жастар мен заман
Күні: 15.02.2021жыл
Тобы: Ұлан
Тәрбиеші: А.Бекенова
Сыныптан тыс жұмыс
Тақырыбы: Жастар мен заман
Мақсаты: Оқушылардың бойына адамгершілік, имандылық тәрбие беру, ұлттық салт-санасын дамыту, тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сыныптан тыс жұмыс
Сабақтың әдісі: Әңгімелесу, сұрақ-жауап
Түзету жұмысы: Көз жаттығуларын жасату
Көрнекілігі: Слайд
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сыныптан тыс жұмысқа дайындау
Кіріспе: Еліміздің егемендік алып, мемлекет ретінде өзін әлемге танытып, өркениетке бағыт алған кезде елдің экономикалық дамуына басты назар аударылды да ұрпақ тәрбиесі, имандылық, мәдениеттілікті, тіл мәселелерін екінші орынға қоюда. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп атамыз қазақ айтқандай, бүгінгі жастар елдің болашағы екеніне бәріміз кәміл сенімдіміз. Олай болатын болса, біз бүгінгі жастардың бойынан ұандай қасиеттерді көргіміз келеді? Біз іздеген қасиеттер қазіргі жастардың бойында бар ма?-деген мазмұнда әңгіме өрбіткіміз келеді. Жастар қоғамымыздың жүрек дүрсілі, өзегі. Есігінен енді аттап отырған жаңа ғасырда ұлтымыздың өсуі де, өшуі де осы жастарға тікелей байланысты. Қазақ жастарының іс-әректіндегі бізлің ұлттық болмысымызға дақ түсіретін жақтары, яғни маскүнемдік, нашақорлық, балалар үйіндегң жетім балалар, қарттар үйіндегі үлкен ата-әжелерімізді көрген кезде әркімнің жүрегі ауыратыны белгілі.
Негізгі бөлім: Шынында да қазіргі жастар мейірімсіз болып бара жатыр Бірақ бес саусақ бірдей емес. Иә, көпке топырақ шашуға болмайды. Десекте, жаңа өзіңіз айтып кеткендей,жастардың мейірімсіз екендігінен балалар үйіндегі тастанды балалардык көргенде және қарттар үйіндегі ақ жаулықты әжелерді көргенде байқауға болады. Сол балалар үйіндегі, қарттар үйіндегі балалар мен ата-аналар бәрі қара көз қазақтар. Ал, қазақ ежелден ата-ананы, қарияларды сыйлай білген Оларды құдай санаған. Ал енді сол сыйластық қайда?
Қазір ол сыйластық емес-мейірімсіздік.
Біздің ұлттық санамызды батыс елінің жаман әрекеттері елітіп бара жатыр. -«Еккенің тікен болса, орғаның балауса болмас» деп аталарымыз айтып кеткендей, бүгінгі қоғамдағы жастарымыздың саналы, тәрбиелі болуы кімдердің қолында деп ойлайсыз? Сіздер ойлайсыздар ол мектептен, ата-анасының берген тәрбиесінен деп. Қандай ата-ана өз баласын жаман болсын деп тәрбиелейді. Ал, мектепке келсек, әрине мектепте балаға жақсы тәлім-тәрбие беруге ұстаздар қауымы ат салысуда. «Қызым үйде, қылығы түзде» демекші мектептен тыс жерде интернеттерде отырады, яғни батыстағы замандастарына көбірек еліктейді, кертартпа ағынына әуестігі басым батыстың кинофильмдерінің ықпалы зор, мұның бәрі идеологиялық қысым, оның құдыреттілігі албырт та, аңғыл жастардың санасын улайды.
Сондықтан олардың сана-сезімі уланғандықтан, психикасына әсер етіп, әр түрлі қылықтарға барады. Міне, соны бірі-мейірімсіздік осыдан келіп шығады.
«Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі»-демекші, әр бала кішкене кезінде ата-анасынан не көрсе, соны істейді. Мысалға алсақ, ата-анасы ұрлық жасаса, арақ ішіп баласын ұрып-соқса, сол бала өскенде жақсы, тәрбиелі азамат бола алмайтыны мәлім. Бүгінгі жаһандандыру үрдісінде әр ұлт, әр мемлекет өзіндік бет-бейнесін көрсетуге тырысуда. Келешек ұрпақты тәрбиелеуде осында жаңа айтылған атадан қалған өлмес мұра, мол қазынамыз салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымызды насихаттау арқылы келеңсіз мәселелердің алдын алуға болады деп ойлаймын. Неге десеңіз, өткенге көз жүгіртсек, біздің қазақ қоғамымызда ата-анаға қарамай кету, баланы тастау, шет елге сату деген болмаған. Ұлттық тәрбие деңгейі өте маңызды, жан-жақты жүргізілді. Бір баланы бір ауыл болып тәрбиелеген. Бала тәрбиесі көзден тыс қалмаған. Қазақ ауылында бала тәрбиесіне бүкіл ауылдың үлкендері, әсіресе қарттары араласқан. Үлкендер ауылдастарының өрескел мінез-құлықтарына ұрысып, зекіп тыиым салуға, ақыл айтуға, тіпті ретті жерінде ұруға да қақысы болған. Қазіргі таңда осындай қарттар жоқтың қасы. Осындай ата-дәстүрімізді бүгінгі жастар жадына сақтап, жалғастыра білуі қажет.
Қорытынды: Үлкенге құрмет, кішіге ізет танытып, саналы, өнегелі, отансүйгіш, рухы асқақ ұрпақ тәрбиесінің басты қаруы-халық тәрбиесінің қайнарының күретамырында екенін естен шығармайық. Бұл әсіресе, бүгінде тәуелсіз елімізді, көрікті жерімізді қорғап жүрген сарбаздарымыз бен сардарларымызға, әскери киім киіп жүрген апа-сіңілерімізге де тікелей қатысы бар.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718