Мектепалды даярлық тобына арналған сабақ жоспары
Күні: 11.03.2021ж.
Білім беру саласы: Таным
Білім беру бөлімі: ҚМҰҚ
Тақырыбы: 1 саны және цифры.
Мақсаты:
- 1 саны және цифрымен таныстыру; бір затты анықтай алуғаүйрету;заттардың белгілерін тауып, оларды сол белгілеріне қарай жіктеу қабілетін
қалыптастырудыжалғастыру; - Балалардың сөйлеу қабілеті мен зейінін, саусақтың усақ бұлшық еттерін дамыту;
3.Тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ – жауап, түсіндіру, ойын.
Қолданылған көрнекі құралдар: үлестірмелі материал, дидактикалық материал, жұмыс дәптер.
Полингвалды компонент: фигура-фигура-figure, шаршы-квадрат-square, көлік-транспорт-transport.
Оқу іс
-әрекетінің кезеңдері |
Педагогтың іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушы-лық |
Балалардан өткен сабақта танысқан фигураларды еске түсіруді сұрайды. Соған сәйкес келетін заттарды табуды тапсырады (7-кесте). Жумысты «Жасырынбақ» ойыны түрінде
ұйымдастыруға болады. Содан кейін суреттерді талдауға шақырады: – Олар қандай фигуралардан құралған? – Бұл заттар қалай аталады? Оларға ортақ атау (көліктер) беругеболама? |
Суреттердің өздері білетін қандай фигураларға ұқсай-тынын айтады.
Балалар ойынға қосылып, пішіні жағынан әртүрлі заттарды табуға кіріседі. Көлік түрлерін атап көрсетеді: пароход, паровоз немесе кеме, жүк машинасы. Суреттерді талдайды. |
Ұйымдас-тырушы-лық- ізденістік
|
Педагог топтағы заттарға ортақ атау беріп, оларды көлік деп атауға болатынын айтқан балаларды мадақтайды. Картиналарды мұқият қарап шығуды ұсынады (8-кесте).
– картиналарда ненің суреті салынған? – Автобус нешеу? Трактор нешеуекен? Картинаданеше жүк көлігі бар? – Суреттегі заттарға қандай ортақ атау беруге болады? (Бұл – көлік) – Көліктің басқа қандайтүрлерін білесіңдер? (Мотоцикл, велосипед т. б.) —Мұнданеше автобус бар? (Біреу). Трактор нешеу? (Біреу) және т.б. Бүгін біз 1 санымен және цифрыментанысамыз. 1 туралыөлең оқып береді. 1-дің бейнесіне ұқсайтын суреттер көрсетуге болады. «1»-ге ұқсайтын бұл не? Ол – кәдімгі ине. Сабақтап жіп іл де, Қада онымен түйме. Дәптерлеріңді ашыңдар. 1-тапсырмада ненің суреті салынған? Жүк көлігі нешеу? Олқандайцифрмен белгіленген? Санға қараңдар. Олтуралытақпақтар тыңдаңдар (бір саны туралыбалаларбілетін 1-2 тақпақты айтады). – Дәптердегі жаңа шарттыбелгіні қараңдар және оны саусақпен сызып шығыңдар. Кәне, оң қолымыздағы (солақайлар сол қолын) сұқсаусағымызды дайындаймыз. Енді 1 цифрынын бойымен бірінші жоғары қарай, сосын төмен қарайсаусақпен сызамыз. Цифрлардың бәрін саусағымызбен сызыпшығайық. Ал енді қарындашымызды алып, цифрларды төменгі жағынан бастап сызамыз. Ізбе-ізділікті сақтаймыз. Қай жақтан бастап жазамыз? Саусағымыздыжаттықтырамыз (№1 технологиялық картаны қараңыз). Содан соң 2-тапсырманы орындауға кірісеміз. 1 цифрын тауып, оны калаған түспен бояймыз. |
Оларға көлік деген жалпы атау береді. Олардың әрқайсысы бір-бірден екенін анықтайды. 1 цифрымен танысады.
|
Дәптердегі 1 цифрын саусағымен алдымен жоғары қарай, сосын төмен қарай сызып шығады. Содан соң цифрларды қарындаш пен сызады.
Саусақтарды жаттықтырады. Әр бала өзі ұнататын түсті таңдап алады және бояйды.
|
||
Рефлек-сиялық-түзетуші-лік |
Сабақты қорытады. «Біз қандай санмен және цифрмен таныстық?» «Ауаға 1 цифрын «жазып» көріңдер. Енді оң аяқтың, сол аяқтың ұшымен еденге жазамыз». Балаларды мадақтайды. Бүгінгі және бұрынғы сабақтарда өткенді тиянақтау үшін 3-тапсырманы береді.
– Алдымен тапсырманы шартты белгі бойынша «оқимыз». Тиісті фигураларды жапсырыңдар. Содан соң мынадай сұақтарға жауап береміз: «Қай фигура бір-бірден? Бір-бірден берілген фигуралардың түсіқандай?» Әр баланы мадақтайды және устелдерініңүстін реттеулерін сұрайды. |
Ауаға және еденге 1 цифрын «жазады». Бір-бірден тұрған фигуралардытабады. 3-тапсырманы орындайды
Сабақты қорытады және жұмыс орнын реттейді. |
Күтілетін нәтиже:
біледі: 1 саны мен цифрын;
игереді: 1 цифрын дұрыс жазуды;
меңгереді: бір-бірден тұрған заттарды тауып, 1 цифрын тануды.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718