып: 8 Сабақтың тақырыбы Нақты сандар Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу…

Бибихайша 42 оқылым 3 мин
Математика

5 сынып дарынды балалармен жұмыс

5 сынып Математика Дарынды оқушымен жұмыс жоспары № Мазмұны Сағат саны Мерзімі 1 I ТАРАУ.ӨРНЕКТЕР. ФОРМУЛАЛАР.Санды өрнектер. Әріпті өрнектер 1 2 Қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін пайдаланып,…

Бибихайша 338 оқылым 20 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин