Бір орында ұзындыққа секіру
Орынбаев Сакен Сайлауұлы
Мектеп | «Болашақ» мектеп-гимназия | |
Мұғалімнің аты-жөні | Орынбаев С. | |
Сыны Сынып | 5 «Г» | 5«Д» |
Күні | 14.04.2021ж | |
Қатысушылар саны: | 25 | |
Бөлім | 7-бөлім .Жүгіру,секіру,лақтыру дағдыларын жақсарту | |
Сабақ тақырыбы | Бір орында ұзындыққа секіру | |
Оқу мақсаттары | 5.1.2.2 нақты дене шынықтыру сабақтарына арналған дене қыздыру жаттығуларын құру, түсіндіру және өткізу, олардың ағзаны қалпына келтіру тиімділігін бағалау
Қимыл қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір дене жаттығуларындағы реттілігін жинақтау |
|
Сабақ мақсаттары | Барлығы: Білім алушылар денені қыздыру және қалпына келтіру жаттығуларының кешенін құрады.
Көбі: Білім алушылар денені қыздыру және қалпына келтіру жаттығуларының кешенін құрады және көрсетеді. Кейбірі: Білім алушылар денені қыздыру және қалпына келтіру жаттығуларының кешенін құрады және көрсетеді, оның маңыздылығын көрсетеді |
|
Бағалау критерийі | Түрлі жаттығу жұмыстарын орындау барысындағы болуы мүмкін қауіп-қатерлерді анықтайды. | |
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: жеңіл атлетикадағы қозғалыс дағдылары туралы түсініктерін талқылайды және көрсетеді.
Пәндік лексика және терминология мыналарды қамтиды: – қауіпсіздік техникасы – секірулер, жылдамдық алу, итерілу, ұшу, қону – күш, жылдамдық, төзімділік, иілгіштік дене қасиеттері – лақтыру, лақтыру түрлері Талқылауға арналған сұрақтар: – ұсынылған қозғалыс әрекеттерінің орындалуын сіз қалай бағалайсыз? – берілген тапсырма нені көбірек дамытады, төзімділікті ме немесе жылдамдықты ма? – бұл тапсырма үшін оқушы қандай қыздырыну жаттығуын жасау керек? – сіз қандай демді қалыпқа келтіру жаттығуларын білесіз? |
|
Құндылықтарды дарыту | Ынтымақтастық: өзара жақсы қарым-қатынас орнатады, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастырады, бір-біріне көмек көрсетеді.
Академиялық әділдік: бір-бірін әділ бағалайды, идеялары мен ой-пікірлеріне құрметпен қарайды. Өмір бойы оқу: алған білімін өмірмен байланыстырады, кері байланыс орнатады, білім алуға деген сүйіспеншілікті қалыптастырады. Патриотизм және азаматтық борыш: отанға деген сүйіспеншілікті, адалдықты, өз іс-әрекеттерімен дәлелдейді. Өзіне және өзгеге құрмет: топтық жұмыс, жұптық жұмыс кезінде жүзеге асырады. Еңбек пен шығармашылық: альтернатив ойынды ұйымдастырады, ойын барысында жеңіске талпынады. |
|
Пәнаралық байланыстар | Биология, физика, өзін-өзі тану, | |
АКТ қолдану дағдылары | Ноутбук,гимнастикалық төсеніш | |
Бастапқы білім | Жылдамдық, төзімділік қасиеттерін дамытуға арналған жаттығулар кешенін біледі. |
САБАҚ БАРЫСЫ
Сабақтың кезеңдері | Оқушының әрекеті | Педагогтің әрекеті | Оқу ресурстары |
Сабақтың басы
10 минут |
Дайындық бөлімі: Оқушыларды қатарға тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау. Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару. Сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийлерін анықтау. Техника қауіпсіздігін ескерту. Бой жазу жаттығуларын орындау. Тыныс жолдарын қалпына келтіру. | Оқушылардың қатарда түзу тұруың қадағалау. Келмеген оқушылардың себебін анықтау. Оқушылардың сабақтың тақырыбы мен мақсатын мұқият тыңдауын қадағалау. Бой жазу жаттығуларын ережеге сай орындалуын қадағалау. | Ысқырғыш, секундомерлер, жалаушалар, бор. http://www.everlive.ru/running-exercises-for-endurance/
http://festival.1september.ru/articles/504677/
|
Сабақтың ортасы
25 минут |
(С, Т, ҚБ) «Менің артымнан қайтала». Ойында төзімділікпен қатар жүгіру екпінін өзгерте білу дағдысы қалыптастырылады. 5 – 10 оқушыдан жасақталған топта «капитан» тағайындалады. Оқушылар «капитан» ұсынған екпінмен жүгіреді (стадион жолында нем
есе қиылысқан жерлерде). |
Оқушылардың дене дайындығына байланысты жүгіру уақыты мұғалім анықтайды. Егер жалпы жүгіру екпіні артық көтеріңкі болса, мұғалім дереу қажетті екпін қояды. «Капитан» ретінде әлсіз оқушыларды дайындау пайдалы. Бұл оларға сенімділік беріп жүгіру екпінін барлық топқа жағымды етеді. | |
Негізгі бөлім. Ұзындыққа екпіндеп секіру төрт сатыға бөлінеді: 1) Екпін. Екпін керекті жылдамдықты жинап алу үшін қажет. Екпін алғаннан кейін секіруші жүгіріп жылдамдық алады. Мұндағы жүгіру адымдық жүгіру деп аталады. Секіруші өзінің әр жүгіру адымын, қозғалысын қадағалау керек және жүіріп келе жатып оң, солға қозғалмай түзу жүгіру керек, адымы өте кең болу керек. Ысқырық, секундомер
2) Итерілу. Итерілуге жақындағанда секіруші соңғы 3-4 адымдық жылдамдығын көбейту керек. Белгіленген сызыққа келгенде секіруші сызықтан аспай бар екпінмен жерге түсу үшін ұшады. 3) Ұшу. Секіруші белгіленген сызықтан екпін алып секіргеннен кейін ұшу кезеңі басталады. Ұшу кезінде секіруші өзін бір қалыпта ұстап, мүмкіндігінше алысқа жерге түсудің тәсілдерін орындайды. Ұшу кезеңінде тәсілдерді үш түрге бөліп қарауға болады: 1) ұшу кезінде бір аяқты бүгу 2) ұшу кезінде екі аяқты бүгу 3) ұшу кезінде екі аяқты қайшыландыру, яғни ұшып бара жатқанда екі аяқты ауада кезек-кезек сермеу Ұшу кезіндегі тәсілдер – секірушінің қаншалықты ұзындыққа секіретінін көрсететін шешуші тәсілдер. 4) Жерге түсу. Бұл секірудегі соңғы тәсіл, секірушінің қанша ұзындыққа секіргенін көрсетеді. Жерге түсу кезінде екі аяқтың тізесін жазады, иықты, кеудені алдыға қарай бүгіп, екі қолды төмен немесе алға жібереді. Жүгіріп келіп ұзындыққа секірудің көрсеткіштері: ұлдар – 2,60м. («3») 3,00м. («4») 3,20м. («5») қыздар – 2,20м. («3») 2,60м. («4») 2,80м. («5») 2. Оқушылар жаңа тақырыпты практика жүзінде көрсетеді. Оқушылар 2 топқа бөлінеді. Топқа футболшылар мен олимпиада чемпиондарының суреттерін топтастыру арқылы бөлінеді. 1-топ ұзындыққа секіру тәсілдерін үйреніп жатқанда, 2-топ секіртпе жіппен секіреді. 3. Эстафета. «Кім алысқа секіреді?» Шарты: 2 топ оқушылары кезекпе-кезек бір орында тұрып, ұзындыққа секіреді. Әр оқушының секірген ұзындықтарын бормен белгілеп, соңғы оқушы секіргеннен кейін әр топтағы барлық оқушының ұзындыққа секірген өлшемдері қосылады. Қай топтың ұзындыққа секірген өлшемі көп, сол топ жеңіске жетеді. 4. Диалогтік әдіс. «Жетістікке қалай жетті? Әр топқа үш қарғып секіруден Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың суреті жабыстырылған плакат беріледі. Белгіленген уақытта плакатқа Ольга Рыпакова жетістікке қалай жеткендігі туралы өз ойларын сатылап жазып шығады. |
Шынтақты жерге тіреу арқылы жаурынға тұруды үйрету
Шалқалап жату қалпынан аяқтың ұшын бастан асыра еденге тигізуге тырыса отырып, бел еденнен көтерілген кезде алақанмен мықынды қаусыра ұстап, қолды белге тіреу керек және қолды шынтақтан бүгіп, оны дененің астына қарай көбірек жіберіп, бұдан кейін аяқты жоғары қарай созады да, шынтақты тірей көтерілу арқылы жаурынға тұру қимылы орындалады. Жаурынға тұру тәсілін орынықтыра түсу үшін аяқпен мынадай әр түрлі қимылдар жасау ұсынылады: аяқты бүгу, алшақ ұстау, бір аяқты алға, екінші аяқты артқа қарай жіберу және т.б.
Бұл жаттығуды бастапқы қалыпты өзгерту арқылы қиындатуға болады, яғни екі аяқты бірге соза ұстап отырып, жаурынға тұру керек. Аяқты сүйемелдеп ұстау қауіпсіздендірудің және оған көмек берудің элементі болып табылады.
|
||
Сабақтың соңы
5 минут |
Сабақты қорытындылау:
Мақсаты: Қол жеткен нәтижелер туралы ойлану, өзіндік талдау жүргізуге дағдыландыру. Тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау. Сипаттама: Оқушылар өз беттерінше сабақтың басында қойылған сұраққа жауап береді. Өткен тақырып туралы кері байланыс беру үшін мұғалім сұрақ қояды, оқушылар ауызша жауап береді. Мұғалім әрекеті: Сұрақ-жауап арқылы кері байланыс жүргізеді. Сабақ басында қойылған сұрағына әр оқушыдан жауап сұрайды. Жақсы нәтижеге қол жеткізген оқушылар мен үздіктерді атайды. Жетілдіру жаттығуларын ұсынады. Оқушының әрекеті: Қиын болған немесе жүзеге асыра алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Үздік нәтиже көрсету үшін өзіндік ойлармен бөліседі. Сабақ басындағы мұғалім сұрағына жауап береді. |