Мазмұнға өту

Иондық байланыс

Bilimger Media 1 мин оқу 407 оқылым

«Иондық және металдық байланыс.»

Сендерді екі топқа бөлдім. Бірінші топ иондық байланыс, екінші топ металдық байланыс. Тақтада Венн диаграммасы көрсетіліп тұр.

Ақ- иондық байланыс, жасыл- металдық байланыс, қызыл – ұқсастықтары. Оқушылар мәліметпен таңысып диаграмманы өз топтарының тақырыбы бойынша толтырады.

Атомдар электрондарын беріп жіберу немесе қосып алу арқылы оң не теріс зарядталады. Мұндай зарядталған атомдар иондар деп аталады. Демек қарама - қарсы зарядталған иондар арасындағы байланысты иондық байланыс деп атайды. 1916 жылы неміс ғалымы Коссель ұсынды. Өзінің сыртқы валенттік электрондарына сай электрон бұлтын берген атомдар оң зарядты катиондарға, ал осы электрондарға сай бұлтты қосып алған атомдар терісзарядты анионындарға айналады. Түзілген иондар біріне - бірі Кулон заңы бойынша тартылып. иондық байланыс түзіледі.

Иондық байланыс катиондар мен аниондардың арасында электро-статикалық тартылу күшінің нәтижесінде пайда болады. Химиялық әрекеттескен атомдар 8 электронды тұрақты октет қабатқа ие болып, катион мен анионға айналу үшін олар күшті металдар мен бейметалдарға жатуы тиіс.

Иондық байланысқан қатты заттар иондық кристалдық торға ие болады. Сондықтан олар қатты, берік, қиын балқитын заттарға жатады. Иондық байланыс көбіне нағыз типтік металдардың оксидтері мен гидроксидтеріне және барлық тұздарға тән.

Металдың кристалдық торының түйіндерінде атомдар немесе олардың иондары орналасатыны белгілі. Металдық тордағы бостау күйдегі делокальданған электрондар көптеген ядролардың арасында өзара тарту күштерін тудырып, металдық байланыс түзеді. Металдардың сыртқы деңгейіндегі валенттік электрондар саны аз болатындықтан, олардың иондарға айналуы қиын емес: Me - ne- → Ме+n

Мұндай қабілетті металдар бос күйде де, химиялық әрекеттесу кезінде де көрсетеді. Бос күйдегі металдың белгілі физикалық қасиеттері: электр- және жылуөткізгіштігі, қаттылығы, иілімділігі, созылғыштығы, өзіне тән жылтыры, т.б. булардың барлығы металдық байланысқа тәуелді.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Bilimger Media

Осы тақырыптағы материалдар

Химия

«Химия» пәнін оқытуда цифрлық технологияларды қолдану«фармация» мамандығына маңыздылығы

ЖШС «Кентау колледжі» Химия пәнінің оқытушысы. Аннотация Бұл мақалада «Фармация» мамандығы бойынша «химия» пәнін оқыту барысында цифрлық технологиялардың қолданылуы зерттеледі. Цифрлық ресурстар мен құралдарды енгізу…

Раимкулова Салтанат Турсуновна 134 оқылым 5 мин
Химия

Химия пәнінде жобалау әдісін қолданудың педагогикалық негіздері

Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Асықата кенті №11"Жеңіс" мектеп-гимназия' КММ химия пәні мұғалімі Аннотация Бұл мақалада химия пәнінде жобалау әдісін қолданудың педагогикалық негіздері қарастырылады. Жобалау әдісі…

Кистаубаева Нагима Халдибековна 85 оқылым 2 мин
Химия

Химия пәнінің біздің күнделікті өміріміздегі рөлі

Химия біздің күнделікті өмірімізде маңызды рөл атқарады, өйткені ол бізді қоршаған заттардың құрылымы мен қасиеттерін түсіндіреді және оларды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл ғылымның өміріміздің әртүрлі…

Bilimger Media 135 оқылым 2 мин
Химия

ПОЛИМЕРЛІ КОМПОЗИТТІ МАТЕРИАЛДАР ХИМИЯСЫ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ПӘНІНДЕ ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАРДЫ ӨТКІЗУ

Аннотация: Қазіргі кезде білім алушылардың зерттеушілік қабілеттерін дамыту мәселесі маңызды. Зерттеу жұмысы 4 курс бакалавр білім алушыларының "Полимерлі композитті материалдар химиясы және технологиясы" сабақтарында…

Исмаилова Навруза Миратмитдинқызы 36 оқылым 3 мин