Мазмұнға өту

Бопай ханым кім?

Тумарис Тұрдыбекова 1 мин оқу 45 оқылым

Тарих бетіндегі қазақ әйелдерінің бірін білсек, бірін білмей жатамыз. Халқымызда өз заманында беделі биік, есімі елге аян болған нәзік жандылардың бірі - Бопай Ханым. Ол Әбілқайыр ханның жары, Нұралы, Ералы және Айшуақ сұлтандардың анасы және Сүйіндік батырдың қызы болған. Бопай Ханым Әбілқайыр ханның екінші әйелі болса да бәйбіше мәртебесіне ие болған. Ханымның сұлулығын 1736 жылы

Хан Ордасында болған ағылшын суретшісі Джон Кэстльдің өзі суреттеген.

Бопай сұлу болып қана қоймай, ел ішіндегі мәселелерді шеше алатын мықты дипломат болған. Ол орыс патшайымдары Анна Ионовна мен Елизаветта Петровнамен хат алмасып отырған. Бопай ханымның үйіне патша ұлықтарының өзі үйіне баса-көктеп кірмек түгілі, батып тіл қата алмаған деп баяндайды тарихшылар. Бопай ханым садақ ату, қылыш сермеу сияқты әскери өнерлерді де бойына сіңірген. Ол Әбілқайыр хан тұсында да, ол қайтыс болғаннан кейін де, ел арасындағы жиындарға қосылып, мәселелерді шешкен. Тіпті өзінің жеке мөрі де болған деседі. Батырлығымен, саясаткерлігімен көзге түскен жалғыз қазақ әйелі Бопай ханым әр қазақ қызына үлгі болар тұлға екені айдан анық.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Тумарис Тұрдыбекова

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Бопай ханым кім?

Тарих бетіндегі қазақ әйелдерінің бірін білсек, бірін білмей жатамыз. Халқымызда өз заманында беделі биік, есімі елге аян болған нәзік жандылардың бірі - Бопай Ханым. Ол Әбілқайыр ханның жары, Нұралы, Ералы және Айшуақ…

Тумарис Тұрдыбекова 49 оқылым 1 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин