Мазмұнға өту

АНА ТІЛІМ: Бала тәрбиесіндегі орны

Bilimger Media 2 мин оқу 344 оқылым

Ана тілің алпыс тілмен тең.
Мақал
Халқымыз өз тілін ана тілім дейді. Яғни, ананың ақ сүті мен әнтек әлдиінен дарыған рухани болмыс. Баланы тәрбиелеуде, оған рухани қуат беруде ананың орны ардақты да аяулы ғой. Тек ана мен әже ғана балаға бесік жырын тербетіп, ақ әлдиін, жұмсақ сөзін арнайды. Әйел адам күніне 20 000 сөз сөйлейді деп жатамыз. Алайда бұл құбылыстың шынайы қызметі қайда жатқанын білеміз бе? Өйткені бұл – ананың балдырған сәбимен сөйлесуге арналған сөздік қоры. Баламен көп сөйлескенде, оған жанында жүріп көп сөз айтқанда ғана баланың тілі ерте шығады, тез жетіледі. Өмірде де аңғарған боларсыз, сәбиінің тілі кейін кешігіп шыққан жанұяда әйел адамның сөзге тым шорқақ не көп сөйлемейтін жан екенін байқайсыз.
Балаға көп ақпарат беру керек, сондықтан туғанынан бастап баламен жиі тіл қатысып, сыр бөлісіп тұрған жөн. Бесік жырын көп айтып, мәнерлі өлең айтыңыз, ертегі оқыңыз. Тіліміздің асыл маржанын теріп беріңіз. «Балаға өз тіліңмен сөйлеме, өз тілімен сөйле» деген нақылдың түп тереңі де, айтар ойы да осы.
«Қазақтың қасиеті сөзінде» дейді атам қазақ. Тілінің хас табиғатына тұщынып, қас қаймағын қанып сімірген баланың қуаты өзгеше, дарыны кемелденген келеді. Ұлттық үлгі-өнеге мен халықтық тілім-ілімді ішіп өскен бала талантты, дарынды болады. Ұлттық психология, ұлттық педагогикамен тәрбиеленген баланың ғана барлық рухани арналары ашылмақ. Мұны ғылым да дәлелдеп берген. Сондықтан жапондар мен қытайлар 10 жасына дейін өзге тілде мүлдем оқытпайды.
«Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді» дейді дана халқымыз. «Балаңды бес жасқа дейін хандай көтер» дейді, яғни сұлтандай сыйла, еркелет, бес жасына дейін барлық нәрмен сусындат, ұлттық құндылығыңды сіңір дейді. Сондықтан, аналар, өз балаңызды өз ана тілінде баулиық, түйсігін тербетейік.
Халық көкірегіндегі күмбірлеген кемел тіл көл-көсір өнер болып өрілген: қара өлең болып есілген, шешен болып ширыққан, жырау болып күңіренген, жыр болып толғанған, ән болып төгілген… Қазақ өнерінің бастауы – тіл, қызыл тіл. Қазақ өнерінің алды да, бастауы да – тілі. Тіл – ұлттық ғана емес, бүкіл әлемнің ең биік құндылығы.
Сан ғасырлық сүрлеу тарихы мен сындарлы жолы бар туған тіліміз бүгінгі заманның үлкен жемісі, өткеннен өзеуреп жеткен өкіл қазынамыз. Бұл – ұлы Абай мен мәрт Мұқтардың, бағлан Абылай мен батыр Қабанбайдың, ақиық Мұқағали мен бард Бұқардың тілі. Түптеп келгенде, бұл тіл – әл-Фараби мен Асанның Қайғының тілі. Ұлы тұлғасы бар тіл де ұлы болмақ. Ұлы халқы, текті ұлты бар тіл қашан да ұлы. Себебі тек тіні бар ұлт қашан да болмысы болып табылатын құндылықтарын қызғыштай қорғайды. Құндақтап құндылығын келешекке табыстайды. Бұл «мәңгілік» деген ұлы дала заңдарының бірі.

Ержанова Сайран Николаевна
Тәрбиеші
№3 «Ертөстік» бала бақшасы МКҚК.
Көкшетау қаласы.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Bilimger Media

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин