Мазмұнға өту

«Бала тәрбиесі бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуда өнер»

Айтқали Динара Амантайқызы 2 мин оқу 27 оқылым

Менің аты-жөнім Айтқали Динара Амантайқызы. Мен жекеменшік "Айназ" балабақшасының  тәрбиеші мамандығы бойынша жұмыс жасап жүрмін.  Тәрбиеші баланың екінші анасы емес пе? Бала кезден балаларды жақсы көретін едім. Балалардың сыңғырлап күлген дауыстары, айтқан балдай сөздері, істеген тәтті қылықтары мен үшін ең маңызды да ғажап дүние. Шынымен, мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу алдымызда тұрған мәселе. Оларды түрлі іс-шараларға қатыстырып, тіл байлығына сусындатып, қол бұлшықеттерін дамытып ғана қоймай, үш тілде санату мен сөйлетуді, мемлекеттік тілді нығайтуда ат салысуымыз керек. Себебі, ертеңгі еліміздің болашағы мына өсіп келе жатқан балалар. Балалар кіршіксіз таза жүрекпен жаралған періштелер. Шынымен, осы періштелермен  жұмыс жасап жүрген тәрбиешілер шексіз бақытты жандар. Мен балалармен жұмыс жасайтыныма қуаныштымын. Себебі,тек балалар ғана еш уайым-қайғысыз өмір сүреді. Балалармен жұмыс жасау бір ғанибет. «Бала тәрбиесі бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуда өнер» - деген ұлағатты да асыл сөз бар. Арғы заманның ата-бабаларымыз баланы өсіру мен тәрбиелеу ауыр да, жауапкершілікті талап ететін жұмыс екенін білген. Олар бала олардың келешегі ғана емес, өткені де, қазіргісі де екенін мойындаған. Міне, менің осы мамандықты таңдауымның себебі де осы. Күнде ертеңгісін сәбилердің «Сәлеметсіз бе?» деген сөздері мен үшін өте маңызды. Оларға деген ыстық сезімді жеткізу мүмкін емес. Бәлкім өзімнің де біреуге бала, біреуге ана болғандығымнан болар.  Тәрбиеші «тәрбие» деген сөзден шыққан. «Ел есінде бір жыл қалғың келсе-ас бер, он жыл қалғың келсе-ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе - бала тәрбиеле» деген дана халқымыз. Тәрбиешінің басты міндеттері баланың болашағына қосатын үлес, және ол өте үлкен. Оларды болашақта аяққа нық тұра алатын жас ұрпақты тәрбиелеп шығару.

Балабақша- білім мен ортаға биімделудің тірегі. Өмірге келген әрбір нәресте отбасында ата-анасынан бастап барлық туған туыстардың махаббаты мен жылулық шапағатына бөленіп өседі.  Әр отбасында тәлім-тәрбие алып 2-3 жасқа толғанда ата-аналар жүректерінің бір-бөлшегін сеніп толықтай бір күнге балабақшаға әкеліп тапсырады.Балабақша баланың өмірге аттаған алғашқы қадамы.  Отбасында еркелеп, өз дегенін, қалауын орындатып қоятын ерке балалар да жоқ емес. Бірақ, балаларға бірдей тәрбие беріп, біріңғай тәртіпке баулитын орта-тағы да балабақша.

Бақшаны- бала бағбандарының мекені деп тани отырып, балабақшаны-болашақтың қақпасы деп білуіміз керек. Салыстырмалы түрде сөйлейтін болсақ кімнің пікірімен бөліссек те балабақшаға барған баламен, балабақшаға бармаған баланың арасындағы айырмашылық жер мен көктей. Қай жағынан болмасын - адамдармен қарым-қатынас жасағанда да, сөйлеу мәнерлерінде де, өз ойларын жеткізе білуде тағысын сол сияқты көптеген айырмашылықты байқап жатамыз.

Балабақша-баланың жүйелі түрде білім-тәрбие алатын ең алғашқы қоғамдық ошағы.  Мектепке дейінгі тәрбие саласында ұлттық тәрбиенің негізгі міндеттерінің бірі-халқымыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерін ана тілінде түрлендіріп, сол арқылы баланың тілін дамыту.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған.  Сондықтан, алдымызға келген әр бір бүлдіршінге балабақшадан бастап тәлім-тәрбие беріп ұлтжандылыққа тәрбиелейік. Балабақша бақыттың ең бірінші баспалдығы, баланың болашағы.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Айтқали Динара Амантайқызы

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

«Бала тәрбиесі бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуда өнер»

Менің аты-жөнім Айтқали Динара Амантайқызы. Мен жекеменшік "Айназ" балабақшасының тәрбиеші мамандығы бойынша жұмыс жасап жүрмін. Тәрбиеші баланың екінші анасы емес пе? Бала кезден балаларды жақсы көретін едім. Балалардың…

Айтқали Динара Амантайқызы 41 оқылым 2 мин
Балабақша

«Бала тәрбиесі бір өнер, өнер болғанда ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуда өнер»

Менің аты-жөнім Айтқали Динара Амантайқызы. Мен жекеменшік "Айназ" балабақшасының тәрбиеші мамандығы бойынша жұмыс жасап жүрмін. Тәрбиеші баланың екінші анасы емес пе? Бала кезден балаларды жақсы көретін едім. Балалардың…

Айтқали Динара Амантайқызы 60 оқылым 2 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Балабақша

Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастыру: ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізудің тиімді әдістері.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылы "Айгөлек" бөбекжайы Тәрбиеші Аннотация Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың маңызы, негізгі қағидалары және ерекше білім беру…

Едильбаева Тойжан Батырбековна 65 оқылым 10 мин
Балабақша

Балабақшада балалардың сөйлеу тілін дамыту

«Жауқазын»бөбекжай-бақшасы МКҚК-нің тәрбиешісі Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,Тоғыз станциясы Мақалада мектепке дейінгі жастағы балалардың сөйлеу тілін дамыту мәселесі қарастырылады. Баланың сөздік қорын байыту,…

Садықова Маржанкүл Баянқұлқызы 68 оқылым 2 мин
Балабақша

2026–2027 жылғы оқу жылына Балабақша тәрбиешілеріне қажетті әдістемелік құжаттар тізімі

2026–2027 оқу жылы басталар алдында балабақша тәрбиешілері үшін ең маңызды жұмыстардың бірі – әдістемелік құжаттарды талапқа сай дайындау. Перспективалық жоспар қалай жасалады? Циклограмма қандай болуы керек? Баланың…

Bilimger Media 4 427 оқылым 10 мин
Балабақша

2026–2027 жылғы оқу жылына Балабақша тәрбиешілеріне қажетті әдістемелік құжаттар тізімі

2026–2027 оқу жылы басталар алдында балабақша тәрбиешілері үшін ең маңызды жұмыстардың бірі – әдістемелік құжаттарды талапқа сай дайындау. Перспективалық жоспар қалай жасалады? Циклограмма қандай болуы керек? Баланың…

Bilimger Media 936 оқылым 10 мин