“Бағдаршам”
«Бегім-Ана» бөбекжай-бақшасы
(Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі)
Тәрбиеші : Серкебаева М
Тобы: «Жұлдыз» МАД
Қызылорда қаласы, 2020-2021 оқу жылы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сурет салу
Тақырыбы: «Бағдаршам»
Мақсаты: Бағдаршам суретін дәстүрлі әдіс арқылы салуды уйрету. Жолда жүру ережесіне сәйкес бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру. Жолда жүру ережесін мұқият cақтауға, жауапкершілік сезімдерін дамыту. Ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.Құралдарын ұқыпты қолдануға тәрбиелеу.
Әдіс — тәсілі: Сурет салудың дәстүрден тыс әдіс-тәсілдері, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, сұрақ — жауап, 4К(коммуникативтілігі,креативтілігі,сыни ойлау,командада жұмыс)
Көрнекілігі: бағдаршам суреті,жол қауіпсіздігі туралы суреттер,үлгі суреттер,сурет салу құралдары,АКТ интерактивті тақтасы.
Оқу қызметінің барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
Шаттық шеңбер:
Ал балалар тұрайық
Алақанды соғайық
Алдыменен бәріміз
Амандасып алайық
Сәлеметсіздер ме!
— Балалар бүгін біз ашық оқу қызметінде ерекше бір жол құрылғысының сырларымен танысамыз.
— Балалар кәне мен сендерге жұмбақ жасырайын?
Жасыл көзі «жүр» дейді.
Қызыл көзі «тұр» дейді
Сары көзі «дайын бол» дейді.
Бұл не?
— Дұрыс айтасыңдар, балалар.!
Балалар:Бағдаршам.
-Өте дұрыс, бұл бағдаршам екен.
Бағдаршам бізге не үшін керек деп ойлайсыңдар?
Жолда жүру ережелерін бағдаршам болмай қалған жағдайда қалай реттеуге болады?
Бағдаршамның өандай түрлерін білесіңдер?
ІІ Негізгі бөлім
Тәрбиеші: Бағдаршам ережелерін реттеуші бізге жол қиылыстарынан өтуге көмектеседі. Жаяу жүрушілерді жол апатынан сақтайды. Жолдан өтерде өте мұқият болу керек. Жолдан жүгіріп өтуге болмайды.
Бағдаршамның үш көзі — үш түрлі. Бағдаршам бар қиылыста адамдар өтетін ақ жолақтар болады. Бағдаршамның қызыл көзі жанғанда көліктер тоқтайды, ал адамдар жаяу жүрушілер ақ жолақтармен өтеді.
— Ал, ортадағы сары көзі жанса, көліктер дайындалады.
— Ал жасыл көзі жанса, жол ашылады, көліктер жүреді. Бағдаршамның үш көзі жаяу жүргіншілерге және көлік пен жүруге де өте қолайлы, адам өміріне орасан зор.
Олай болса, көшеден өткенде арнайы ақ жолақтардан өту керек. Жол қиылысында аса абай бол, көшелерде, жолдарда доп ойнауға, шанамен сырғанап ойнауға, болмайды балалар.
–Олай болса,балалр, Көгілдір экранға назар аударамыз. Бағдаршам көздері жанбай қалыпты біз оған көздерін жағып көмектесейікші бағдаршамның суретін саламы
-Жарайсыңдар,балалар,олай болса, достарымыздың суреттерін орнымыздан тұрып,қарап, сүйкімді смайликтер арқылы бағалап жіберіңдер.
-Жұмыстарыңды көрмеге іліп қояйық және кімнің жұмысы жақсы бағаланғанын байқайық.
-Жарайсыңдар,балалар!
Бүгінгі оқу қызметіне белсенді қатыса білдіңдер!
Балалар біздің салған суреттеріміз бағдаршамға ұнадыма когілдір экранға қарайықшы.
-Жарайсыңдар балалар сендерге көп-көп рақмет сендер маған жақсы көмектестіңдер сау болыңдар балалар.
Бүгінгі жұмыстарды қаншалықты жақсы орындағандарыңды маған бағдаршамның көздеріне сәйкес көрсетіңдерші. Алдарыңда бағдаршамның 3 түсі тұр. Егер:
Бүгінгі берілген тапсырманы жақсы орындадым десең – жасыл түсті көтер.
Бүгінгі жұмысты жасауда қиналдым десең-сары түсті көрсет
Бүгінгі жұмысты жасау мен үшін қиын болды десең-қызыл түсті көтер.
-Жарайсыңдар,балалар! Бағдаршам жайлы тақпақ білесіңдер ме?
Нұркелді Үш түсті түрі бар
Жөн сілтер тілі бар
Бағдаршам дегеннің
Сырын жақсы біліп ал
Ақниет :Жол жүрудің тәртібін
Ережесін білеміз
Сақтағанда қатерден
Сау саламат жүреміз.
Жарайсыңдар,бүгінгі оқу қызметіміз аяқталды!Сау болыңдар,балалар!
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718