Мазмұнға өту

Климаттық қалыптастырушы факторлар. Жер шарындағы климаттық белдеулер

Bilimger Media 2 мин оқу 344 оқылым

Сабақтың тақырыбы: Климаттық қалыптастырушы факторлар. Жер шарындағы климаттық белдеулер

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік:   Оқулықтың тақырыбы бойынша алған білімдерін тексеру, ойлау қабілеттерін арттыру, график сызба білуге үйрету.

Дамытушылық: Жаңа технологияларды пайдалана отырып, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.

Тәрбиелік: Ізденімпаздыққа баулу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндірмелі, БҮҮ кестесі

Сабақтың көрнекілігі:  Климат картасы, суреттер, оқулық, кескін карта

Сабақтың барысы:   І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен  сәлемдесіп, оқушыларды түгендеп, зейіндерін  жаңа сабақ аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Білетінім Үйренгенім Үйренгім келеді

ІІІ. Жаңа сабақ.

Жер шарының климаты алуан түрлі. Ол Жер бетінде Күннің жылуы мен атмосфералық жауын-шашынның әркелкі таралуына байланысты болады. Белгілі климат зерттеуші ғалым Б.П. Алисов Жер шарында бір-бірінен температуралық жағдайлары және ауа массаларының қасиеттері мен әсер ету аймақтары арқылы айырмашылық жасайтын 13 климаттық белдеуді ажыратқан.

Климаттық белдеулер негізгі және өтпелі болып бөлінеді. Негізгі климаттық белдеулер төрт ауа массаларына бөлінеді:

  1. Экваторлық белдеу –қысым төмен, жыл бойы экваторлық ауа массалары әсер етеді. Күн сәулесінің мол түсуіне байланысты бұл белдеуде бүкіл жыл бойы ауа температурасы жоғары болады. Жауын-шашщын мол түседі, ауа райы ыстық, ылғалды әрі қапырық болады.
  2. Тропиктік белдеу– жыл бойы тропиктік ауа массаларының ықпалында болады. Сондықтан бұл белдеуде тұрақты жоғарғы қысым мен төмен бағытталған ауа қозғалысы басым. Жазда температурасы өте жоғары, ал қыста салқын болып келеді. Тропиктік ауа массалары әдетте өте құрғақ
  3. Қоңыржай белдеу– жыл бойы қоңыржай ауа массалары мен батыс желдері басым болады. Мұнда едәуір салқын, жыл мезгілдері айқын байқалады. Жауын-шашынның жылдық мөлшері жалпы алғада біршама мол болғанымен, белдеу ішінде әркелкі таралады.
  4. Арктикалық және антарктикалық белдеу– жыл бойы арктикалық ауа массалары әсер етеді. Жыл бойы ауа температурасы төмен болады. Полюске жақындаған сайын табиғат жағдайы қолайсыз сипат алады.

Өтпелі климаттық белдеулер негізгі белдеулердің аралығында орналасқан. Олардың аттарындағы «суб» сөзі латынның «таяу, маңы» деген мағынаны білдіреді.

Өтпелі климаттық белдеулер: субэкваторлық, субтропиктік, субарктикалық және субантарктикалық.

ІV.Жаңа сабақты бекіту:

  1. Жер шарындағы климаттық белдеулерді көрсетіңдер
  2. Олардың қайсылары солтүстік және оңтүстік жарты шарларда қайталанып отырады
  3. Өздерің тұрған жерде қандай ауа массалары, желдердің басым болатынын, ауа райы сипатының белгілерін және оның қандай климаттық белдеуге сәйкес келетінін анықтаңдар.
  4. Қорытынды: Қорытындылай келе, бүгінгі сабағымызда, климат қалыптастырушы факторлар және Жер шарындағы климаттық белдеулер туралы таныстық, білдік

VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма: Мәтінді оқу. Жер шары картасынан 13 климаттық белдеуді кескін картаға салу

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Bilimger Media

Осы тақырыптағы материалдар

География

География сабақтарында жасанды интеллектті қолданудың әдіс-тәсілдері

География пәні мұғалімі Қазіргі білім беру жүйесінде цифрландыру үдерісі қарқынды дамып келеді. Соның ішінде жасанды интеллект (ЖИ) технологиялары оқу-тәрбие процесінің тиімділігін арттыруға үлкен мүмкіндік береді.…

Кубенов Максат Ануарович 206 оқылым 2 мин
География

Географияны зерттеу нысандары

№26 Жамбыл атындағы мектеп гиназиясы Пәні: География Бөлім: 1 Географияны зерттеу тәсілдері.1.1.Зерттеу және зерттеушілер Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты Куанышева Х.О. Күні: 02.09.2025 Сынып: 7 а,ә,б Қатысушылар…

Қуанышова Майра Орақбайқызы 134 оқылым 5 мин
География

География пәнінен оқушылардың функционалдық сауаттылығын жергілікті компоненттер арқылы дамыту

ШҚО Ұлан ауданы Тайынты ауылы "І.Айтықов атындағы орта мектеп-балабақша кешені" КММ география пәні мұғалімі Кіріспе Қазіргі заманғы білім беру жүйесінің басты мақсаты – оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру.…

Ошай Б. 60 оқылым 2 мин
География

Жасанды интелекттің география пәніне пайдасы

Жасанды интеллект (ЖИ) география пәніне айтарлықтай пайда әкеледі. Ол табиғи процестерді талдаудан бастап, кеңістіктік деректерді өңдеуге дейінгі көптеген бағыттарда қолданылып, географиялық білім беруді жақсартып,…

Bilimger Media 209 оқылым 2 мин