Мазмұнға өту

Әдемі торғай

Bilimger Media 2 мин оқу 393 оқылым

Тінәлі негізгі жалпы білім беретін мектебінің жанынан ашылған шағын орталық
Тәрбиешісі: Айткалиева Нурайна Жарасовна

Оқу қызметі технологиялық карта
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы: «Әдемі торғай»
Мақсаты : құстың бөлшектерін дайындап, бөлшектерді бір-бірімен біріктіре алуды үйрету; құстар туралы білімдерін дамыту, саусақ икемділіктерін арттыру. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерін қозғалысын жетілдіру. Балаларды құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Оқу қызметінің кезеңдері Тәрбиешінің оқу қызметі
Балалардың іс- әрекеті
Дәлелдеу,ояту.
2мин
Шаттық шеңбері
Біз бақшаға ризамыз,
Апайларға ризамыз,
Асыр салып ойнаймыз.
Өмірге де ризамыз! (Г. Бектұрова) Балалар қол ұстасып тұрады, шеңбер жасайды.
Өлеңді қайталайды.

Ұйымдастыру, іздену (10 мин)
2мин

4мин

2мин

2 мин Өлең оқу:
Жерден тары шоқып ап.
Бөтекесі бұлтиып,
Шиқ-шық етіп отырмақ.
-Балалар, құстың дене құрылысына сипаттама беріңдерші.
-Ол қалай қоректенеді ?

Дидактикалық ойын: «Не қалай дыбыстайды?»
Әртүрлі құстардың суреті көрсетіледі.
Сөздік жұмыс: шырылдайды, гуілдейді, қаңқылдайды, қарқылдайды, шықылықтайды.
Сергіту сәті
Кәне, қанат жазайық,
Құс боп желмен ұшайық.
Ұшып-ұшып алайық,
Ұямызға қонайық.
-Балалар, біз бүгін торғайды мүсіндесек қайтеді?
-Торғайды мүсіндеп, суреттегі торғай қонып отырған ағаштың бір бұтағына орналастырамыз. Алдымен денесін жасаймыз, ол үшін екі домалақ дайындап аламыз, үлкені-денесі, кішкентайы- басы болады. Үлкен домалақты сопақша пішінге келтіріп, екі саусақпен қысып құйрығының ұшын жалпақтаймыз.Кішкентай домалақ бөлшек құстың тұмсығы болады, екіншісінің де құйрығын солай созамыз. Енді екеуін қосамыз. Құстың аяғын жасаймыз. Тақпақты тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.

-Басы, тұмсығы, екі қанаты, денесі, құйрығы, екі көзі мен аяқтары бар.
-Ол түрлі дәндерді, жәндіктерді жейді.
Қайталайды:
Торғай шырылдайды.
Көгершін гуілдейді.
Қаз қаңқылдайды.
Қарға қарқылдайды.
Қарлығаш шықылықтайды.
Балалар қолдарын жазып, құс болып ұшады.

Тоғайды мүсіндеуге ынталарын білдіреді.

Рефлексиялық түзету.
3мин Тәрбиеші балалармен «Жапалақ» ойынын ойнайды. «Күн» дегенде балалар «ұшады», жапалақ ұқтайды, «түн» дегенде құстар ұйықтайды, жапалақ ұшады.
Ұйықтамаған «құсты» ұясына алып кетеді. Ойынға кіріседі, тәрбиешінің айтуы бойынша қимылдар жасайды.

Күтілетін нәтиже:
Жасайды: бөлшектерді дайындап алып, оны біріктіре отырып құстың бейнесін мүсіндейді;
Түсінеді : құстардың пайдасын, оларды қорғау қажеттілігін;
Қолданады: оқу іс-әрекеті барысында алынған дағдыларды.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Bilimger Media

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин