Қошақан

Абдилкасеновна Мейрамкул Хабиболлаевна

Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
ІІ кіші «Балдәурен» тобы
Күні: 16.01.20.
Тәрбиешінің аты-жөні: Абдилкасеновна М.Х
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: «Қошақан»
Үш тілді компонент: қошақан-ягненок – lamb.
Сөздік жұмыс: қошақан
Көрнекіліктер:Сурет, ақ қағаз , бояу .
Күтілетін нәтиже:
Қайталайды: қошақандар жайында қарапайым түсініктері бар
Түсінеді: бұйра жүнді қошақандарды бейнелеудің әдіс-тәсілдерін
Қолданады: бояуды пайдалана отырып,сүйкей жағу арқылы қошақаның суретін салуды.
Ұйымдастырлған оқу қызметінің өткізілу барысы:
1.Ұйымдастыру-қозғаушы қызметі. Түрі.
Мақсаты : Дайын ойыншық қозының сұлбасына аяқтарын, көздерін, құлақтарын, аузын салып жалғастырып, суретін салуға үйрету .
Жылулық шеңберіне жиналу.
Мына сұлу әлемде
Адам өмір сүреді
Үлкен менен кішіге
Күн сәулесін төгеді.
Балалар, менің сендерге жұмбақ жасырғым келіп отыр. Жұмбақ шешуге дайынсындар ма?Ендеше мұқият тындаңдар.
Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.
-Дұрыс айтасыңдар. Жұмбақтың шешуі қой. Балалар, қойдың төлін қалай атайды?
2.Ұйымдастыру – іздестіру.
Мақсаты : Шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Кіріспе .Әңгімелесу :
Балалар, мен сендерге қошақан туралы өлең оқып беремін.
Момақаным маймағым,
Келмейді әлі ойнағың.
Қалтырайсың үйде де,
Қошақаным қайда әлің?
Қошақандарды қайдан көрдіңдер?
Топқа ойыншық қошақан қонаққа келеді, ол бір өзіне көңілсіз болып жүргенін айтып балалардан: «Сендер басқа қошақанды көрдіңдер ме?»-деп сұрайды. Балалар, біз қошақанға дос тауып беруге көмектесейік, ол үшін біз оларды өзіміз салып көрейік.
Алдымен салу жолымен танысайық. Қағазға салынған қошақанның суреттерін таратып беріп, не жетіспейтінің сұрау.
– ол үшін бояуды алып қошақанның бұйра жүндерінің суреттерін саламыз
– осылайша қошақанның барлық бұйра жүндерін жасап,толықтырылып суретін саламыз.
Сергіту сәті
Оң қолымды көтерем,
Оң қолымды түсірем.
Сол қолымды көтерем,
Сол қолымды түсірем
Оңға қараймын,
Аяқты топ-топ басамын,
Солға қараймын
Біраз сергіп аламын.
Үш тілді компонент : қошақан-ягненок – lamb.
Сөздік жұмыс: қошақан
Балалар, енді дайын болған достарын қошақанға берейік.
Балаларға риза болған қошақан қуанып қоштасады.
-Сау болыңдар, балалар!
3.Рефлексивті – түзетушілік.
Мақсаты: Ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Балалар, біз бүгін ненің суретін салдық?
-Сендерге ұйымдастырылған оқу қызметі ұнады ма?
Жақсы салған балаларды мадақтау

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *