Мазмұнға өту

Абысындар

Bilimger Media 1 мин оқу 38 оқылым

Абысындар

Бірінің жары өлген де,
Бірінің жары хабарсыз.
Сұрапыл басқа төнгенде,
Кетіпті қара қағазсыз.
(Ажалға берген шығыны)
Бір аяқ, бір қол жоғалған.
Кеудеде тірі шыбыны,
Бірінің жары оралған.
Жалғанда тірлік, тұрмысың
Бірінің жары дін аман.
Көргенде жесір құрбысын,
Жесірден бетер жылаған.
Бірінің сыры біріне
Белгілі, бәрі тым қанық.
Өткізген жастық күніне,
Күніне қайтар бір барып.
Сырларын бүгіп ішіне,
Сыр мінез, тату абысын,
Сездірмей тірі кісіге,
Сақтап жүр әйел намысын...
Мұқағали Мақатаев

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Bilimger Media

Осы тақырыптағы материалдар

Өлеңдер

Тіл

Тіл 11”Ә” Эрмухамедова Асема Қарны тоқтың,хамі жоқ Тілі жоқтың,өзі жоқ. Сабақталған бұрма сөз, Арасында өз тілі жоқ. Тіл жайлы не айтайын? Қарапайым әріптер, Қосылмады еш басы бір. Саны көптік еті ме ,өзге тілден бір?…

Эрмухамедова Асема 24 оқылым 1 мин
Өлеңдер

Мен сүйген жан

Ғашықпын,ғашықпын мен сол бір жанға, Өзіне тартып тұрад(ы) әрқашанда Білмеймін неге екенін жүрегіме, Сол бір жан ғана жақын тұрад(ы) Актёр болып жаралғандай өзі де, Армандаймын кездесуді күніге Қара көз,қара қас,шашы…

Жәнібекқызы Іңкәр 35 оқылым 1 мин
Өлеңдер

Туған жер

Туған жерім мекенім, Құшақ жая қарсы алған. Елжіреймін,сағынам(ын), Несіне мен жасырам(ын). Балалық шақтың дәурені, Бастау алды осында. Кіндік қаным тамған жер, "Жетібай"атты ауылда. Кеткеннен соң жырақтап, Өзге жерге…

Жәнібекқызы Іңкәр 43 оқылым 1 мин
Өлеңдер

Өмірдің көп қой қызығы

Өмірдің көп қой қызығы, Құрай білсең егерде. Алланың берген белгісі, Ниетінде емеспе?! Армандай біл - бастысы, Болашақтың сатысын, Мақсатың мен айқындап , Жоспармен баста - әр істі . Ізденуден шаршама, Көп білуді аңсада-…

Жанель 55 оқылым 1 мин