Елордасы- Нұр-Сұлтан

Қален Нұрдана Сейітжанқызы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
ІІ кіші «Балапан» тобы
Күні: 05.12.21.
Тәрбиешінің аты-жөні: Қален Н.С
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Бөлімі: Сөйлеу дамыту
Тақырыбы: Елордасы — Нұр-Сұлтан.
Үш тілділік : Астана – столица – capital
Сөздік жұмыс: елорда, бәйтерек,ақ орда.
Көрнекіліктер: Суреттер
Күтілетін нәтиже:
Қайталайды: Астана туралы жақсы пікірде болды.
Түсінеді: Еліміздің елордасы –Астана екенін түсінді.
Қолданады: Астана туралы өз ойларын қолданып, айта алды.
Ұйымдастырлған оқу қызметінің өткізілу барысы:
1.Ұйымдастыру-қозғаушы қызметі. Түрі.
Мақсаты : Елордасы Астана туралы жан- жақты білімдерін өмірмен байланыстыра отырып түсініктер беру.
Шаттық шеңбері
Бала,бала, балақан
Қане қайсы алақан
Саусақтарым айбат
Былай-былай ойнат
Топ-топ басайық
Жалаудан күн жасайық
Жаса, жаса алтын күн
Жаса ,жаса жарқын күн
2.Ұйымдастыру – іздестіру.
Мақсаты : Балалардың ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру,тілін дамыту және ойлау қабілеттерін жетілдіру.
Кіріспе әңгіме:
Балалар қараңдаршы менің қолымда сиқырлы ораулы қағаз бар.
Бұның арасында не бар екен,бұл сыйқырлы қағаздың арасын шешкенде не бар екенін бәріміз бірге көрейік.
Балалар қараңдаршы мынау қандай дыбыстың таңбасы ?
Дұрыс балалар ,ендеше А ДЫБЫСЫ ҚАНДАЙ ДЫБЫС ДАУЫСТЫ МА ӘЛДЕ ДАУЫССЫЗ БА ?
Балалар осы А дыбысына байланысты дауысты дыбыстан келетін сөздер айтып көрейік кәнеки.
Ал олай болса мыналарға қарай сыйқырлы ораулы қағазды әрі қарай ашайын.
«Ойлан, тап» дидактикалық ойыны.
Шарты: А, с, т, а, н, а дыбыстарынан басталатын сөздерге сөз құрастыру.
А – ана, алма, …
С – су, сан, …
Т – таң, тамаша, …
А – асыл, ата, …
Н – нан, нар, …
А – апа, алқа, …
Жақсы балалар осы Астанамызды басқарып отырған елбасы жайлы не білеміз,атамыздың аты кім екен?
Енді балалар Астана жайлы сіздердің білімдеріңізді тексергім келіп тұр.
Мынау менің қолымдағы кеспе суреттерді сіздерге таратамын.
Осы бәйтерек жайлы не білесіңдер?
Сергіту сәті.
Отанымның тірегі,
Астананың жүрегі,
Мақтан етем өзіңді
Бәйтерегі киелі.
Үш тілділік : Астана – столица – capital
Сөздік жұмыс: елорда, бәйтерек,ақ орда.
3.Рефлексивті – түзетушілік.
Мақсаты: Туған жеріне деген сүйіспеншілігін, туған қаламызға деген патриоттық мақтаныш сезімін туғызу, бір-біріне көмек беруге, ұйымшылдыққа, туған жерін сүюге тәрбиелеу
Балаларды шеңберге тұрғызу,астана жайлы біз ғимараттарымен таныстық.
Сөздерді 3 тілде айтқызу.Ал жақсы қатысқан балаларды мадақтау .

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *