Мазмұнға өту

Ерікті болу - ерлік

Bilimger Media 1 мин оқу 329 оқылым

Жастардың бойына қайырымдылық пен ізгіліктің дәнін себу, олардың бойында белсенді өмірлік ұстанымдарға қатысты дағды қалыптастыру қашанда маңызды. Жастар  жылының жалғасы ретінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды – Еріктілер жылы деп жариялады.

Еріктілік – жастардың белсенділігін көрсетіп қана қоймай, адамдарға көмек беріп, тәжірибе жинауға, өмірлік маңызды дағдыларды дамытып, әлемді жаңа қырынан тануға мүмкіндік беретін бірден-бір игі шара. Қазір болып  жатқан әлемдік пандемияға арналған коронавирус індеті кезінде де еріктілердің иглігін айтарлықтай көріп жатырмыз. Ешқандай науқансыз-ақ көптеген жастар өз көмегін ұсынып, тезірек  індеттің бетін қайтаруға көмектесуде.Жастардан  құралған, медициналық білімі бар, көптеген жастар бүгінде індетке қарсы халықпен бірге күресуде.

Жыл басынан бері қаладағы волонтерлық ұйымдар, ерікті жастар, «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалымен «Ізгілікте жарысайық», «Жанға жылу», «Мейірім», «Біргеміз» акциялары арасында бірге 100-ден астам шаралар    ұйымдастырылды. Қазіргі таңда шаһарда 3 мыңнан астам ерікті, 20-ға жуық еріктілер ұйымы бар.«Ізгілікте жарысайық» қайырымдылық қоғамдық қоры қалалық Жастар ресурстық орталығының қолдауымен «Еріктілер мектебін» ашып отыр.

«Еріктілер мектебінің» басты мақсаты – қоршаған ортаға қамқорлық көрсету, мұқтаждарға көмек беріп, ізгілік жолында жастардың өз ізін қалдыруы болып отыр.Сонымен қатар,  жастардың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді дарыту.

Осы айтылған іс шаралар барысында «Еріктілер жылы» да өз мәресіне жетті.

Алдағы уақытта еріктілердің ерен еңбегі ақталып, азаматтық қоғам дамуында белсенділік жаңа деңгейге көтерілетініне сеніміміз мол. Осы жылы ғана емес барлық уақытта еріктілікпен айналысып қолдап жүрейік!

Ерікті болу –ерлікпен тең. Әрбір жастың бойында белсенді өмір сүру дағдысы қалыптасса алынбайтын асу жоқ екеніне сенеміз.

Соңғы жаңарту: 24 қараша 2025, 23:09

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Bilimger Media

Осы тақырыптағы материалдар

Эссе

Экологиялық тәрбиенің мектепке дейінгі білім беру жүйесінде: балаларда қоршаған ортаға қамқорлық сезімін қалыптастыру

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Баспақкөл ауылы №21"Аққайың "бөбекжай-бақшасы Бүгінгі қоғамда табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін ерте жастан қалыптастыру ерекше маңызға ие, себебі экологиялық мәселелер адамзаттың…

Бейсенова Салтанат Аусатовна 114 оқылым 2 мин
Эссе

Эссе жазу үлгісі

Эссе — ойды қысқа, бірақ дәл жеткізетін жазба жұмыс. «Эссе жазу үлгісі» дегенде көп адам дайын мәтінді іздейді. Бірақ ең дұрыс жол — үлгіні құрылым ретінде түсіну: кіріспе → негізгі бөлім → қорытынды. Сонда кез келген…

Bilimger Media 798 оқылым 4 мин