Мазмұнға өту

Ағаштар неге ашуланады ?

Bilimger Media 2 мин оқу 299 оқылым

Мақсаты: 1) Оқушыларды мәтінің мазмұнымен Б Соқпақбаевпен таныстыра отырып, мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру. Ағаштар жайындағы білімдерін кеңейту, мәтінді мәнерлеп оқу дағдыларын және белсенді ынталы оқуға үйрету.

2) Оқушылардың байланыстырып жүйелі сөйлеу қабілеттерін шығармашылық,

танымдық қабілеттерін дамыту.

3)Табиғатты аялауға, ұйымшылдыққа бірлікке жақсыны үйретуге, жаманнан жиренуге баулу.

Сабақ түрі: аралас сабақ.

Сабақ әдісі: сұрау жауап түсіндіру.

Сабақ көрнекілігі:  интерактивтік тақта, Б Соқпақбаевтың суреті, мақал- мәтелдер.

Өтілу барысы:

I - Ұйымдастыру кезеңі

Сабақ мақсатын айту, тәуелсіздіктің 20 жылдығын айта кету.

II- Оқушылар сабақты бастамас бұрын бір-бірімізге шаттық нұрын тілейік.

Біз қандаймыз қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз,

Күлімдеген күндейміз,

Еш уайымды білмейміз.

III- ал, балалар үй тапсырмасына не берілді?

Үй тапсырмасына шолу жасау.

  1. Қанатқа әкесі сыйлаған компастың ерекшелігі не?
  2. Балалар қандай болды?
  3. Боданның компасқа қатты қызыққаның қалай байқауға болады?
  4. Бодан компасты не істеді?

IV- Қызығушылықты ояту.

Ребусты шешейік:

                                    ' таға   шана"

Міне бүгін біз Б. Соқпақбаевтың тағы бір әңгімесі « Ағаштар неге ашуланды?»

танысамыз.

Балалар , біз бүгін табиғаттың әсем бір бөлігі туралы әңгіме, табиғат адамдарға ғажап сыйлық сыйлайды, оның- бірі ағаштар.

V- Ой ашар.

Біз әңгімемен таныспас бұрын мынандай тапсырмалар мен жұмыс жүргізейік.

  1. Ағаштың қасиеті туралы не білеміз?
  2. Ағаштың қандай пайдасы бар?
  3. « Жасыл ел » бағдарламасы туралы не білеміз?
  4. Б. Соқпақбаев өмірі туралы не білеміз?
  5. Б. Соқпақбаевтың қандай шығармаларын білеміз?
  1. Б. Соқпақбаевтың суретің көрсету.

Ал, ендеше олай болса дәптерге бүгінгі күнді жазып қоямыз.

Желтоқсанның  14-і

Сынып жұмысы

VII. Оқулықпен жұмыс

1.3- оқушыға мәнерлеп оқыту

  1. тізбектей оқыту

VIII. Ой қозғау.

  • Алмабектің жіберген қателігі неде?
  • Ағаштар Алмабекті қалай жазалады?
  • Алмабек өзінің кемшілігін қалай түзеді?
  • Егер Алмабек ағаштардан  кешірім сұрамағанда не болар еді?
  • Кәрі еменнің сөзің кім тауып оқиды?
  1. Дәптермен жұмыс.

 Ендеше балалар ағаштар неге ашуланады екен соны білейік. Ол үшін Алмабектің

кінәсін толтырайық.

Жас ағашты уақытылы суармайды

Алмабектің айыбы                                  Түбін қобсытпады

Табиғатқа  қастандық жасады

Өзге  балалардан үйренгісі келмеді

  1. Тақтаға мақалдарды жазып қою.

Оқушылар толықтырып жазады ( дәптерге жазып аламыз)

1...................           еңбегімен озады

...................           езулімен тозады.

2...................            ертеңі бітпейді.

  1. Ал міне балалар мына бір суретке бір қарайық( ағаштарды сындырып зиян

келтірмеу жайлы көрсету)

Ситуациялық сұрақ

Мұндай жағдайда өзін не істер едің?

  • Ойын. « Сымсыз телефон» бір- біріне сыбырлап жеткізеді
  1. Біздің сыныпта Алмабектегі оқушы жоқ.
  2. Қ. Сәтбаев ескерткіш маңына көктемде ағаш отырғызайық.
  3. Көктем шығысымен мектеп ауласындағы ағаштарды өз күтімімізге алайық.

XIII. Ой қорыту. Балалар міне бүгін ағаштардың пайдасы және қасиеті туралы көп танысып білдік. Ендеше осы ағашқа байланысты қандай тыйым сөздер білеміз?

  • жалғыз ағашты кеспе
  • жас бұтақты сындырма
  • көк шөпті жұлма

XIV. Оқушыларды бағалау.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Bilimger Media

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин