Мазмұнға өту

«ДЕҢГЕЙЛЕП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЭКОНОМИКА ПӘНДЕРІНДЕ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ»

Молдабекова Гулдана Хантбековна 2 мин оқу 333 оқылым

Молдабекова Гулдана Хантбековна

Қазіргі заманда білім сапасын арттыру әр оқытушыдан шығармашылқпен жұмыс жасауды талап етеді. «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзі ұстаз қауымына үлкен тапсырыстарды артып отыр. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы, бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді.
Қазіргі кезде білім беру үдерісінде көптеген технологиялар қолданылды. Соның бірі-деңгейлеп оқыту технологиясы. Бұл бағдарламаның мені қызықтыратыны – білімгердің өзі ізденіп,тапсырманы орындауы және дәлелденуі. Бала бұрын тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойлаушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы.
Деңгейлеп оқытуда көзделетін мақсат – балаға білімді даяр түрде берілмей, мұғалім баяндап бермей, олардын алдына белгілі проблеманы міндетті қойып, соны өздері шештіруге бағыттау. Деңгейлік оқытудың негізгі ерекшелігі баланың білетіні мен білмейтінің және проблемалы міндетті шешуге дайын тұрған тәсіл болғандықтан, проблемалы жағдай пайда болады, осыған орай, баланың ізденушілік әрекеті мен ынтасы күшейе түседі.
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты болып білім алушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастыру табылады. Әрбір білімгер өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етуі керек. Деңгейлеп оқыту технологиясы деңгейлік тапсырмалар арқылы іске асады. Себебі сабақтың ерекшелігі және оның тиімділігін арттырудың негізгі тәсілдерінің бірі білімгерлерге арналған деңгейлік тапсырмалар орындау. Оларды өздік жұмыстар, таратпа материалдар, тестік және үй тапсырмалары түрінде беруге болады. Әр тарау бойынша дұрыс құрастырылған деңгейлік тапсырмалар сапалы білім негізі бола алады, өйткені ол білімгердің білім сапасының дамуын, логикалық ойлауын, дағдысын қамтамасыз етеді. Бұл технологияда бірінші орында білімгер тұрады және өз бетімен білім алудағы білімгердің белсенділігіне аса назар аударылды. Сондықтан өз іс-тәжірибемде білімгерлердің ойлау қабілетін дамыту өздігінен жұмыс жасауға дағдыландыру барысында іске асырылатын деңгейлеп оқыту технологиясының да элементтерін қолданамын. Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясында жұмыс міндетті үш деңгейлік, косымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады.
I-репродуктивтік деңгей. І деңгей тапсырмаларын орындау мемлекеттік білім стандарты талаптарының орындалуына кепілдік береді. Барлық білімгер бірінші деңгейлік тапсырмаларды орындауға міндетті, ал жоғары деңгейлік тапсырмаларды да орындай алуы қажет. Білімгерлер жұмысты бір мезгілде бастап, білім игерудегі өз қабілеттері анықтайды. Міндетті деңгейді толық меңгергеннен кейін келесі деңгейге өтеді.
II–алгоритмдік деңгей.Үйренушілік деңгейдегі білімін толықтыра отырып, оқушының ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін екінші деңгей тапсырмаларын орындау кезінде күрделі материалдарды реттеуі және жүйелеуі керек.
III–ізденіс (эвристикалық) деңгейінде білімгер тақырып бойынша меңгерген білімдерін жетілдіріп, тереңдетумен қатар, ой қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын, әртүрлі әдіс-тәсілдермен орындалатын тапсырмалар орындайды. Білімгер өзі ізденіп, материалды саналы түрде меңгеруі керек.
IV-шығармашылық деңгей. Білімгер өзіндік шығармашылық деңгейін көрсетеді. Олимпиадалық есептер, шығармашылық тапсырмалар–білімгерлердің біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болады. Өз бетімен талдау жасау арқылы шығармашылық тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізуге баулу.
Осылай бір деңгейден келесі деңгейге өту үшін өз білімін, білік пен дағдысын толықтырып отырады. Нәтижесінде жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындау әр оқушының мақсатына айналады. Ұтымды пайдаланылған педагогикалық технология сапалы білім негізі бола алады.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Молдабекова Гулдана Хантбековна

Автордың басқа материалдары

Ағылшын тілі

«ДЕҢГЕЙЛЕП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЭКОНОМИКА ПӘНДЕРІНДЕ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ»

Қазіргі заманда білім сапасын арттыру әр оқытушыдан шығармашылқпен жұмыс жасауды талап етеді. «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзі ұстаз қауымына үлкен…

Молдабекова Гулдана Хантбековна 294 оқылым 2 мин
Ағылшын тілі

«ДЕҢГЕЙЛЕП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЭКОНОМИКА ПӘНДЕРІНДЕ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ»

Қазіргі заманда білім сапасын арттыру әр оқытушыдан шығармашылқпен жұмыс жасауды талап етеді. «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзі ұстаз қауымына үлкен…

Молдабекова Гулдана Хантбековна 549 оқылым 2 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Ағылшын тілі

Балаға ағылшын тілін үйрету: қымбат репетиторсыз тиімді оқу жолы

Балаға ағылшын тілін үйрету: қымбат репетиторсыз да нәтиже шығаруға бола ма? Қазіргі ата-аналардың көбі баласының ағылшын тілін ерте жастан үйренгенін қалайды. Бұл өте дұрыс шешім. Себебі ағылшын тілі — сапалы…

Bilimger Media 98 оқылым 6 мин
Ағылшын тілі

English Plus Holidays тақырыбы бойынша БЖБ

Бұл материалда English Plus пәнінен “Holidays” тақырыбы бойынша дайын БЖБ ұсынылады. Жиынтық бағалау тапсырмалары оқушылардың оқу, сөздік қор және грамматикалық дағдыларын тексеруге арналған. БЖБ 5–6 сынып оқушыларына…

Bilimger Media 42 оқылым 2 мин
Ағылшын тілі

Ағылшын тілін оқытуда цифрлық технологияларды қолданудың тиімді әдістері

Кентау жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі «Ағылшын тілі» пән оқытушысы Аннотация Қазіргі жаһандану жағдайында ағылшын тілін оқыту үдерісінде цифрлық технологияларды тиімді қолдану білім беру сапасын арттырудың…

Абдіманап Мадина Абдіманапқызы 235 оқылым 7 мин
Ағылшын тілі

Ойна да сөйле: speaking games арқылы 4-сыныпта айтылымды дамыту

Астана қаласы әкімдігінің «113 жалпы білім беретін мектеп» КММ Ағылшын тілі пәні мұғалімі Қазіргі білім беру кеңістігінде бастауыш сынып оқушыларының ағылшын тілінде еркін сөйлеуі функционалдық сауаттылықты…

Кузбаева Рахила Куралбаевна 86 оқылым 5 мин