Мазмұнға өту

Ел боламын десең...

Мухаметжанова Эльвира Асылбековна 3 мин оқу 325 оқылым

Солтүстік Қазақстан облысы , Петропавл қаласы ,

«Балдәурен» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі

Мухаметжанова Эльвира Асылбековна

ЕЛ БОЛАМЫН ДЕСЕҢ...

Қоғам үшін әр кезеңде әр отбасында өсіп келе жатқан өрімдей ұл-қыздардың дені сау, рухани бай, еңбекке, білімге құштар болып өсуі ең жоғарғы тілек, ең биік мақсат. Оның қуат алатын қайнар бастауы – отбасы. Отбасының аса құнды ықпалы мен әсерін өмірдегі ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Балаға ата-ананың тәрбиесінің орнын ешнәрсе алмастыра алмайды. Отбасы өмірге сәби әкеліп, оны тәрбиелеп қалыптастыруда және ұрпақ жалғастыруда теңдесі жоқ орын. Отбасының балаға тәрбие берушілік қызметінің мақсаты баланың жасын, жеке ерекшелігін , психологиялық үрдістерін ескере отырып, жарасымды жетілген ұрпақты тәрбиелеу. Көзделген мақсатқа жету үшін отбасындағы тәрбие келесідей міндеттерді шешеді: отбасында баланың өсуіне, денсаулығына қамқорлық жасау, тазалықты қалыптастыру; еңбексүйгіштікке баулу, тұрмыстағы, үй шаруасындағы еңбекке құлшынысын арттыру, өзіне-өзі қызмет етуге үйрету; отбасы мүшелерімен тіл табысып дұрыс қарым-қатынас жасауға, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге үйрету. Сонымен қатар, әдебиетке, мәдениетке, өнерге тәрбиелеу. Бұл міндеттер жүзеге асу үшін бала дүниеге келген күннен бастап отбасында, қоғамдық орындарда, балабақшада, мектепте тәрбие беріледі.

Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отының басындағы ата-ана тәрбиесі. Қазақ халқында «Баланың бас ұстазы – ата-ана», «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі » деген қанатты сөздері бар, отбасында әдемі таным , түсінік қалай қалыптасса, өскенде сол қасиет бойынан табылады. Сондықтан баланың есі кіріп, тілі шыға бастасымен- ақ баланы шектен тыс шолжаңдатпай, байсалды, ұғымпаз, тілалғыш етіп баулыған жөн.

Отбасы - барлығының басы, жан-жақты дамуының негізі болатын тәрбие институты. Отбасындағы ата-ана мен баланың қарым-қатынасы нәтижесінде адамгершілік, эстетикалық және дене тәрбиесінің алғашқы үлгілері қалыптасады. Ал, әке мен шеше баланың алғашқы тәрбиешілері. Ата-аналар бала бақытының шынайы бағбаны болуы тиіс. Бала бақыты білімде. «Білім  бір құрал. Білімі көп адам құралы сай ұста сықылды, не жасаса да келістіріп жасайды», - деген Ахмет Байтұрсынов. Бүгінгі таңда болып жатқан өміріміздегі өзгерістерге байланысты тәрбиешілер мен ата-аналардың жауапкершіліге арта түсуде . Сондықтанда, балаларды тәрбиелеу мен оқытуда отбасының басым рөлін мойындай отырып қашанда бірлесе жұмыс жасауымыз керек. Қазіргі уақытта әрбір тәрбиеші балалармен, ата-аналармен қарым-қатынас жасауда түрлі тәсілдерді, жаңа технологияларды пайдалана отырып жұмыс жасауда. Өйткені тәрбие ешқандай үзіліс, демалыс күндері дегенді білмейді. Жас ұрпақты қоғамымыздың саналы азаматы етіп тәрбиелеу тәрбиеші мен отбасының негізгі міндеті. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас-жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі», - деп белгілі философ Әбу Насыр әл-Фараби айтқандай, балаларға жан-жақты тәрбие беруді жетілдіріп отыру басты парызымыз. Өйткені бала ата-ананың ғана емес, ұлыс пен ұлттың ертеңі, келер тарихқа аманат. Жас ұрпақты жан-жақты жетілген, ақыл – парасатты, өрісі биік азаматтары мен азаматшалар етіп тәрбиелеу қоғамымыздың ең өзекті мәселесіне айналып отыр.

Адамзаттың бәрі де анадан туып, соның бауырында өсіп ер жетеді. «Сүтпен кірген, сүйекпен кетеді» - дейді ұлы халқымыз. Ендеше, жаны таза, денсаулығы мықты, ақылды, сұлу ұл-қыздарды тәрбиелеуді басты назарымызда ұстайық. «Бұтағымен ағаш сымбат, ұрпағымен адам қымбат» деген аталы сөзден алыстамайық. Олай болса, қазақ ұлтын аспандататын ұрпақ тәрбиелеу баршамыздың еншімізде екенін естен шығармайық.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Мухаметжанова Эльвира Асылбековна

Автордың басқа материалдары

Балабақша

Ел боламын десең...

Солтүстік Қазақстан облысы , Петропавл қаласы , «Балдәурен» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Мухаметжанова Эльвира Асылбековна ЕЛ БОЛАМЫН ДЕСЕҢ... Қоғам үшін әр кезеңде әр отбасында өсіп келе жатқан өрімдей ұл-қыздардың…

Мухаметжанова Эльвира Асылбековна 427 оқылым 3 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 66 оқылым 10 мин
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 68 оқылым 2 мин
Балабақша

2026–2027 жылғы оқу жылына Балабақша тәрбиешілеріне қажетті әдістемелік құжаттар тізімі

2026–2027 оқу жылы басталар алдында балабақша тәрбиешілері үшін ең маңызды жұмыстардың бірі – әдістемелік құжаттарды талапқа сай дайындау. Перспективалық жоспар қалай жасалады? Циклограмма қандай болуы керек? Баланың…

Bilimger Media 4 427 оқылым 10 мин
Балабақша

2026–2027 жылғы оқу жылына Балабақша тәрбиешілеріне қажетті әдістемелік құжаттар тізімі

2026–2027 оқу жылы басталар алдында балабақша тәрбиешілері үшін ең маңызды жұмыстардың бірі – әдістемелік құжаттарды талапқа сай дайындау. Перспективалық жоспар қалай жасалады? Циклограмма қандай болуы керек? Баланың…

Bilimger Media 936 оқылым 10 мин