Сіз білмейтін инстаграм…
⠀
Қазіргі таңда танымалдылыққа ие болған инстаграм әлеуметтік желісін ай сайын 1 млрд адам қолданса, күніне 500 млн адам Instagram Stories қарайды екен. 2020 жылы әлем бойынша орташа есеппен әр адам күніне 28 минут инстаграмда отырады.(Бұл статистикаға сіз де өз үлесіңізді тигіздіңіз).
⠀
Ал осы инстаграмды бізге сыйлаған кім? Ол- Кевин Систром есімді жігіт. Кевин Систром 1983 жылдың желтоқсан айында Массасучетс штатының, Холлистон деген кішігірім қаласында шыр етіп дүние есігін ашқан. Бала кезінен молдадан сауат ашпаса да, ІТ саласына деген қызығушылығы көп болды. Сөйткен Кевин ер жетіп, Стенфордтағы техникалық университетке түседі. Алғашында Computer Science бағдарламасы бойынша оқып, кейін одан көңілі қалып, Management Science and Engineering бағдарламасына ауысып алады.
⠀
Университет кезін бос өткізбей, сайттар құрастырып, түрлі беделді бағдарламаларға қатысады. Өз арманына жету үшін көп еңбектенеді. Қателесуге қорықпайды. Көп тәуекел етеді. Осындай талпыныспен, алдымен «Burbn» фото-сурет жүктейтін қосымшасын шығарады, алайда бұл жобасы көп танымалдылыққа ие болмайды. Сонда да сағы сынбаған Кевин 2010 жылдың 6 қазанында, досы Майк Кригермен бірге, біз қолданып жүрген инстаграмды App Storе-ға жүктейді. Алғашында 25 мың қолданушысы болған инстаграмның бүгінде миллиардқа жуық қолданушысы бар.
⠀
Шыққанына 2 жыл өткен соң, Цукербергпен келісімге келіп, инстаграмды фейсбукке 1 миллиард долларға сатады.
⠀
Ал сіз инстаграмдағы 28 минутыңызды қалай өткізесіз?
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718